Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22891 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 56-бабының 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесі;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесі;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары.

      2. "Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 70 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19130 тіркелген, 2019 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 31 мамырдағы
№ 55 бұйрығына
1-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 56-бабының 4) тармақшаcына сәйкес әзірленді және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бәсекелес орта – квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, нарық субъектілері;

      2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган – (бұдан әрі – уәкілетті орган) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) мүдделі тұлғалар – құқықтары мен міндеттері Заңда қозғалатын және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша олардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жәрдем көрсете алатын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;

      4) оңтайландыру – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың штат санын қысқартуға, шығыстарын қысқартуға және (немесе) қайта бөлуге бағытталған, оның ішінде функцияларын бәсекелес ортаға беруге байланысты шаралар кешені;

      5) функцияларды пайдаланушылар – жеке және заңды тұлғалар.

      3. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары нарық дайын болған жағдайда бәсекелес ортаға жыл сайынғы негізде Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде мынадай жағдайларда беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе оның орынбасарласының тиісті тапсырмасы;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысының қолдаухаты.

      4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру:

      1) аутсорсинг;

      2) мемлекеттік тапсырма;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;

      4) пайдаланушылар есебінен беру;

      5) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ішінара берілген кезде, осы функциялар олардың құзыретінен алып тасталмайды. жүзеге асыру арқылы берілетін функциялары ішінара беруге жатады.

      6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаға беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен белгіленген мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібіне сәйкес мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беріледі.

      8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау арқылы, аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы берілетіндерді қоспағанда, бәсекелес ортаға беріледі және пайдаланушылар есебінен жүзеге асырылады.

      10. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру өзін-өзі реттейтін ұйымдардың дайындығы расталғаннан кейін қамтамасыз етіледі.

      Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға дайындығы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылар, орындаушылар және мемлекет үшін пайда мен шығынды айқындау мақсатында реттеушілік әсерге талдау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

      11. Бәсекелес ортаға беруге конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және оларды беру мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларды қоспағанда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары қаралады.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру тәртібі

      12. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларды бәсекелес ортаға беру үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі жұмыс жоспарын бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен:

      1) Кодекстің 56-бабы 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беруге іріктеу жүргізеді;

      2) Кодекстің 56-бабы 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесіне (бұдан әрі – НДТ әдістемесі) сәйкес нарықтың дайын болуына талдау жүргізеді;

      13. Функцияларды іріктеу қорытындылары бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының тізбесін (бұдан әрі – функциялардың тізбесі) қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14941 болып тіркелген) 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір функция бойынша паспорт (бұдан әрі – функция паспорты) толтырады.

      14. Функциялардың паспорттарын толтыру кезінде Кодекстің 56-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Функцияның құнын айқындау әдістемесі) сәйкес осы функцияның құны анықталады.

      15. Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялардың тізбесі мен паспорттары жыл сайын оныншы ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органның қарауына жолданады.

      16. Уәкілетті орган ағымдағы жылдың оныншы ақпанына дейін жолданған функциялардың тізбесі мен функциялардың паспорттары келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде функцияларды бәсекелес ортаға берудің орындылығы тұрғысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс консультацияларын жүргізеді және қажет болған жағдайда орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардан қосымша ақпарат сұрайды.

      17. Жүргізілген жұмыс консультациялардың нәтижелері бойынша уәкілетті орган ұсынымдар әзірлейді және функциялардың тізбесі мен функциялар паспортын пысықтау үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органға жібереді.

      18. Уәкілетті органның ұсынымдарын алған кезден бастап орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган он жұмыс күні ішінде функциялардың тізбесі мен функциялар паспортын пысықтап, оларды уәкілетті органға қайта жібереді.

      19. Уәкілетті орган мен "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы функциялардың тізбесі мен функциялар паспортын ресми хат түрінде келіскеннен кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган НДТ әдістемесіне сәйкес нарықтың дайын болуына талдау жүргізуді бастайды.

      20. Нарықтың дайын болуына талдау рәсімі аяқталғаннан кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға барлық құжаттарды, оның ішінде нарықтың дайын болуына талдауға сәйкес келтірілген функциялардың тізбесі мен функциялар паспорттарын Комиссия қарауына шығару үшін жолдайды.

      21. Уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялардың тізбесі бойынша қорытындыны дайындайды және құжаттарды Комиссияның қарауына шығарады.

      22. Комиссия бәсекелес ортаға берілетін мемлекеттік функциялардың функциялар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексереді, сондай-ақ:

      1) мемлекеттік функциялардың бәсекелес ортаға берудің орындылығы;

      2) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын орындау үшін жұмсалатын республикалық немесе жергілікті бюджеттің шығыстарын оңтайландыру;

      3) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын берген жағдайда болжамды шығыстар;

      4) мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруді жүзеге асыру жолын айқындау бойынша мәселелерді қарастырады.

      23. Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселесін қарау нәтижелері бойынша Комиссия:

      1) беру жолын көрсете отырып, мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру;

      2) мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруден бас тарту;

      3) бәсекелес ортаға берілетін мемлекеттік функциялардың тізбесін пысықтау ұсынымы туралы шешім шығарады.

      24. Егер Комиссия мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру ұсынымы туралы шешім қабылдаған жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген функцияларды бәсекелес ортаға беру жолдарына байланысты шараларды қабылдайды, сондай-ақ тиісті құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.

      25. Егер Комиссия мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруден бас тарту ұсынымы туралы шешім қабылдаған жағдайда, Комиссиямен қаралған мемлекеттік функциялардың функциялар тізбесі бәсекелес ортаға беруге жатпайды.

      26. Егер Комиссия бәсекелес ортаға берілетін мемлекеттік функциялардың функциялар тізбесін пысықтау ұсынымы туралы шешім қабылдаған жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган оны пысықтайды және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес оны Комиссияның қарауына қайта ұсыну бойынша шаралар қабылдайды.

      27. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган Функцияның құнын анықтау әдістемесіне сәйкес оңтайландыру тұрғысынан есептеулерге негізделген бюджет қаражатына оңтайландыру жүргізеді.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың функцияларын
бәсекелес
ортаға беру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру туралы қорытынды

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауы


Бәсекелес ортаға беруге ұсынылып отырған функция атауы


Мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға берудің орындылығы туралы шешім

(Ия/Жоқ).
Мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға берудің әсерін бағалаудың қорытынды мәнін көрсету.

Мүдделі тұлғалардың дайындығын жалпы бағалау

Мемлекеттік орган функциясын іске асыру үшін ең лайықты мүдделі тұлғаларды көрсету, оның ішінде өңірлер бөлінісінде көрсету.

Бәсекелес ортаға берілетін мемлекеттік орган функциясының құны бойынша шешім

Мемлекеттік орган есептеген функцияның құны________ мың теңге.
Мүдделі тұлғалар ұсынып отырған функцияның орташа құны _______мың теңге.
Екі құнды салыстыру және бәсекелес ортаға беру үшін функция құны бойынша шешімді көрсету.
Субсидиялау болған жағдайда субсидия процентін көрсету.

Мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға берудің сценарийі

Функцияны кезең-кезеңімен беру туралы шешім болған жағдайда, беру мерзімдерін көрсету.

Функцияны бәсекелес ортаға беру жөніндегі қорытынды шешімді дайындау бойынша түсініктемелер

      Мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға берудің орындылығы мемлекеттік функцияны берудің мемлекетке, мүдделі тұлғаға және тұтынушыларға әсерін қорытынды бағалау негізінде айқындалады.

      Функцияны бәсекелес ортаға беру туралы шешім қабылдау кезінде функцияның құны туралы ақпарат мынадай түрде есепке алынады:

      1) егер функцияларды орындаушы ұсынатын функцияның орташа құны мемлекеттік орган есептеген функцияның құнынан төмен немесе тең болса, функцияны іске асыру үшін бәсекелес ортаға беру ұсынылады;

      2) егер мүдделі тұлға ұсынатын функцияның орташа құны мемлекеттік орган есептеген функцияның құнынан артық болса, функцияны бәсекелес ортада іске асыру үшін беру ұсынылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 31 мамырдағы
№ 55 бұйрығына
2-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 56-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аутсорсинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аутсорсинг – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын шарттар жасасу арқылы жүзеге асыру үшін оларды бәсекелес ортаға беру;

      2) аутсорсер – мемлекеттік орган функцияларының жекелеген түрлері аутсорсинг арқылы орындауға берілетін кәсіпкерлік субъектілері мен оның бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) форс-мажор – арнайы инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалар және тағы басқалары).

      3. Аутсорсингті жүзеге асыру кезінде функция орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен алынып тасталмайды.

      4. Аутсорсингке орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы және оларды беру мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялары жатпайды.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру тәртібі

      5. Мемлекеттік органдардағы аутсорсинг орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру туралы Комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларына сәйкес қабылданған шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      6. Аутсорсингті жүзеге асыру үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган аутсорсингке жауапты құрылымдық бөлімшені анықтайды.

      7. Құрылымдық бөлімше тиісті конкурстық құжаттаманы дайындайды, оның негізінде мемлекеттік органдар функцияларының жекелеген түрлерін аутсорсингке беруге конкурс өткізіледі.

      8. Конкурстық құжаттамада мыналар көрсетіледі:

      1) аутсорсинг келісімшартының жалпы құны;

      2) функцияларды орындаушылардың төлемдер мерзімі мен мөлшері;

      3) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің жеке түрі бойынша алушылардың талаптарын оның сапасына қою және жою шарттары;

      5) төтенше жағдайлардан кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің жеке қызмет түрін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдардың шарттары;

      6) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің белгілі бір функциясы түрін уақтылы немесе сапасыз ұсынғаны үшін айыппұлдарды өндіріп алудың мөлшері мен шарттары;

      7) форс-мажор жағдайлары кезіндегі жауапкершілік;

      8) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің белгілі бір қызмет түрінің алушысының персоналына немесе мүлкіне зақым келген жағдайда өтемақы;

      9) үшінші тараптың алушыға орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің белгілі бір қызмет түрін уақтылы немесе сапасыз ұсынуынан туындаған талаптары болған жағдайда өтемақы;

      10) берілген функцияларды сапасыз және уақтылы орындамаған жағдайда аутсорсингті жауапкершілікке тарту;

      11) Кодекстің 54-бабында белгіленген тәртіппен орындаушымен жасалған шарт бұзылған кезде функцияларды қайтару.

      9. Конкурстық құжаттама осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптардан басқа келесі талаптарды қамтиды:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің белгілі бір қызмет түрінің атауы мен сипаттамасы;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің жеке функциясы түрін қамтамасыз ету нәтижелері (түпкілікті және аралық);

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің жеке қызмет түрін ұсыну тәртібінің сипаттамасы;

      4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің белгілі бір қызмет түрінің сандық және сапалық көрсеткіштері;

      5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің нақты бір қызмет түрінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесі;

      6 орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің жеке қызмет түрін ұсыну орны мен мерзімі;

      7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингінің жеке функциясының тарифтері мен құнын есептеу тәртібі.

      10. Аутсорсинг Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурс негізінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының жекелеген түрлерін беру туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 31 мамырдағы
№ 55 бұйрығына
3-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1.Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 56-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеудің жалпы әдістерін белгілейді.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ажырамас мемлекеттік функциялар – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциялары (конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және оларды беру мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялар немесе стратегиялық функциялар немесе мемлекеттік мәжбүрлеу құқығын жүзеге асыруға байланысты немесе мемлекеттік меншікке билік ету құқығымен байланысты немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бойынша халықаралық міндеттемелер мен міндеттемелер шеңберінде жүзеге асырылатын функциялар;

      2) мемлекеттік мәжбүрлеу – мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық әсер ету шараларының жиынтығы;

      3) мемлекеттік органның функциясы – мемлекеттік органның қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыруы;

      4) стратегиялық функциялар – жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар;

      5) функцияның паспорты – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының мазмұны, орындаушылары мен құны туралы негізгі ақпаратты жүйелі түрде ұсыну нысаны;

      6) функцияларды синтаксистік талдау – зерттеліп отырған мемлекеттік орган функцияларының қолданыстағы (Қазақстан Республикасы заңнамасында және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган және (немесе) оның ведомстволары және (немесе) аумақтық органдарының ережелерінде қамтылған) тұжырымдарын мемлекеттік функцияны бірыңғай тұжырымдау стандартына сәйкестендіру;

      7) функцияның тізілімі – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар іске асырылатын функциялардың барлық тізімі.

      3. Функцияларды іріктеудің негізгі критерийлері:

      1) халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндігі;

      2) нарықтың дайындығы немесе бәсекелестік ортаның болуы;

      3) нарықты дамыту әлеуеті.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу

      4. Функцияларды іріктеу мыналар арқылы жүзеге асырады:

      1) бәсекелес ортаға беру үшін функциялар тізілімін қалыптастыру;

      2) ) функцияларды синтаксистік талдау;

      3) ажырамас мемлекеттік функцияларды функциялар тізілімінен шығару;

      4) басқа мемлекеттік орган жүзеге асыратын функцияларды алып тастау.

      5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функциялардан бәсекелес ортаға беру үшін функциялар тізілімін қалыптастырады және осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімдейді.

      6. Егер орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган биліктің бірнеше салаларында (тармақтарында) функцияларды жүзеге асыратын болса, онда функциялар тізілімі билік салаларының (тармақтарының) аясында жасалады.

      7. Функциялар тізілімі негізінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларды оңтайландыру және олардың тұжырымдамаларының мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында функцияларды синтаксистік талдау жүргізеді.

      8. Функциялардың синтаксистік талдау Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14941 болып тіркелген, бұдан әрі – мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Функцияларға синтаксистік талдау жүргізгеннен кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциялар тізілімінен олардың мақсаты бойынша интегралды мемлекеттік функциялар, сондай-ақ функциялар, тұтынушы (тікелей нәтижелерді алушы) болып саналатын функцияларды шығарады ) басқа мемлекеттік орган болып табылатын немесе басқа мемлекеттік орган жүзеге асыратын, өйткені олар бәсекелес ортаға беру үшін қарастырылмайды.

      10. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларды іріктеу нәтижелері бойынша осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылған функциялардың тізбесін (бұдан әрі – функциялар тізбесі) қалыптастырады, және мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемесіне 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір функция бойынша паспорт (бұдан әрі – функцияның паспорты) толтырады.

  Орталық және (немесе)
жергілікті
атқарушы органдардың
функцияларын
бәсекелес ортаға беру үшін
іріктеу
әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін функциялар тізілімі

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың тиісті заңнамалық актідегі
функциясы

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциясын айқындайтын
заңнамалық актінің атауы (баптарын, тармақтарын көрсете отырып)

Мемлекеттік орган, оның ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелердегі орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциясы

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциясын айқындау (жолдарын көрсете отырып)

1





2









Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның іс жүзінде іске асыратын,
бірақ қолданыстағы заңнамада көзделмеген функциялар

1


2



  Орталық және (немесе)
жергілікті
атқарушы органдардың
функцияларын
бәсекелес ортаға беру үшін
іріктеу
әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функцияларының тізбесі

Өзгертілген функциялар тізіліміндегі орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функциясының атауы

Функцияны беру нысаны







  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 31 мамырдағы
№ 55 бұйрығына
4-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының құнын есептеудің (бұдан әрі – функциялардың құнын есептеу) жалпы әдістерін белгілейді.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жоспарлы кезең – үш қаржы жылы;

      2) күрделі шығыстар – бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға не нығайтуға, күрделі жөндеу (қалпына келтіруді) жүргізуге және өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар;

      2) үстеме шығыстар – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыру процесіне жанама түрде жататын, бірақ ағымдағы басқарумен не функцияны іске асыру шеңберінде қызметіне көмек көрсетумен байланысты шығыстар;

      3) функциялардың құнын есептеу – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияның орындалу құнын есептеу нысаны;

      4) шығыстардың стандартты факторы – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында анықталған көрсеткіш.

      3. Функциялардың құнын есептеу жүргізу мына қағидаттарға негізделеді:

      1) шығыстарды толықтай есепке алу, оған сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру үшін қажетті ағымдағы шығыстардың барлық түрлері анықталып, ескерілген;

      2) жасалған операциялардың шынайылығы мен оларды есептемелер көрсету кезінде қателердің болмауын қамтамасыз ететін анықтық;

      3) пайдаланушы үшін шығыстарды есептеудің ақпараттық мазмұны, оған сәйкес есептеу нәтижелері орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның белгілі бір функциясын орындау қанша тұратыны туралы нақты түсінік көрсетеді;

      4) салыстырмалылық, оған сәйкес мемлекеттік органның функциясын іске асыруға жұмсалған шығыстардың көлемі туралы деректер әртүрлі кезең ішінде салыстырмалы болады.

      4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын іріктегеннен кейін Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14941 болып тіркелген) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір функция бойынша паспортты (бұдан әрі – функция паспорты) толтыру кезінде функция құнының есебін жүргізеді.

      5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы мемлекеттік органның әрбір функциясы бір немесе одан да көп мемлекеттік қызметшілер жүзеге асыратын нақты жұмыспен (операциямен) сипатталады.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын есептеу

      6. Функцияның құнын есептеу:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның жоспарланған кезеңге арналған бюджеті;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның жоспарланған кезеңге арналған бюджеттік өтінімі;

      3) ведомстволық бағынысты ұйымдарды ескере отырып, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың штат кестесі негізінде жүргізіледі.

      7. Функцияның құнын есептеу:

      1) функцияны іске асыру бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері орындайтын негізгі іс-шараларды (операцияларды) белгілеу;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын, сондай-ақ орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындауға тікелей қатысатын мемлекеттік қызметшілер санын орындау;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын және басқа да жұмыстарды орындауға нақты мемлекеттік қызметшінің жұмсайтын уақытын айқындау (аптасына немесе күніне сағат саны);

      4) әрбір іс-шара (операция) бойынша шығыстар сомасын және ресурстар құнын айқындау арқылы жүргізіледі.

      8. Әрбір мемлекеттік қызметшінің лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын орындауға жұмсаған уақытын айқындау үшін мынадай әдістер пайдаланылады:

      1) хронометраж;

      2) жұмыс күніне шолу;

      3) мемлекеттік қызметшілерге пікіртерім жүргізу.

      9. Алдыңғы кезеңдегі уақыт шығындары туралы статистикалық есептердің деректері, жұмыс уақытының пайдаланылуын байқау материалдары, сараптамалық бағалау нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметкерлерінің тәжірибесі орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындау бойынша пайдаланылады.

      10. Функция құнын есептеу кезінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындауға байланысты ағымдағы шығыстар ескеріледі. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындау құнын есептеудегі күрделі шығыстар қосылмайды.

      11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының құнын жүргізілген есептеу нәтижелері осы Әдістемеге 1–қосымшаға сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру құнын есептеу нысанында (бұдан әрі - ФҚЕ нысаны) көрсетіледі және функциялар паспортына қоса беріледі.

      12. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру құнына:

      персоналға бөлінетін шығыстар;

      қорларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға арналған материалдық шығыстар;

      үстеме шығыстар;

      басқа да ағымдағы шығыстар;

      қосымша шығыстар;

      орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыруға бөлінетін шығыстар кіреді.

      13. Шығыстардың түрлері бойынша есеп айырысулар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындау кезеңінің әрбір жылына қалыптастырылады.

      14. Функцияның құны функцияның паспортында көрсетіледі.

1-параграф. Персоналға бөлінетін шығыстарды бөлу

      15. Функцияны орындау кезінде ішінара тартылған мемлекеттік қызметшілер бойынша мемлекеттік орган персоналға жұмсалатын шығыстарды есептеуді пропорционалды түрде жүргізеді.

      16. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындау кезінде толық тартылған қызметшіге жататын персоналға арналған шығыстар функцияны орындау құнына толық көлемде қосылады.

      17. Персоналға жұмсалатын шығыстарды есептеу (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірі,1-жол) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыруға тікелей қатысатын мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге жұмсалатын шығыстарды көрсетеді.

      18. Персоналға жұмсалатын шығыстар:

      1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабы 10-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес айқындалатын еңбекақы төлеуді қамтитын жалақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік аударымдар жататын еңбекақы төлеу қорынан аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары, салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да ұстап қалуларды;

      3) үстеме жұмыс үшін де ынталандыру сипатындағы төлемдер;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге берілетін сауықтыру жәрдемақыларын қамтитын өтемақы төлемдері, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өтемақы төлемдері, біржолғы жәрдемақыларды қамтиды.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындау құнын тиісті кезеңде есептеу кезінде жалақы мөлшерлемелерінің өзгеруін ескереді.

      19. Егер функцияны орындау құнын есептеуден кейін жалақы мөлшерлемелерінің өзгеруі туралы шешім қолдау таппаса, онда орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган есептеуді қайта жүргізеді.

2-параграф. Қорларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстарды есептеу

      20. Қорларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстарды есептеу (ФҚЕ нысаны, реттік нөмір 2-жол):

      1) материалдық қорларды сатып алуға;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      3) байланыс қызметтеріне ақы төлеуге;

      4) көлік қызметтеріне ақы төлеуге;

      5) үй-жайларды жалға алу ақысын төлеуге;

      6) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды қамтиды.

      21. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган қорларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардың есебін дайындайды және қорлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыру үшін қажет болған жағдайда, көрсетілген шығыстарды ФҚЕ нысанында (реттік нөмірі 2-жол) көрсетеді.

      22. Материалдық қорларды сатып алуға жұмсалатын шығыстарға шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарағын, қосалқы бөлшектерді, құрылыс материалдарды сатып алу кіреді.

      23. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шығыстарына ыстық су, суық су, кәріз төлемдері, газ және оны тасымалдау, электр энергиясы, жылу энергиясы үшін төлемдер кіреді.

      24. Коммуналдық көрсетілетін қызметке ақы төлеуді есептеу кезінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындау құнына жұмсалатын шығыстарды бөлу мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің жалпы санында функцияны тікелей орындайтын персонал үлесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл жағдайда коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы есептелген үлеске көбейтіліп, ФҚЕ нысанының реттік нөмірі 2-жолына енгізіледі.

      25. Байланыс қызметтеріне ақы төлеу шығыстарына телефон, ұялы байланыс, қалааралық сөйлесулер, пошта-телеграф шығыстары, факс, электрондық пошта, интернет үшін абоненттік төлемдер кіреді.

      26. Көлік қызметтеріне жұмсалатын шығыстарға заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік мекемелерге көрсететін қызметтердің құны кіреді.

      27. Кеңсе тауарларын, сондай-ақ функцияны орындау процесінде пайдаланылатын басқа материалдық қорларды сатып алуға жұмсалған шығыстарды есепке алу оларды функцияны орындау кезінде нақты пайдалану бойынша жүргізіледі.

      28. Қорларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру процесіне толығымен жататын болса, шығыстар функцияны іске асыру құнына толық көлемде кіреді.

      29. Қорлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын орындау процесінде толығымен пайдаланылмаса, шығыстарды ресурстар бойынша барабар бөлу әдісі қолданылады.

3-параграф. Үстеме шығыстар

      30. Үстеме шығыстарды есептеу (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірі 3-жол) шығыстардың екі санатын: әкімшілік шығыстар және қызмет көрсету шығыстарын қамтиды.

      31. Әкімшілік шығыстар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру жөніндегі қызметке басшылық етуге байланысты.

      Шығыстардың бұл санатына мыналар жатады: басқару персоналының жалақысы, еңбек ақы төлеу қорынан аударымдар, ынталандыру, көтермелеу сипатындағы ақшалай төлемдер мен өтемақы төлемдері.

      32. Қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар көмекші қызметтерді (бухгалтерия, кадр, заң, әкімшілік-шаруашылық қызмет, IT технологиялар (ішкі істер органдары үшін қоспағанда), ішкі бақылау қызметтері мен бұқаралық ақпарат құралдары) ұстауға жұмсалатын шығыстарды қамтиды.

      Бұл қызметтердің қызметкерлері орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыруға тікелей қатыспайды, алайда олардың қызметі оны орындау үшін қажет.

      33. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган ФҚЕ нысанының реттік нөмірі 4-жолында көрсетілген үстеме шығыстарды көрсетеді. Үстеме шығыстар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асырудың әрбір кезеңі бойынша ФҚЕ нысанының реттік нөмірі 1-жолында көрсетілген персоналға жұмсалатын шығыстарды 10 пайызға көбейту арқылы айқындалады (үстеме шығыстар коэффициенті).

4-параграф. Басқа да ағымдағы шығыстар

      34. Басқа ағымдағы шығыстарды есептеу (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірі 4-жол) егер олар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру кезінде қажет болған жағдайда ғана, құнды есептеу кезінде ескеріледі.

      35. Басқа ағымдағы шығындарға:

      1) іссапарға;

      2) жеке тұлғалар трансферттеріне;

      3) банктік көрсетілетін қызметтерге шығындар кіреді.

      36. Іссапарлар мен қызметтік сапарларға жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасы шегіндегі және одан тыс жерлердегі қызметтік іссапарларға жұмсалатын шығыстарды қамтиды. Егер қызметтік іссапарлар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру үшін қажетті негізгі іс шаралар ретінде көзделген жағдайда, бұл шығыстар құнды есептеуде ескеріледі.

5-параграф. Қосымша шығыстар

      37. Қосымша шығыстардың есебі (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірі 5-жол) ФҚЕ нысанының реттік нөмірлері 1-4 жолдарында ескерілмеген және (немесе) жатқызылмаған шығыстар көрсетіледі.

      Осы шығыстарды көрсету кезінде мемлекеттік орган оларды есептеудің негізгі қағидаттары мен әдістері көрсетілген қосымша құжаттама ұсынады.

      38. Функцияны іске асыру шеңберінде орындалатын негізгі іс-шараларда заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтер, тауарлар мен жұмыстар көзделсе (мердігерлерді тарту), қосымша шығыстар сомасына орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган мен функцияларды орындаушы арасында жасалған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу шартының құны енгізіледі.

      39. Консалтингтiк көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге және зерттеулер жүргізуге жұмсалатын шығыстар қосымша шығыстарға қосылады.

6-параграф. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясын іске асыруға жұмсалатын шығыстар

      40. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын орындауға жұмсалатын шығыстар ФҚЕ нысанының реттік нөмірі 6-жолында көрсетіледі және ФҚЕ нысанының реттік нөмірлері 1-5 жолдардың сомасы болып табылады.

      41. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындауға үш жылдық кезең ішінде жұмсалатын шығыстар сомасы (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірлер 1-6-жолдар, 6-баған) ФҚЕ нысанының реттік нөмірлері 3, 4 және 5-бағандарында көрсетілген шығыстарды қосу арқылы айқындалады.

      42. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыру құнын есептеу кезінде осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стандартты факторлардың негізгі түрлері мен шығу көздерін қолданады.

3-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде бюджет қаражатын және мемлекеттік қызметшілердің штат санын оңтайландыру.

      43. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штат санын оңтайландыру тұрғысынан есептеулердің негізінде бюджет қаражатын оңтайландыру жүргізіледі. Бұл ретте орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын қайта бөлуге оларға қосымша функциялар жүктелген жағдайларда ғана жол беріледі.

      44. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штат санын оңтайландырудың есептемесін әзірлейді.

      45. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бюджет қаражаты мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штат санын оңтайландырудың әзірленген есептеме қорытынды бойынша ақпаратты бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда жіберіледі.

      46. Уәкілетті орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген, оңтайландыру тұрғысынан ұсынылған есептеме бойынша қорытындыны он жұмыс күні ішінде осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысанда әзірлейді және береді.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін
ұсынылатын функциясының
құнын айқындау әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын іске асыру құнын есептеу

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясының атауы


Орталық атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы


  мың. теңге

Жол

Атауы

Функцияны іске асыру кезеңі

Барлығы

Бірінші жыл

Екінші жыл

Үшінші жыл

1

2

3

4

5

6

1.

Персоналға бөлінетін шығыстар





2.

Қорларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға бөлінетін шығыстар





3.

Үстеме шығыстар





4.

Басқа да ағымдағы шығыстар





5.

Қосымша шығыстар





6.

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыруға бөлінетін шығыстар





Орталық атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган басшысының қолы:

Күні:

Қолдың толық жазылуы:


Орындаушы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

Орындаушының телефоны:

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциясының құнын айқындау
әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Шығыстардың стандартты факторларының негізгі түрлері және пайда болу көздері

р/с

Атауы

Көздері

1.

Инфляция

Қазақстан Республикасының 5 жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

2.

Айлық есептік көрсеткіш

Жоспарланған кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

3.

Ең төмен күн көріс деңгейі

4.

Салықтар мөлшерлемелері

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)

5.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

6.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

"Міндетті медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

7.

Заттай нормалар

Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісі

8.

Үстеме шығыстар коэффициенті

Мемлекеттік органның қаржылық есептемелері

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін
ұсынылатын функциясының
құнын айқындау әдістемесіне
3-қосымша
  Нысан

Бюджет қаражаты мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штат санын оңтайландырудың әзірленген есептеме қорытынды бойынша ақпарат

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының атауы

Функцияларын бәсекелес ортаға беруге байланысты орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын қысқарту және (немесе) қайта бөлу (қаражат сомасы)

Лауазымдардың санаттары мен атауын көрсете отырып, штат санын қысқарту көлемі

1.




2.




3.




4.




Барлығы:




  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциясының құнын айқындау
әдістемесіне
4-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген, оңтайландыру тұрғысынан ұсынылған есептеме бойынша қорытынды

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауы


Функция атауы


Оңтайландыру тұрғысынан әзірленген есептеме қорытындысы бойынша ақпараттың толтыру сапасы


Шығыстарды қысқарту және (немесе) қайта бөлу (қарастырылады / қарастырылмайды)


Штат санын қысқарту (қарастырылады / қарастырылмайды)


      Қорытынды:

      Қолы _____________ Күні "__"__________202__ж.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 31 мамырдағы
№ 55 бұйрығына
5-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау (бұдан әрі – нарықтың дайындығын талдау) жүргізудің жалпы әдістерін белгілейді.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жоспарлы кезең – үш қаржы жылы;

      2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) негізделген баға – негізделген нақты шығындар мен орындаушы функцияларының негізінде анықталған баға;

      4) мүдделі тұлғалар – құқықтары мен міндеттері Заңмен қозғалатын және кәсіпкерлік субъектілері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуын талдау жүргізу

      3. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бәсекелес ортаға беру тұрғысынан қаралатын мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша мүдделі тұлғалар тарапынан ұсыныстың ағымдағы жай-күйін айқындау мақсатында нарықтың дайындығына талдау жүргізеді.

      4. Нарықтың дайындығын талдау:

      1) уәкілетті орган келіскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бәсекелес ортаға беру және мүдделі тұлғалардан өтінімдер жинау үшін ұсынылатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының тізбесін жария орналастыруды жүргізу;

      2) бәсекелес ортада орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға дайын мүдделі тұлғалардан өтінімдердің болуы немесе болмауы туралы қорытынды қалыптастырылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларын орындауға ниетті мүдделі тұлғаларға ақпарат туралы сұрау салуды жіберу;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың нарықтың дайындығы туралы қорытынды (бұдан әрі – нарықтың дайындығы туралы қорытынды) дайындауды қамтамасыз етуі);

      4) нарықтың дайындығы туралы қорытынды қалыптастырылған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде нарықтың дайындығы туралы қорытындыны қарау үшін халықпен, оның ішінде мүдделі тұлғалармен қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы жүргізіледі.

      5. Уәкілетті орган мен "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келіскеннен кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын (оның ішінде уәкілетті органның ұсынымдары ескеріле отырып пысықталған) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының тізбесін уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында өтінімдерді жинау үшін отыз күнтізбелік күнге дейін жариялауды қамтамасыз етеді.

      6. Кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша ұсыныстарын жинауды, талдауды және жариялауды жүзеге асырады.

      7. Бәсекелес ортаға берілетін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын орындау ниеті туралы мүдделі тұлғалардың өтінімдері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға ұсынылады.

      8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциялар тізбесін жариялау кезеңі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларын орындауға ниетті мүдделі тұлғалардан өтінімдердің болуы немесе болмауы туралы қорытынды қалыптастырады.

      9. Аудандар, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер деңгейінде жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асыру үшін мүдделі тұлғалардың өтінімдерінің болуы немесе болмауы туралы қорытындыны облыстың жергілікті атқарушы органы (әкімдігі) орталықтандырып қалыптастырады.

      10. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығын айқындау үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларын орындауға ниетті барлық мүдделі тұлғаларға осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бәсекелес ортада функцияларды іске асыруға қазақ және орыс тілдерінде сұрау салуды жіберуді жүзеге асырады.

      11. Ақпарат жөніндегі сұрату функцияларды орындаушылардан мынадай бағыттар бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асыруға олардың дайындығы туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) алуды көздейді:

      1) функцияларды орындаушылар қызметінің нысанасы, оның ішінде беруге мемлекеттік функциялармен аралас немесе ұқсас қызметті іске асыру практикалық тәжірибесінің болуы;

      2) мемлекеттік функцияларды іске асыру үшін қажетті ресурстардың, оның ішінде білікті персонал мен инфрақұрылымның болуы;

      3) функцияларды пайдаланушылар үшін мемлекеттік функцияларды іске асырудың жоспарланатын құны мен бағасы;

      4) мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортада жүзеге асыруды жақсарту бойынша ұсыныстар.

      12. Мүдделі тұлғалардан ақпарат орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес сауалнамада көрсетілген сұрақтарға жауаптар түрінде ұсынылады.

      13. Мүдделі тұлғалардың ақпаратын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға ұсыну мерзімі ұсынымды сайтта орналастырған күннен бастап отыз күнтізбелік күнін құрайды немесе орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардан ұсыным алған күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

      14. Нарықтың дайын болуы туралы қорытынды әрбір жеке мемлекеттік функция бойынша осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүдделі тұлғалардан ақпарат алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде толтырылады және халықпен, оның ішінде мүдделі тұлғалармен өткізілетін қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

      15. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде нарықтың дайындығы туралы қорытындыны пысықтайды және бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларының тізбесін оған сәйкес келтіреді, содан кейін осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нарықтың дайындығына жүргізілген талдауға сараптамалық қорытынды беру үшін уәкілетті органға жібереді.

      16. Уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде нарықтың дайындығы туралы қорытындыны қарайды және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға олар жүргізген нарықтың дайындығын талдауға сараптамалық қорытынды береді.

      17. Уәкілетті органның сараптамалық қорытындысын алған кезде Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган он жұмыс күні ішінде нарықтың дайындығы туралы қорытындыны пысықтайды және оларды уәкілетті органға қайта жібереді.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциялары бойынша
нарықтың дайын болуына
талдау жүргізу әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға берілетін функцияларын орындау ниеті туралы мүдделі тұлғалардың өтінімі

Мүдделі тұлға

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға берілетін функциялары

Негіздеме





















  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциялары бойынша
нарықтың дайын болуына
талдау жүргізу әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Бәсекелес ортада орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға дайын мүдделі тұлғалардан өтінімдердің болуы немесе болмауы туралы қорытынды

Бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын бәсекелес ортадағы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының атауы

Өтінім
(күні, нөмірі)

Өтініш берушінің атауы

Өтінім болмаған жағдайда ескерту


























  Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына
  талдау жүргізу әдістемесіне
  3-қосымша
  Нысан
  Адресат

Бәсекелес ортада функцияларды іске асыру бойынша сұрау салу

      Сұрату күні:_________

      Осы сұратудың мақсаты нарықты және мемлекеттік функцияны іске асыруға дайын функцияларды орындаушыларды алдын ала талдау болып табылады.

      Осы ақпарат жөніндегі сұрату тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы хабарлама болып табылмайды, сонымен қатар Кәсіпкерлік кодексте көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау аясында сұрау салу болып табылмайды.

      Мемлекеттік орган ақпаратты сұрату қорытындылары бойынша функцияларды орындаушылардың ешқайсысымен шарттар жасау бойынша міндеттемелер алмайды.

      Сізден төменде ұсынылған сауалнаманы толтыруды сұраймыз.

САУАЛНАМА

      1. Мүдделі тұлғалар туралы жалпы ақпарат

Ұйымның атауы

Ұйымның толық атауын және оның ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету

Орналасқан жері

Филиалдарының мекенжайларын қоса отырып, ұйымның толық мекенжайын көрсету

Құрылған күні


Көлемі/штаты


Қаржылық жағдайы

Мүдделі тұлғалардың қаржылық жағдайын көрсету

      2. Мүдделі тұлғалар қызметінің нысаны

Қызмет нысанасы

Қызметінің негізгі түрлерін, оның ішінде беруге мемлекеттік функциямен аралас/ұқсас қызмет түрлерін сипаттау

Пікірлердің болуы

Клиенттер ұсынымдарын ұсыну (бар болған жағдайды)

      3. Мемлекеттік функцияны іске асыру үшін қажетті ресурстардың болуы туралы ақпарат

Мемлекеттік функцияны іске асыру үшін қажетті білікті кадрлардың бар болуы

Мүдделі тұлғаның біліктілігін көрсету
Компанияда бар лицензияларды, сертификаттарды көрсету

Мемлекеттік функцияны іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымның бар болуы

Мемлекеттік функцияны іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымның бар болуын көрсету

      4. Мүдделі тұлғалар ұсынып отырған мемлекеттік функцияны іске асырудың құны мен құнытуралы ақпарат

Іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік функцияның толықтығы

Мүдделі тұлғалар функция шеңберінде орындауды жоспарлап отырған функцияның барлығын жалпы немесе белгілі бір іс-шараларды көрсету

Мемлекеттік функцияны іске асыруға тартылатын жоспарлы қызметкерлер саны

Функцияны/іс-шараны іске асыруға тартылатын қызметкерлер санын көрсету

Мемлекеттік функцияны іске асыруға ұсынып отырған бағасы

Функцияны іске асыруға ұсынып отырған бағаны көрсету.
Сауалнамаға 1-нысан бойынша функцияны іске асыру бағасының есебін қоса тіркеу қажет

Тұтынушылар үшін ұсынылатын функция бағасы

Тұтынушыларға арналған бағаны көрсету.
Сауалнамаға 2-нысан бойынша тұтынушылар үшін функция бағасының есебін (негіздемені) қоса тіркеу қажет

      5. Мемлекеттік функцияны іске асыруды жақсарту бойынша ұсыныстар

Мемлекеттік функцияны іске асыруды жетілдіру бойынша ұсыныс

Функцияны іске асыруды жақсарту үшін пайдаланылатын инновациялық тәсілдерді сипаттау

Функцияны іске асыру бойынша өзге ұсыныстар/түсіндірмелер


      Мүдделі тұлғаның бірінші басшысы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): Орындаушы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      Орындаушының телефоны:

      Күні:

Мүдделі тұлғаның функцияны іске асыру құнының есебі

  2-нысан.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының атауы

      ..................................................................

      Мүдделі тұлғаның атауы

      ........................................................ ..........

  Өлшем бірлігі:

      мың теңге

р/с №

Атауы

Функцияны іске асыру кезеңі

Жиыны

Біріншіжыл

Екінші жыл

Үшінші жыл

1

2

3

4

5

6

1.

Еңбекақы төлеу шығыстары





2.

Әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар және өзге салықтар





3.

Материалдық шығыстар





4.

Коммуналдық қызметтер





5.

Жөндеу және негізгі құрал-жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты шығыстар





6.

Байланыс бойынша шығыстар





7.

Жалға алу бойынша шығыстар





8.

Іссапар шығыстары





9.

Негізгі құралдардың амортизациясы





10.

Есептік пайда





11.

Өзгелері





12.

Функцияны іске асыру шығыстарының ЖИЫНЫ





      Ескерту: негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер көрсетіледі

      Мүдделі тұлға басшысының қолы                                    Күні:

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      Орындаушы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):      Орындаушының

      телефоны:

Тұтынушылар үшін функция бағасының есебі (негіздемесі)

  2-нысан.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының атауы

      ...................................................................................

      Мүдделі тұлғаның атауы

      ....................................................................................

  Өлшем бірлігі: мың теңге

р/с №

Шығыстар атауы

Функцияны іске асыру кезеңі

Біріншіжыл

Екінші жыл

Үшінші жыл

1.

Еңбекақы төлеу шығыстары




2.

Әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар және өзге салықтар




3.

Материалдық шығыстар




4.

Коммуналдық қызметтер




5.

Жөндеу және негізгі құралдарға қызмет көрсетуге байланысты шығыстар




6.

Байланыс бойынша шығыстар




7.

Жалға алу бойынша шығыстар




8.

Іссапар шығыстары




9.

Негізгі құралдардың амортизациясы




10.

Есептік пайда




11.

Өзгелері




12.

Функция бір бірлігі бағасының ЖИЫНЫ





Мүдделі тұлғаның қолы:
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

Күні:

Орындаушы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

Орындаушының телефоны:

Мүдделі тұлғаның сауалнаманы толтыруы бойынша түсіндірме жазба

      Мүдделі тұлғаның сауалнамасы (бұдан әрі – Сауалнама) мынадай түрде толтырылады.

      Сауанаманың 1-тармағында ұйымның толық атауын, ұйымдық-құқықтық нысанын филиалдарының мекенжайларымен қоса ұйымның толық мекенжайын (аудан және елді-мекен) көрсету қажет. Сонымен қатар, ұйымның құрылу күнін, ағымдағы штатты және ұйымның қаржылық жағдайын көрсету қажет.

      Сауанаманың 2-тармағында мемлекеттік органның беруге ұсынылып отырған функциясымен аралас қызмет түрлерін қоса алғанда, компания қызметінің нысанасын көрсету қажет.

      Сауанаманың 3-тармағында беруге ұсынылып отырған функциялар бойынша құзыреттің бар екендігін көрсету қажет. Мүдделі тұлғаның біліктілігін растау ретінде штатта білікті кадрлардың, тиісті лицензиялардың, сертификаттардың, сапа белгілерінің бар болуы туралы ақпарат болып табылады.

      Сондай-ақ, мемлекеттік орган функциясын іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымның бар екендігін көрсету қажет. Мысалы, егер функция мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауды көздесе, тиісінше қажетті инфрақұрылым мүгедектерді тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобиль болып табылады.

      Сауалнаманың 4.1-тармағында функцияны іске асырудың жоспарлы толықтығын көрсету қажет. Мүдделі тұлға өз ресурстарының, оның ішінде қаржылай мүмкіндіктеріне қарай мемлекеттік функция шеңберінде жекелеген іс-шараларды орындауға дайындығы туралы шешім қабылдай алады.

      Сауанаманың 4.2-тармағында мемлекеттік орган функциясын іске асыруға тартылатын жұмыскерлердің санын көрсету қажет.

      Сауанаманың 4.3-тармағында жоспарлы кезең жылдары бойынша мүдделі тұлғаның функцияны іске асыруының толық құнын көрсету қажет.

      Функцияны орындау құнына функцияны көрсетумен тікелей байланысты шығыстар, оның ішінде:

      1) еңбекақы төлеу қоры және еңбекақы төлеу қорынан аударылатын міндетті төлемдер;

      2) міндетті сақтандыру түрлері, салықтар, алымдар және тиісті кезең шығыстарына есептелетін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3) материалдық шығыстар;

      4) ғимаратты жалға алу шығыстары;

      5) байланыс бойынша шығыстар және іссапар шығыстары;

      6) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді сатып алу;

      7) мүдделі тұлғаның балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтарға амортизациялық аударымдар;

      8) ағымдағы жөндеу және мүдделі тұлғаның балансында тұрған автокөліктерге, ғимараттарға қызмет көрсету, тасымалдау, ұйымдастыру техникасының жұмысқа қабілеттілігін техникалық сүйемелдеу, банктік, аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік және (немесе) ғимаратты жалға алу жөніндегі қызметтер бойынша өзге ұйымдардың көрсететін қызметтері;

      9) өзге де шығыстар кіреді.

      Сауалнамада көрсетілген функция құнына 1-нысан бойынша функцияны іске асыру құнының есебін қоса беру қажет.

      Мүдделі тұлға (1-нысан) функция құны есебінің нысанын толтыру кезінде:

      мемлекеттік орган функциясының атауын;

      орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыруға үміткер және оның іске асырылу құнының есебін орындаған мүдделі тұлғаның атауы көрсетілуі қажет.

      1-нысанға мүдделі тұлғаның басшысы қол қояды. Нысанда мүдделі тұлға басшысының қолының жанында қолдың қолдың толық жазылуы (тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері), қол қойған күні, лауазымды тұлғаның тегі және байланыс үшін телефоны көрсетілуі тиіс.

      Бағаларға, есептер мен шығыстардың шынайылығы мен дұрыстығына талдау жүргізу мақсатында мүдделі тұлға 1-нысанға тиісті құжаттарды және нысанда көрсетілген шығыстардың әрбір түрі бойынша негіздемені ұсынуы тиіс. 1-нысанда көрсетілген шығыстар түрлері бойынша есептерді мүдделі тұлға функцияны орындау кезеңінің әрбір жылында еркін нысанда ұсынады.

      Сауалнаманың 4.4-тармағында функцияларды тұтынушылар үшін негізделген бағаны жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша көрсету қажет.

      Функцияның бағасын қалыптастыру кезінде өзіндік құнға функцияны көрсетумен тікелей байланысты шығыстар, оның ішінде:

      1) еңбекақы төлеу қоры және еңбекақы төлеу қорынан есепьелетін міндетті төлемдер;

      2) міндетті сақтандыру түрлері, салықтар, алымдар және тиісті кезең шығыстарына есептелетін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3) материалдық шығыстар;

      4) ғимаратты жалға алу шығыстары;

      5) байланыс бойынша шығыстар және іссапар шығыстары;

      6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу;

      7) мүдделі тұлғаның балансында тұрған негізгі құралдарға амортизациялық аударымдар;

      8) ағымдағы жөндеу және мүдделі тұлғаның балансында тұрған автокөліктерге, ғимараттарға қызмет көрсету, тасымалдау, ұйымдастыру техникасының жұмысқа қабілеттілігін техникалық сүйемелдеу, банктік, аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік қызметтер бойынша өзге ұйымдардың көрсететін қызметі;

      9) өзге де шығыстар кіреді.

      Функция бағасын қалыптастыру кезінде өзіндік құнға функцияны орындауға және қызметтер көрсетуге тікелей байланысты болып табылмайтын шығыстар ескерілмейді.

      Сауалнамада көрсетілген бағалар мәндеріне 2-нысан бойынша тұтынушылар үшін функция бағасының есебін (негіздемесін) қоса беру қажет.

      2-нысан әрбір функцияға толтырылады.

      Бағаларға, есептер мен шығыстардың шынайылығы мен дұрыстығына талдау жүргізу мақсатында мүдделі тұлға 2-нысанға тиісті құжаттарды және нысанда көрсетілген шығыстардың әрбір түрі бойынша негіздемені ұсынуы тиіс. 2-нысанда көрсетілген шығыстар түрлері бойынша есептерді мүдделі тұлға функцияны орындау және қызметті көрсету кезеңінің әрбір жылында еркін нысанда ұсынады.

      Тұтынушылар үшін функция бағасының есебі (негіздемесі) нысанын толтыру кезінде:

      мемлекеттік орган функциясының атауын;

      орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыруға үміткер және бағасының есебін орындаған функцияларды орындаушының атауын көрсетуі қажет.

      2-нысанға мүдделі тұлға басшысы қол қояды. Нысанда мүдделі тұлға басшысының қолының жанында қолдың толық жазылуы (тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері), қол қойған күні, лауазымды тұлғаның тегі және байланыс үшін телефоны көрсетілуі тиіс.

      Сауалнаманың 5-тармағында функцияның іске асырылуын жетілдіру үшін мүдделі тұлға ұсынған инновациялық тәсілдер сипатталуы керек. Мысалы, функцияның сапасын жақсартуға алып келетін процестерді автоматтандыру инновациялық тәсіл болып табылуы мүмкін.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциялары бойынша
нарықтың дайын болуына
талдау жүргізу әдістемесіне
4-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған функцияларына нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытынды

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауы


Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының атауы


Қаржыландыру көзін көрсете отырып беру тәсілі (мемлекеттік бюджет есебінен немесе мемлекеттік қаржыландыру жоқ тұтынушылар есебінен)



1. Бәсекелес ортаның ағымдағы жағдайы

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыруға дайын субъектілер саны мен атауы

Іріктеу олардың сауалнамаларының негізінде жүзеге асырылған барабар мүдделі тұлғалар саны
Ауданның, облыстық, аудандық маңызы бал қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының функциялары үшін нарық субъектілерінің саны аудандар, облыстық, аудандық маңызы бал қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер кесіндісінде көрсетілсін

Бәсекелес орта мәлімдеген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының орташа құны мен бағасы

Орташа құн мәлімделген бағаның ең жоғары және ең төмен мәнін кесу және орташа арифметикалық шамасын есептеу арқылы анықталады.
Аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бал қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының функциялары үшін функцияның мәлімделген орташа құны мен функцияны пайдаланушылар үшін құны аудандар, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер бөлінісінде көрсетілсін


2. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын нарық қатысушыларына берудің әсерін анықтау: мүмкіндіктер мен тәуекелдерді бағалау


Мүмкіндіктер



белгісімен таңдау

Тәуекелдер



белгісімен таңдау

Мемлекетке әсері

1. Мемлекеттік бюджетті үнемдеу (2 балл)


1. экономикалық қылмыстылықтың, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың ұлғаюы (1 балл)



2. Штат санын қысқарту салдарынан мемлекеттік аппараттың ықшамдылығын қамтамасыз ету (1 балл)


2. Билікке сенімділік деңгейінің төмендеуі (1 балл)



3. Функцияны бәсекелес ортада іске асыру бойынша бизнес-процестерді инновацияландыруды қамтамасыз ету (3 балл)


3. Берілетін функция бойынша мемлекет құзыретін жоғалту, оның ішінде білікті кадрлардың кетуі (1 балл)



4. Шешім қабылдау процесіне қатысуға азаматтардың мүмкіндігін кеңейту (1 балл)


4. Экологиялық жағдайдың нашарлауы; (1 балл)





5. Жеке және заңды тұлғалар бойынша құпия ақпараттың тарап кетуі; (1 балл)





6. Мемлекеттік бақылауды кеңейту (1 балл)


Баған бойынша сома





Блог бойынша жиыны (екі баған мәндерінің сомасы)




Мүмкіндіктер



белгісімен таңдау

Тәуекелдер



белгісімен таңдау

Мүдделі тұлғаларға әсер

1. Нарық (функцияларды орындаушылар санының өсуі) пен бәсекелестіктің дамуы (3 балл)


1.Монополияның/олигополияның туындауы (2 балл)



2. Кәсіби әлеуеттің ұлғаюы (2 балл)


2. Бюрократиялық қысымның ұлғаюы; (әкімшілік кедергілер, айыппұл санкциялары, бақылауды күшейту) (2 балл)



3. Берілетін мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша материалдық және еңбек ресурстарының болуы (2 балл)


3. Мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділік (қаржыландырудың тұрақсыздылығы)
(2 балл)


Баған бойынша сома





Блог бойынша жиынтық (екі баған мәндерінің қосындысы)




Мүмкіндіктер



белгісімен таңдау

Тәуекелдер



белгісімен таңдау

Функцияны тұтынушыларға әсер (функцияларды пайдаланушылар)

1. Функцияны көрсету сапасының жоғарылауы (1,5 балл)


1. Функцияны көрсету сапасының төмендеуі (2 балл)



2. Қолжетімділіктің жоғарылауы (1,5 балл)


2. Қолжетімділіктің төмендеуі (1 балл)



3. Функция бағасының төмендеуі (1,5 балл)


3. Тұтынушылар үшін функция бағасының жоғарылауы; (1 балл)



4. Ауқымды қамту (1 балл)


4. Қамтудың төмендеуі (1 балл)



5. Кері байланысты кеңейту және функциялар сапасын жетілдіруге әсер (0,5 балл)


5. Функцияны тұтынушылардың қауіпсіздігіне, денсаулығына және өміріне қауіп-қатер (3 балл)


Баған бойынша сома





Блог бойынша жиыны (екі баған мәндерінің сомасы)


      Әсерді қорытынды бағалау


Блок бойынша жиыны

Мемлекетке әсер


Мүдделі тұлғаларға әсер


Функцияны тұтынушыларға әсер (функцияны пайдаланушылар)


Формула бойынша әсерді қорытынды бағалау

И1 х 0,2 + И2 х 0,2 + И3 х 0,6 = ҚБ

3. Нарықтың дайын болуы туралы жиынтық қорытынды

Еркін нысанда мүмкіндіктер мен тәуекелдерді сараптамалық бағалаумен, сұратуларды талдаумен және бәсекелес ортаның ұсыныстарымен нарықтың дайын болуы туралы жиынтық қорытынды жазу.
Жария талқылаулардың қорытындысын сипаттау.

Функцияларды бәсекелес ортаға беру бойынша нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны толтыру бойынша түсініктеме

      Нарықтың дайын болуын талдау (бұдан әрі – НДТ) жүргізу кезінде нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытынды мынадай түрде толтырылады.

1. Бәсекелес ортаның ағымдағы жағдайы

      Бәсекелес ортаның ағымдағы жағдайы сипатталады. Мүдделі тұлғалардың саны көрсетілуі керек.

      Аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бал қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының функциялары үшін нарық субъектілерінің саны аудандар, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер бөлінісінде көрсетіледі.

      Мүдделі тұлғалар мәлімдеген мемлекеттік орган функциясы құнының орташа мәнін көрсету қажет.

      Мүдделі тұлғалар мәлімдеген функцияның орташа құнын есептеу ең жоғары және ең төмен мәлімделген бағаны кесу және орташа арифметикалық шаманы есептеу арқылы жүргізіледі.

      Егер функцияны тұтынушылар (функцияны пайдаланушылар) есебінен іске асыру көзделген болса, функцияны пайдаланушылар үшін орташа бағаны көрсету қажет.

      Аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бал қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының функциялары үшін орташа мәлімделген құны мен функцияны пайдаланушылар үшін бағаны аудандар, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер бөлінісінде көрсету қажет.

2. Мемлекеттік орган функциясын нарық қатысушыларына берудің әсерін айқындау

      Мемлекеттік функцияны бәсекелес ортаға беруге байланысты туындайтын мүмкіндіктер мен тәуекелдерді сараптамалық бағалау арқылы мемлекеттік орган функциясын берудің мемлекетке, мүдделі тұлғаға және тұтынушыға әсері айқындалады.

      Мүмкіндіктер мен тәуекелдердің барлық өлшемшарттары блоктар (мемлекет, мүдделі тұлға, тұтынушы) бойынша бөлінген.

      Мынадай мүмкіндіктерді бағалау жүзеге асырылады мемлекет үшін:

      мемлекеттік бюджетті үнемдеу;

      штат санын қысқарту салдарынан мемлекеттік аппараттың ықшамдылығын қамтамасыз ету;

      функцияны бәсекелес ортада іске асыру бойынша бизнес-процестердің инновациялылығын қамтамасыз ету;

      шешім қабылдау процесіне қатысуға азаматтардың мүмкіндігін кеңейту.

      мүдделі тұлғалар үшін:

      нарық (функцияларды орындаушылар санының өсуі) пен бәсекелестікті дамыту;

      кәсіби әлеуеттің ұлғаюы;

      берілетін мемлекеттік функцияларды іске асыру үшін материалдық және еңбек ресурстарының болуы.

      тұтынушылар үшін:

      функцияны көрсету сапасын арттыру;

      қолжетімділікті арттыру;

      функция бағасының төмендеуі;

      ауқымды қамту;

      кері байланысты кеңейту және фунцияның сапасын жетілдіруге әсер ету.

      Мынадай тәуекелдерді бағалау жүзеге асырылады:

      мемлекет үшін:

      ұлттық қауіпсіздік қатері;

      экономикалық қылмыстың, оның ішінде жемқорлықтың ұлғаюы;

      билікке деген сенімділік деңгейінің төмендеуі;

      берілетін функция бойынша мемлекет құзыретті жоғалту, оның ішінде білікті кадрлардың кетуі;

      экологиялық жағдайдың нашарлауы;

      жеке және заңды тұлғалар бойынша құпия ақпараттың тарап кетуі;

      мемлекеттік бақылауды кеңейту.

      мүдделі тұлғалар үшін:

      монополияның/олигополияның туындауы;

      бюрократиялық қысымның ұлғаюы (әкімшілік кедергілер, айыппұл санкциялары, бақылауды күшейту);

      мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділік (қаржыландырудың тұрақсыздығы).

      тұтынушылар үшін:

      функцияны көрсету сапасының төмендеуі;

      қолжетімділіктің төмендеуі;

      функция бағасының жоғарылауы;

      қамтудың азаюы;

      функцияны тұтынушылардың қауіпсіздігіне, денсаулығына және өміріне қауіп-қатер.

      Әрбір өлшемшарт блокқа (мемлекет, мүдделі тұлға, тұтынушы) бөлінген. Әрбір өлшемшарттың балмен белгіленген салмағы бар.

      Әрбір блокта мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға беру кезінде туындауы мүмкін мүмкіндіктер/тәуекелдер өлшемшарттары ғана белгіленеді. Мүдделі тұлғалардан ақпарат сұрату нәтижесі, функция паспортындағы ақпарат және мемлекеттік органның сараптамалық пікірі осы немесе басқа өлшемшартты таңдау үшін негіз болып табылады.

      Әрбір блок бойынша қорытынды – бұл мүмкіндіктер өлшемшарттары мен тәуекелдер өлшемшарттары бойынша баллдар сомасы. Бұл ретте тәуекелдер өлшемшарттары бойынша баллдар сомасы теріс мәнде (-) жазылады.

      Мысал.


Мүмкіндіктер (+)

Белгі

Тәуекелдер (–)

Белгі

1-өлшемшарт (2 балл)



1- өлшемшарт (2 балл)


2- өлшемшарт (0,5 балл)



2- өлшемшарт (1 балл)



3- өлшемшарт (1 балл)


3- өлшемшарт (0,5 балл)


Баған бойынша қосынды

2,5 балл


-1 балл


Блок бойынша қорытынды (екі мәндерінің сомасы)

1,5 балл
(2,5+(-1)=1,5)

      Әсерді бағалау өлшемшарттардың әрбір блогының салмақтық мәнін есепке ала отырып, мына формула бойынша есептеледі:

      И1 х 0,2 + И2 х 0,2 + И3 х 0,6 = ҚБ,

      Мұнда:

      И1 – "Мемлекетке әсері" 1-блогы бойынша соманың қорытынды мәні;

      И2 – "Мүдделі тұлғаларға әсері" 2-блогы бойынша соманың қорытынды мәні;

      И3 – "Функцияны тұтынушыға әсері" 3-блогы бойынша соманың қорытынды мәні;

      ҚБ – әсердің қорытынды бағасы. ҚБ әрқашан 6-дан 6-ға дейінгі балл шегінде болады.

      Әсердің қорытынды бағалары теріс немесе нөлдік мәндегі функциялар бәсекелес ортаға беруге ұсынылмайды.

      Әсердің қорытынды бағалары оң мәндегі функциялар бәсекелес ортаға беру тұрғысынан қарауға ұсынылады.

3. Нарықтың дайын болуы жөніндегі жиынтық қорытынды

      Нарықтың дайын болуы жөніндегі жиынтық қорытындының мақсаты – нарықтың (немесе болмауы), сұраныс пен ұсыныстың бар болуы туралы ақпаратты көрсету. Сонымен қатар, мүдделі тұлғадан алынған ақпаратқа негізделе отырып, қандай өңірлерде нарық сұранысы басым екендігін және қандай өңірлерде сұраныс жоқ екендігін көрсету қажет.

      Мүдделі тұлға мәлімдеген орташа құн, сондай-ақ мүдделі тұлға үшін орташа баға теңгемен көрсетілуі тиіс.

      Жария талқылау қорытындысының хаттамасын негізге ала отырып, нарықтың дайын болуы туралы қорытындыны пысықтау үшін ұсынылған пікірлер, консультациялар, түсініктер жазу керек.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциялары бойынша
нарықтың дайын болуына
талдау жүргізу әдістемесіне
5-қосымша
  Нысан

Нарықтың дайын болуына орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың жүргізген талдауына сараптамалық қорытынды

      Жоба әзірлеуші:

      Талдамалық нысанды енгізу күні:Талап/реттеу:


Уәкілетті органмен толтырылады

Бағалаудың жалпы параметрлері

1

Функция атауы



Функция классификациясы


2

Функция паспортының болуы (бар / жоқ)


3

Функция паспортын толтыру сапасы



Барлық бөлімдер мен тармақтар дұрыс толтырылған



Жекелеген бөлімдер мен тармақтар дұрыс емес толтырылған (қандай бөлімдер мен тармақтар екенін көрсету)



Толығымен дұрыс емес толтырылған


4

Ұсынылатын беру әдісі


5

Функцияның проблемалары мен міндеттерді айқындау (айқындалған / айқындамаған)


6

Нарықтың дайын болуына талдауға қоғамдық тыңдаулар (өткізілді / өткізілмеді)


7

Бәсекелес ортаның қазіргі жағдайы



Нарықтың жағдайын сипаттау (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)



Мемлекеттік қызмет берілетін жағдайда қосымша мәселелер ерікті нысанда талданады (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)


8

Мемлекеттік функцияны беру әдісін таңдау (айқындалды / айқындалмады)


9

Беру әдісінің әсерін айқындау



Мемлекетке әсері (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)



Мүдделі тұлғаларға әсері (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)



Функцияны тұтынушыларға (функцияларды пайдаланушылар) әсері (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)


10

Әсерді қорытынды бағалау (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады / дұрыс емес толтырылды)


11

Нарықтың дайын болуы туралы жиынтық қорытынды (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады / дұрыс емес толтырылды)


12

Басқада комментариялар
(бар / жоқ)


      Қорытынды:

      Қолы_____________                  Күні "__"__________202__ж.

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 55 бұйрығына
  6-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 56-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуын мониторингтеуді қоспағанда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларының бәсекелес ортада жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17315 тіркелген) сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингісі жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік орган – аутсорсинг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік тапсырма, сонымен бірге функцияларды пайдаланушылар есебінен толық беру арқылы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға іске асыруға функциясын берген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган;

      2) берілген функцияларды мониторингілеу – (бұдан әрі – мониторингі) мемлекеттік органдардың берілген функцияларды бәсекелес ортада іске асыру бойынша ақпаратты бағалау және талдау, жүйелі және үздіксіз жинақтау, қайта өңдеуге бағытталған іс-шаралар жиыны;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) мүдделі тұлғалар – құқықтары мен міндеттері Заңмен қозғалатын және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша олардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жәрдем көрсете алатын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;

      5) функцияларды орындаушы – Кодексте белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар.

      4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының бәсекелес ортада іске асырылуын бақылау мониторингтің басты мақсаты болып табылады.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының бәсекелес ортада асырылуына мониторинг жүргізудің тәртібі

      5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, мониторингті орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар жүргізеді.

      6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына тәуелсіз бағалауды алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылады.

      7. Мониторингілеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты монитррингілеуді қоспағанда, мыналарға негізделеді:

      1) жеке және заңды тұлғалардың бәсекелестік ортаға берілген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асыру мәселесі бойынша өтінімдерін сараптау;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асыру мәселесі бойынша бәсекелес ортадан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсепкерлер палатасынан (бұдан әрі – ҰКП) түскен ақпаратты сараптау;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелік ортаға берілген функцияларын іске асыру мәселесі бойынша мәліметтерді жинау және сараптау жүйесі;

      4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар және басқа да тұлғалар жүргізетін нарықтың дайындығы жөніндегі сараптама.

      8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларына аутсорсингтің, мемлекеттік тапсырманың, пайдаланушылар есебінен берудің жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелілік пен процесс өлшемшарттары негізінде жүргізіледі.

      Нәтижелілік өлшемшарттары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асырудың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар белгілеген түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді айқындайды.

      Процесс өлшемшарттары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуын бағалауды орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бәсекелес ортадан, ҰКП алынған ақпаратты талдаудың негізінде айқындайды.

      9. Мониторингтің соңғы нәтижелеріне қол жеткізуді бағалаудың негізі ретінде нақты критерийлерді, функцияны іске асырудың өлшенетін сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштерін анықтау қажет.

      10. Функцияның бәсекелес ортада іске асырылуының нәтижесі есептіліктің тиісті кезеңінде өлшенетін ақпараттарды (мәліметтерді) жүйелі түрде жинақтау, жүйелерді бақылау, ақпараттық жүйе мәліметтерін қадағалау (тіркеу, тізілімдер, базалар), өлшенетін сандық және сапалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы білінеді.

      11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тиісті кезеңдегі көрсеткіштері (ақпараттар) бойынша мәліметтерді жүйелік жинау серпінді қадағалауға, ауытқуларды белгілеуге, функцияларды орындаушыларына уақытылы кеңес көрсетуге және нәтижелілік көрсеткіштерінің мәнін түзету болып табылады.

      12. Әрбір әкімшілік органда бәсекелес ортаға берілген функцияларына мониторинг жүргізуге жауапты лауазымды тұлға тағайындалады.

3-тарау. Мониторингтің кезеңдері мен жүйесі

      13. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға берілген функцияларының іске асырылуын мониторингілеу жүйесі мынадай инструментарийді қамтиды:

      1) өзін-өзі бағалау жоспарын;

      2) функцияны тұтынушымен (тікелей нәтижені алушы) кері байланыс механизмін;

      3) функцияны орындаушыларда, әкімшілік органда ішке арыздану механизмі;

      4) функцияны орындаушылардың тоқсандық негізде есеп беру механизмін;

      5) тоқсандық есептер негізінде бағалау және талдауды;

      6) мониторинг нәтижесі бойынша қорытынды есепті.

      14. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортада іске асыру сапасын анықтаудың міндетті шарты болып тұтынушылардың (тікелей нәтижені алушы) функцияның іске асырылу сапасына қанағаттануын бағалау болып табылады.

      15. Функцияны орындаушылар функцияны іске асыру сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау үшін функция ерекшелігіне байланысты қосымша құралдар мен тәсілдерді (сұрау парақтары, онлайн пікіртерім, статистикалық деректер) қолдануы мүмкін.

      16. Өзін-өзі реттейтін ұйымдармен және функцияларды қолданушылар есебінен іске асыратын функциялар функцияны тұтынушымен (тікелей нәтижені алушы) кері байланыс механизмі арқылы бақыланады.

      17. Өзін-өзі реттеу ұйымына біріктірілген жеке кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік органның іс-әрекетін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 26-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес шағымданады.

      18. Функция пайдаланушылар есебінен іске асырылатын болса, әкімшілік орган функцияның іске асыруына және қызметтің құнына мониторинг жүргізеді.

      19. Әкімшілік орган функцияларды орындаушылардың өтініштері бойынша жазбаша және ауызша кеңестер ұсынады.

      20. Мониторинг функцияны бәсекелес ортада іске асырудың барлық кезеңінде тұрақты негізде жүргізіледі және циклдық сипатқа ие.

      21. Берілген функциялардың іске асырылуын мониторингілеу циклы үш кезеңнен тұрады:

      1) ақпараттық-есептік кезеңі;

      2) талдамалық кезеңі;

      3) басқарушылық шешімдер қабылдау кезеңі.

1-параграф. Ақпараттық-есептік кезеңі

      22. Ақпараттық-есептік кезеңде әкімшілік орган мәліметтерді (ақпаратты) жинақтауды, нәтижелілік пен процесс өлшемшарттары бойынша ақпараттарды өңдеу және қорытындылауды, функцияны орындаушылардан есеп берудің уақытылы түсуін қадағалауды жүзеге асырады.

      23. Функцияны орындаушылар тоқсандық негізде өзін-өзі бағалау нәтижесі және тұтынушылардың функцияның іске асырылу сапасына қанағаттануды сұрау қорытындысы бойынша осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысанда бәсекелес ортаға берілген мемлекеттік органның функциясын іске асыру туралы есеп ұсынады.

      24. Есептер электронды нысанда есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кеш емес мерзімде ұсынылады.

      25. Әкімшілік органмен тоқсан сайын тоқсандық жиынтық есеп құрылады.

2-параграф. Талдамалық кезең

      26. Талдамалық кезеңде әкімшілік органның қызметкерлері тоқсандық есептер негізінде бәсекелес ортаға берілген функциялар бойынша деректерді, мәліметтер мен ақпараттарды бағалау мен талдауды жүргізеді.

      27. Әкімшілік орган бәсекелес ортаға функциялар берілген кезден бастап жарты жылда бір рет функцияның бәсекелес ортада іске асырылуы бойынша мәліметтерді талдау мен бағалауды жүргізеді.

      28. Тоқсан сайынғы есеп берулер негізінде жылдың қорытынды соңғы айының жиырмасыншы күнінен кеш емес мерзімде мониторинг қорытындысы бойынша жыл сайынғы қорытынды есеп беру жүргізіледі.

      29. Қорытынды есеп функцияны орындаушылар іске асыратын функциялардың бағасының, көлемінің, сапасы мен функция мерзімдерінің негіздігін кешенді бағалауды қамтиды.

      30. Әкімшілік орган, қосымша зерттеу мен сұрау жүргізу, мониторинг қорытындысы бойынша тиісті функциялар бойынша тұтынушылар (тікелей нәтижені алушы) арасында қосымша әлеуметтік сұрау жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      31. Мониторингтің мәліметтері және қорытынды есеп уәкілетті органның, ҰКП және әкімшілік органның интернет-ресурсында жарияланады және мониторинг нәтижелері туралы мәлімет жаңартылып отырады.

3-параграф. Басқарушылық шешімдер қабылдау кезеңдері

      32. Әкімшілік орган мониторинг нәтижелерімен мемлекеттік органның жанындағы қоғамдық кеңеске шығарар алдында функцияларды орындаушыларды таныстырады.

      33. Мониторинг нәтижелерін әкімшілік орган орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларының бәсекелес ортадағы іске асырылуының негізгі көрсеткіштерін бағалау, салыстыру, талдау және сәйкес шешімдер мен шаралар қабылдау үшін қолданады.

      34. Мониторингтен алынған теріс нәтижелер орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын бәсекелес ортадан қайтаруға негіз болады.

      35. Мониторинг нәтижелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциясының сапасыз жүзеге асырылғанын анықтаған жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар бұл туралы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды және ҰКП хабардар етеді.

      36. Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциясының сапасыз жүзеге асырылғаны туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.

      37. Комиссия орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару туралы шешім қабылдаған кезде, мыналар:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың ішінара беруі шеңберінде – мұндай функцияларды қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, орындаушымен жасалған шартты бұзу арқылы қамтамасыз етіледі;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың толық беруі шеңберінде – мұндай функцияларды қайтару үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу жөніндегі шаралар қабылданады.

      38. Бәсекелес ортадан функцияларды қайтару Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

  Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының
  бәсекелес ортада асырылуына мониторинг жүргізудің қағидалары
  Қосымша
  Нысан

Бәсекелес ортаға берілген мемлекеттік органның функциясын іске асыру туралы есеп

      Функцияны орындаушының атауы _________________________________________

      Берілу тәсілі ____________________________________________________________

      Ұсынылған мерзімі _______________________________________________________

      Функцияның құны(бағасы) _________________________________________________

      Функцияны іске асыру масштабы (көлемі)_____________________________________

      (тұтынушылар саны)

      Функцияны іске асыру тәсілдері/әдістері ______________________________________


Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының аты
(функцияның қысқаша сипаттама)

Процесс өлшемшарттарының көрсеткіштері

Нәтижелілік өлшемшарттарының көрсеткіштері

Функцияны тұтынушының қанағаттану деңгейі, арыздар саны

Мәселелер мен тәуекелдер

1

2

3

4

5

6




















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады