Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19130 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2021 № 55 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-12-бабының 3), 4), 5), 6) 7) 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесі;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесі;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары.

      2. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 70 бұйрығына
1-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-12-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бәсекелес орта – квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, нарық субъектілері;

      2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган – (бұдан әрі – уәкілетті орган) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) мүдделі тұлғалар – құқықтары мен міндеттері Заңда қозғалатын және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша олардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жәрдем көрсете алатын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;

      4) оңтайландыру – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың штат санын қысқартуға, шығыстарын қысқартуға және (немесе) қайта бөлуге бағытталған, оның ішінде функцияларын бәсекелес ортаға беруге байланысты шаралар кешені;

      5) функцияларды пайдаланушылар – жеке және заңды тұлғалар.

      3. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі мақсаттары:

      1) бәсекелес ортаны дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;

      4) оңтайландыру болып табылады.

      4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі қағидаттары:

      1) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің мүдделер теңгерімін сақтау;

      2) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізділігі мен тиімділігі;

      4) бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы;

      5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі процестердің үздіксіздігі мен тұтастығы, сондай-ақ онымен байланысты оңтайландыру болып табылады.

      5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру:

      1) аутсорсинг;

      2) мемлекеттік тапсырма;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;

      4) пайдаланушылар есебінен беру;

      5) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаға беру Заңның 9-12-бабы 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10839 болып тіркелген) мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беріледі.

      8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау арқылы бәсекелес ортаға беріледі және пайдаланушылар есебінен жүзеге асырылады.

      10. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру өзін-өзі реттейтін ұйымдардың дайындығы расталғаннан кейін қамтамасыз етіледі.

      Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға дайындығы пайдаланушылар, орындаушылар және мемлекет үшін пайда мен шығасыларды айқындау мақсатында нарықтың дайын болуына талдау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беруді жүзеге асыруға дайындық

      11. Бәсекелес ортаға беруге конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және берілуі мемлекеттің мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларды қоспағанда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары қаралады.

      12. Функцияларды бәсекелес ортаға беру үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшысының актісімен:

      1) орталық (немесе) атқарушы органда мемлекеттік органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ведомстволардың, аумақтық органдардың қатысуымен, қоғамдық кеңес пен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес және басқа да ұйымдар өкілдерінің, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де адамдардың қатысуымен;

      2) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларының, астананың) жергілікті атқарушы органында жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, қоғамдық кеңес пен жеке кәсіпкерлік субъектілердің аккредиттелген бірлестіктерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес және басқа да ұйымдар өкілдерінің, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де адамдардың қатысуымен консультативтік-кеңесші орган (Жұмыс тобы) құрылады.

      13. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы немесе олардың орынбасарлары Жұмыс тобының басшысы болып тағайындалады.

      14. Жұмыс тобының міндеттері:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту;

      2) Заңның 9-12-бабы 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесіне (бұдан әрі – функцияларды іріктеу әдістемесі) сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беруге іріктеу жүргізу;

      3) Заңның 9-12-бабы 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес нарықтың дайын болуына талдау жүргізу;

      4) нарық дайындығына жүргізілген талдаудың қорытындысын шығару.

      15. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі және:

      1) Жұмыс тобының кеңестерін дайындау (күн тәртібін құру, жұмыс тобының мүшелерін өткізуге жоспарланған кеңестер туралы хабарлау, тиісті материалдарды дайындау, кеңестердің хаттамаларын жүргізу);

      2) уәкілетті органға Жұмыс тобы қызметінің қорытындысы бойынша тиісті материалдарды ұсыну;

      3) Жұмыс тобы қызметінің нәтижесі бойынша тиісті материалдарды орталық және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.

3-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу

      16. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуді (бұдан әрі – функцияларды іріктеу) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар Функцияларды іріктеу әдістемесіне сәйкес жыл сайынғы негізде жүргізеді. Функцияларды іріктеу осы Қағидалардың 2-тарауы 11-тармағында көзделген талаптарға сай жүзеге асырылады.

      17. Функцияларды іріктеу қорытындылары бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының тізбесі (бұдан әрі – функциялардың тізбесі) қалыптастырылып, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14941 болып тіркелген) 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын әрбір функция бойынша паспорт (бұдан әрі – функция паспорты) толтырады.

      18. Жұмыс тобының мүшелері бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялардың тізбесінің жобасына ұсыныстар енгізе алады.

      19. Функциялардың тізбесі мен функциялардың паспорттарын тиісті Жұмыс тобы мақұлдайды.

      Жұмыс тобы функциялардың тізбесі мен паспорттарын мақұлдамаған жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциялары бәсекелес ортаға беруге жатпайды.

      20. Функциялардың паспорттарын толтыру кезінде Заңның 9-12-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – функцияның құнын айқындау әдістемесі) сәйкес міндетті түрде осы функцияның құны анықталады.

      21. Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялардың тізбесін мақұлдау туралы шешім жай көпшілік дауыспен қабылданады.

      22. Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялардың тізбесі мен паспорттары оныншы ақпаннан кешіктірілмей, уәкілетті органның қарауына жолданады.

4-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының тізбесін қарау

      23. Уәкілетті орган функциялардың тізбесі мен функциялардың паспорттары келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды:

      1) бәсекелес ортаға берудің орындылығы;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын іріктеу рәсімдерін сақтау;

      3) бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялардың құнын есептеудің дәлдігін бағалау;

      4) бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялар паспорттарының дұрыс толтырылуын тексеру тұрғысынан қарайды.

      24. Функциялардың тізбесі мен функциялардың паспорттары нәтижелері бойынша қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік органдармен жұмыс консультацияларын жүргізеді.

      25. Уәкілетті органның ұсынымдарын алған кезден бастап орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган он жұмыс күні ішінде функциялардың тізбесі мен функциялар паспортын пысықтап, оларды уәкілетті органға қайта жібереді.

      26. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын іріктеудің нәтижелерімен келіскен жағдайда, уәкілетті орган функциялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығарады.

      27. Комиссияның ұсынымдарын алған кезде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган он жұмыс күні ішінде бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялардың тізбесі мен паспортарын пысықтайды.

      28. Бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын, пысықталған функциялардың тізбесі мен функциялардың паспорттары Комиссияның қарауына қайта шығарылады.

5-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының тізбесін орналастыру

      29. Комиссия мақұлдағаннан кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган, уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өздерінің ресми интернет-ресурстарында мүдделі тұлғалар танысу үшін функциялардың тізбесін жариялауды қамтамасыз етеді.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мүдделі тұлғалардың хабардар болуын арттырудың қосымша тәсілдерін пайдалануы мүмкін.

      30. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциялардың тізбесі ресми интернет-ресурста орналастырылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мүдделі тұлғалардан өтінімдер жинауды жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің ұсыныстарын жинауды, талдауды және жариялауды жүзеге асырады.

      31. Мүдделі тұлғалардың бәсекелес ортаға берілетін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын орындау ниеттері туралы өтінімдері орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады.

      32. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциялардың алдын ала тізбесі мен паспорттарын жариялау кезеңі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортада жүзеге асыруға дайын мүдделі адамдардан түскен өтінімдердің болуы немесе болмауы туралы қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда қалыптастырады.

      33. Мүдделі тұлғалардың жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аудандар, облыстық аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер деңгейінде іске асыруға арналған өтінімдерінің болуы немесе болмауы туралы қорытындыны орталықтандырылып облыстың жергілікті атқарушы органы (әкімдік) қалыптастырады.

      34. Пайдаланушыларға және бәсекелес ортаға ақпарат беру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурстарында орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының, олардың қандай нормативтік құқықтық актімен берілгені көрсетілген тізілімі орналастырылады.

6-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу

      35. Орталық және (немесе) атқарушы органның бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларына қатысты тәсіл ескеріле отырып, Заңның 9-12-бабы 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес нарықтың дайын болуына талдау жүргізіледі.

7-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беруді нормативтік-құқықтық бекіту

      36. Комиссияның орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде берген функциялар тізбесі бойынша ұсынымын алғаннан кейін орталық атқарушы органдар функцияларды бәсекелес ортаға беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлейді.

      37. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларды бәсекелес ортаға беру тәсілдеріне қарай функцияларды бәсекелес ортаға беру жөніндегі рәсімдерді өткізуді қамтамасыз етеді.

8-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезіндегі оңтайландыру

      38. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру тұрғысынан есептеме негізінде бюджет қаражатына оңтайландыру жүргізеді.

9-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг

      39. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар Заңның 9-12-бабы 8) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың функцияларын
бәсекелес ортаға беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мүдделі тұлғалардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларды орындау ниеттері туралы өтінімдері

Мүдделі тұлғалар

Бәсекелес ортаға берілетін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциялары

Негіздеме





















  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың функцияларын
бәсекелес ортаға беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортада жүзеге асыруға дайын мүдделі адамдардан түскен өтінімдердің болуы немесе болмауы туралы қорытынды

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының атауы

Өтінім (күні, нөмері)

Өтінім берушінің атауы

Өтінім болмаған жағдайда ескертпе


























  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 70 бұйрығына
2-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-12-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аутсорсинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аутсорсинг – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын шарттар жасасу арқылы жүзеге асыру үшін оларды бәсекелес ортаға беру;

      2) аутсорсер – мемлекеттік орган функцияларының жекелеген түрлері аутсорсинг арқылы орындауға берілетін кәсіпкерлік субъектілері мен оның бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Аутсорсингтің негізгі белгілері:

      1) мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін беру туралы шарттың болуы;

      2) мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін орындауға арналған шарттың ұзақ мерзімді болуы (бір жыл ішінде);

      3) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде негізгі қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін беру.

      4. Мемлекеттік органдар тарапынан аутсорсингті пайдалану мынадай мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс:

      1) мемлекеттік органдардың қызметінде экономикалық тиімділікті арттыру және шығындарды азайту;

      2) мемлекеттік органдардың аутсорсингке берілетін функцияларының жекелеген түрлерінің орындалу сапасын арттыру;

      3) нарықтық бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу.

      5. Мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін орындауға аутсорсерді тартқан кезде мынадай шарттар орындалуға тиіс:

      1) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурстық негізде аутсорсер таңдау;

      2) функцияларды аутсорсингке беру Заңның 9-3-бабы 8-тармағына қайшы келмеген жағдайда ғана аутсорсерді таңдау жүргізіледі;

      3) мемлекеттік органдар орындайтын функциялардың түрлерін сақтау және сапасын жетілдіру;

      4) аутсорсерге берілетін функциялардың жекелеген түрлерін орындаумен айналысатын мемлекеттік органдардың персоналын қысқарту.

      Аутсорсингті жүзеге асыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылмайды.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру тәртібі

      6. Мемлекеттік органдарда аутсорсинг келесі кезеңдердің негізінде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) аутсорсингті қолдану туралы шешім қабылдауы;

      2) аутсорсинг бойынша алуға белгіленген қызметтерге қойылатын сандық және сапалық талаптардың сипаттамасын әзірлеу;

      3) аутсорсингті таңдау бойынша конкурс өткізу және онымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аутсорсинг шартын жасасу;

      4) мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін аутсорсингке беруге байланысты ұйымдық-құрылымдық, кадрлық және өзге де әкімшілік шешімдерді әзірлеп, енгізу;

      5) іске асырылуы туралы ақпарат алу не қажет болған жағдайда тексеріс жүргізу жолымен мемлекеттік органдардың аутсорсингке берілген функцияларының жекелеген түрлерін көрсету сапасына мониторинг жүргізу.

      7. Аутсорсингті пайдалану туралы Комиссияның шешімі мынадай мәліметтерге негізделеді:

      1) функцияларды аутсорсингке беру Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес негізделген сипаттағы ақпарат;

      2) аутсорсингті қолдану қажеттілігі мен орындылығын қысқаша негіздеу;

      3) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын орындау үшін жұмсалатын республикалық немесе жергілікті бюджеттің шығыстары туралы мәлімет;

      4) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын аутсорсингке берген жағдайда болжамды шығыстардың есептемесі;

      5) мемлекеттік органдардың аутсорсингке беру үшін ұсынылатын жекелеген функцияларын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктерін бекітетін нормативтік құқықтық актілердің болуы туралы ақпарат.

1-параграф. Аутсорсинг бойынша алуға көзделген көрсетілетін қызметтердің сандық және сапалық талаптарының сипаттамасын әзірлеу

      8. Мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін аутсорсингке беру кезінде конкурс өткізу үшін қажетті техникалық тапсырмаларды қалыптастыру және:

      1) орындауға байланысты іс-қимылдардың егжей-тегжейлі сипаттамасы;

      2) олардың сапа көрсеткіштер жүйесін құру және мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін аутсорсингке беру мақсатына қол жеткізу өлшемшарттарын қалыптастыру негізінде мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін аутсорсингке беру кезінде оларды көрсету туралы шарт жасасу аутсорсинг бойынша алуға көзделген көрсетілетін қызметтерге сандық және сапалық талаптардың сипаттамасын әзірлеудің мақсаты болып табылады.

      9. Процестерді егжей-тегжейлі сипаттау негізінде аутсорсинге берілетін мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін көрсету кезінде сандық та, сапалық та сипатқа ие талаптар қалыптастырылады және ол мыналарды:

      1) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрінің атауы мен сипаттамасын;

      2) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрін ұсынудың нәтижелерін (түпкілікті және аралық);

      3) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрін ұсыну тәртібінің сипаттамасын;

      4) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрінің негізгі сандық және сапалық көрсеткіштерін;

      5) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрінің көрсеткіштерін айқындау әдістемесін;

      6) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрін ұсынудың орны мен мерзімдерін;

      7) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрінің құнын есептеу тәртібі мен тарифтерін қамтиды.

      Бұл талаптар аутсорсерді іріктеу бойынша конкурс өткізуге арналған техникалық тапсырма үшін және кейіннен шарт жасасуға негіз болып табылады.

      10. Аутсорсингке арналған шартта мыналар көрстіледі:

      1) аутсорсинг шартының жалпы құны;

      2) төлемдердің мерзімі мен сомасы;

      3) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      4) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрін алушылардың оның сапасына қоятын талаптарын қою және жою талабы;

      5) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрін төтенше жағдай туындағаннан кейін ұсынуды қайта бастау жөніндегі іс-қимыл талабы;

      6) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрін уақытында ұсынылмағаны немесе сапасыз ұсынылғаны үшін айыппұл санкциялары өндірудің мөлшері мен талабы;

      7) форс-мажор жағдайлары туындаған кездегі жауапкершілік;

      8) аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының жекелеген түрін алушының персоналына немесе мүлкіне залал келтірілген жағдайдағы өтемақы;

      9) мемлекеттік органның аутсорсингке берілетін функциясының жекелеген түрінің алушыға уақытында немесе сапасыз ұсынылуына байланысты үшінші тараптың талап-шағымдары пайда болған кездегі өтемақы;

      10) берілген функцияларды сапасыз және уақтылы орындамаған жағдайда, аутсорсерді жауапкершілікке тарту;

      11) орындаушымен жасалған шарт бұзылған жағдайда функцияларды қайтару Заңның 9-10-бабында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

2-параграф. Аутсорсерды іріктеу бойынша конкурс өткізу және онымен аутсорсинг шартын жасасу

      11. Аутсорсерды іріктеу бойынша конкурс өткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Конкурстың жеңімпазымен белгіленген мерзімде мемлекеттік органның жекелеген функцияларын аутсорсингке беру туралы шарт жасалады.

3-параграф. Функцияларды беруге байланысты ұйымдық-құрылымдық, кадрлық және өзге де әкімшілік шешімдерді әзірлеу және енгізу

      13. Функцияларды беруге байланысты ұйымдық-құрылымдық, кадрлық және өзге де әкімшілік шешімдерді әзірлеп, енгізу кезінде мынадай іс-шаралар ұйымдастырылады:

      1) мемлекеттік органдардың функцияларының жекелеген түрлерін аутсорсингке беруге байланысты ұйымдық-құрылымдық, кадрлық және өзге де әкімшілік өзгерістер мен шешімдер жоспарын әзірлеу және бекіту;

      2) мемлекеттік органда аутсорсермен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі жауапты адамдарды тағайындау;

      3) функцияларды аутсорсингке беруге байланысты әкімшілік- басқарушылық және өндірістік процестерге өзгерістер енгізу;

      4) аутсорсингке беруге байланысты келесі кезеңге арналған бюджеттік шығыстарды оңтайландыру.

4-параграф. Мемлекеттік органдардың аутсорсингке берілген функцияларының жекелеген түрлерін көрсету сапасына мониторинг жүргізу

      14. Аутсорсердің аусорсер шарты бойынша жұмыстарды тиісті сапада және белгіленген мерзімдерде орындауы мемлекеттік органдардың аутсорсингке берілген функцияларының жекелеген түрлерін көрсету сапасына мониторинг жүргізу болып табылады.

      15. Мемлекеттік органдар аутсорсингке берілетін мемлекеттік орган функциясының әрбір жекелеген түрі үшін көрсеткіштердің өлшеніп, тексерілетін сандық және сапалық жүйесін әзірлейді, ол аутсорсермен келісіледі.

      16. Аутсорсинг шартының талаптарын орындау мақсатында Заңның 9-12-бабы 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 70 бұйрығына
3-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-12-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу арналады.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ажырамас мемлекеттік функциялар – жалпыұлттық мүддені қозғайтын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциялары, олардың орындалуы мемлекеттің саяси және әлеуметтік міндеттемелерінде тікелей көрсетілген, сондай-ақ орынды және тек мемлекеттік аппарат қана іске асыра алатын функциялар;

      2) мемлекеттік мәжбүрлеу – мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық әсер ету шараларының жиынтығы;

      3) мемлекеттік органның функциясы – мемлекеттік органның қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыруы;

      4) сараптама әдісі – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мамандарының мүмкіндіктеріне, дағдылары мен білімдеріне негізделген, функцияларды бәсекелестік ортаға беру туралы қорытындылар мен тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі;

      5) стратегиялық функциялар – жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар;

      6) функцияның паспорты – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының мазмұны, орындаушылары мен құны туралы негізгі ақпаратты жүйелі түрде ұсыну нысаны;

      7) функцияларды синтаксистік талдау – зерттеліп отырған мемлекеттік орган функцияларының қолданыстағы (зерттеліп отырған мемлекеттік орган жұмыскерлеріне пікіртерім жүргізу барысында заңнамалық актілерде және зерттеліп отырған мемлекеттік орган, оның ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерде қамтылған) тұжырымдарын мемлекеттік функцияны бірыңғай тұжырымдау стандартына сәйкестендіру;

      8) функцияның тізілімі – Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде көзделген, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар іске асыратын функциялары.

      3. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеудің негізгі өлшемшарттары:

      1) халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндігі;

      2) нарықтың дайын болуы немесе бәсекелес ортаның болуы;

      3) нарықты дамытудың әлеуетті мүмкіндігі болып табылады.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу

      4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу мынадай кезеңдердер тұрады:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін функционалдық шолу (бұдан әрі – функционалдық шолу) жүргізу үшін жұмыс тобын құру;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін функциялар тізілімін (бұдан әрі – функциялар тізілімі) қалыптастыру;

      3) функцияларды синтаксистік талдау және қайта қаралған функциялар тізілімін дайындау;

      4) бәсекелес ортаға берілмейтін ажырамас мемлекеттік функцияларды алып тастау;

      5) басқа мемлекеттік орган үшін іске асырылатын функцияларды алып тастау;

      6) жоғары саяси және әлеуметтік маңызы бар өлшемшарттар бойынша сараптамалық бағалау негізінде бәсекелес ортаға берілмейтін функцияларды алып тастау;

      7) функциялардың тізбесін қалыптастыру;

      8) бәсекелес ортаға басым тәртіппен беруге ұсынылатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларын айқындау;

      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14941 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістеме) 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бәсекелес ортаға беру үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының паспортын (бұдан әрі – фунция паспорты)толтыру.

1-параграф. Функционалдық шолу жүргізу үшін жұмыс тобын құру

      5. Функционалдық шолу жүргізу үшін жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Әдістемені басшылыққа алады.

      6. Жұмыс тобы қызметінің мақсаты мемлекеттік орган функцияларының өзінің міндеттері мен мақсаттарына сәйкестігін белгілеуге, мемлекеттік органға тән емес функцияларды анықтауға, мемлекеттік орган қызметінде қайталануды болдырмауға, мемлекеттік органның жетіспейтін функцияларын айқындауға, мемлекеттік органның алдына қойылған міндеттерді тиімді іске асыруы үшін оның штат санының оңтайлы лимитін айқындауға бағытталған ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      7. Жұмыс тобының міндеті функционалдық шолу қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      8. Жұмыс тобының құрамын мемлекеттік органның бірінші басшының бұйрығымен бекітіледі.

2-параграф. Функция тізілімін қалыптастыру

      9. Функция тізілімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік органның функциясын қамтиды.

      10. Функциялар тізілімі осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      11. Егер орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларын мемлекеттік басқарудың бірнеше аясында (саласында) іске асыратын болса, функциялар тізілімі мемлекеттік басқарудың салалары (аялары) бөлінісінде жасалады.

3-параграф. Функцияларды синтаксистік талдау және қайта қаралған функциялар тізілімін дайындау

      12. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган іске асыратын функциялардың толық тізілімі негізінде олардың тұжырымдарын мазмұнды толтыруды қамтамасыз ету және оңтайландыру мақсатында функцияларға синтаксистік талдау жүргізіледі.

      13. Функцияларды синтаксистік талдау орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларының қолданыстағы тұжырымдарын мемлекеттік функция тұжырымдамасының бірыңғай стандартына келтіру болып табылады.

      14. Функцияларды синтаксистік талдау Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес жүргізіледі.

4-параграф. Бәсекелес ортаға берілмейтін ажырамас мемлекеттік функцияларды алып тастау

      15. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган өз мақсаты бойынша ажыратылмайтын мемлекеттік функциялар болып есептелетін және бәсекелес ортаға беруге жатпайтын функцияларды өзгертілген функциялар тізілімінен алып тастайды.

      16. Ажыратылмайтын мемлекеттік функцияларға:

      1) конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және берілуі мемлекеттің мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялар;

      2) стратегиялық;

      3) мемлекеттік мәжбүрлеу құқығын іске асыруға байланысты;

      4) мемлекеттік мүлікке иелік ету құқығына жататын;

      5) халықаралық міндеттер мен халықаралық шарттар бойынша міндеттер шеңберінде іске асырылатын функциялар жатады. Мемлекеттік органның осы функцияны орындауы халықаралық құжаттарда (келісімдерде, конвенцияларда, шарттарда) тікелей бекітілген.

5-параграф. Басқа мемлекеттік орган үшін іске асырылатын функцияларды алып тастау

      17. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларының өзгертілген тізілімінен тұтынушысы басқа мемлекеттік орган болып табылатын функциялар бәсекелес ортаға беру тұрғысынан қарастырылмайтындықтан,алып тасталады.

6-параграф. Жоғары саяси және әлеуметтік маңызы бар өлшемшарттар бойынша сараптамалық бағалау негізінде бәсекелес ортаға берілмейтін функцияларды алып тастау

      18. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган сараптамалық тәсіл негізінде осы кезеңде жоғары саяси және әлеуметтік маңыздылық өлшемшарттары бойынша бәсекелес ортаға берілмейтін функцияларды айқындайды.

      19. Жоғары саяси және әлеуметтік маңыздылық өлшемшарттары елдің немесе нақты өңірдің дамуының белгілі бір қалыптасқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларына және жұртшылықтың тікелей сұрау салуларына байланысты нақты мемлекеттік функцияларды осы кезеңде орталық және (немесе) жергілікті органда сақтау қажеттігін білдіреді.

      20. Нақты мемлекеттік функциялар мемлекеттің әлеуметтік міндеттерінен немесе белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастарда мемлекеттік реттеу мен бақылауды ауқымды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.

7-параграф. Функциялардың тізбесін қалыптастыру

      21. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган фунциялардың қайта қаралған тізбесінен ажырамас мемлекеттік функциялардың, басқа мемлекеттік органдар үшін іске асырылатын функцияларды, жоғары саяси және әлеуметтік маңыздылығына байланысты осы кезеңде мемлекеттік органда сақталатын функцияларды алып тастауды ескере отырып, бәсекелес ортаға беруге жататын орталық және (немесе) жергілікті орган функцияларының тізбесін осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.

8-параграф. Функция паспортын толтыру

      22. Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функциялардың алдын ала тізбесіндегі әрбір функция үшін осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша функцияның паспорты жасалады.

3-тарау. Функцияларды іріктеу нәтижесі

      23. Бәсекелес ортаға берілетін функциялардың тізбесі мен көрсетілген тізбеде қамтылған функциялардың паспорттары функцияларды іріктеу нәтижесі болып табылады.

      24. Функциялардың тізбесі мен функциялардың паспорттары уәкілетті органның қарауы мен келісуіне енгізіледі.

      25. Уәкілетті орган он жұмыс күн ішінде функциялардың тізбесі мен функциялардың паспорттарын келісу туралы қорытындыны қарайды және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органға ерікті нысанда жолдайды.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың функцияларын
бәсекелес ортаға беру үшін
іріктеу әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін функциялар тізілімі

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың тиісті заңнамалық актідегі функциясы

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциясын айқындайтын заңнамалық актінің атауы (баптарын, тармақтарын көрсете отырып)

Мемлекеттік орган, оның ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелердегі орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциясы

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциясын айқындау (жолдарын көрсете отырып)

1





2









Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның іс жүзінде іске асыратын, бірақ қолданыстағы заңнамада көзделмеген функциялар

1


2



  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың функцияларын
бәсекелес ортаға беру үшін
іріктеу әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын функцияларының алдын ала тізбесі

Өзгертілген функциялар тізіліміндегі орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функциясының атауы

Функцияны беру нысаны







  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министірінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 70 бұйрығына
4-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-12-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және функцияның құнын есептеу үшін қолданылады, есептеме жүргізудің тәртібі мен қағидаттарын қамтиды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жоспарлы кезең – үш қаржы жылы;

      2) күрделі шығыстар – бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық техникалық базаны қалыптастыруға не нығайтуға, күрделі жөндеу (қалпына келтіруді) жүргізуге және өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар;

      2) үстеме шығыстар – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыру процесіне жанама түрде жататын, бірақ ағымдағы басқарумен не функцияны іске асыру шеңберінде қызметіне көмек көрсетумен байланысты шығыстар;

      3) функциялардың құнын есептеу – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияның орындалу құнын есептеу нысаны;

      4) шығыстардың стандартты факторы – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында анықталған көрсеткіш.

      3. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының құнын есептеу жүргізу мына қағидаттарға негізделеді:

      1) шығыстарды толықтай есепке алу, оған сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру үшін қажетті ағымдағы шығыстардың барлық түрлері анықталып, ескерілген;

      2) жасалған операциялардың шынайылығы мен оларды есептемелер көрсету кезінде қателердің болмауын қамтамасыз ететін анықтық;

      3) пайдаланушы үшін шығыстарды есептеудің ақпараттылығы, оған сәйкес есептемелердің нәтижелерінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның белгілі бір функциясын орындаудың қанша тұратыны туралы нақты түсінік болады;

      4) салыстырмалылық, оған сәйкес мемлекеттік органның функциясын іске асыруға жұмсалған шығыстардың көлемі туралы деректер әртүрлі кезең ішінде салыстырмалы болады.

      4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы мемлекеттік орган функциясының құнын есептеу бәсекелес ортаға берілетін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы мемлекеттік органның функциялары іріктелгеннен кейін жүргізіледі.

      5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы мемлекеттік органның әрбір функциясы бір немесе одан да көп мемлекеттік қызметшілер жүзеге асыратын нақты жұмыспен (операциямен) сипатталады.

      6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының құнын есептеу процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің функцияны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шараларын (операцияларды) белгілеу. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14941 болып тіркелген) 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылатын мемлекеттік орган функциясының паспортында көрсетіледі;

      2) құзыретіне орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын орындау кіретін бөлімшенің құрылымын айқындау. Ресурстардың мынадай түрлері ажыратылады: персонал, кеңсе тауарлары. Мемлекеттік орган функциясын орындауға тікелей қатысатын қызметкерлер саны функция паспортында көрсетіледі;

      3) нақты қызметкердің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын және басқа да жұмыстарды орындауға жұмсайтын уақытты анықтау (аптасына немесе күніне жұмсалатын сағат саны);

      4) әр іс-шара (операция) бойынша шығыстар сомасын және ресурстар құнын айқындау.

      7. Әрбір мемлекеттік қызметшінің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес орындауға жұмсайтын уақытын айқындау үшін мынадай әдістер пайдаланылады:

      1) хронометраж;

      2) жұмыс күніне шолу;

      3) мемлекеттік қызметшілерге пікіртерім жүргізу.

      8. Алдыңғы кезең ішіндегі уақыт шығындары туралы статистикалық есептердің деректері, жұмыс уақытының пайдаланылуына жүргізілген бақылау материалдары, сараптамалық бағалау нәтижелері, сонымен қатар мемлекеттік орган қызметкерлерінің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын орындау жөніндегі тәжірибесі пайдаланылады.

      9. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын орындау құнын есептеу кезінде мемлекеттік орган функциясын орындауға байланысты ағымдағы шығыстар ескеріледі. Мемлекеттік орган функциясын орындау құнын есептеуге күрделі шығыстар қосылмайды.

      10. Мемлекеттік орган функциясын орындау құнын есептеу:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының паспорты;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның жоспарланған кезеңге арналған бюджеті;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның жоспарланған кезеңге арналған бюджеттік өтінімі;

      4) ведомстволық бағынысты ұйымдарды ескере отырып, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың штат кестесі негізінде жүргізіледі.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын есептеу

      11. Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының құнын есептеуді орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган бәсекелес ортада іске асыруға беру үшін мемлекеттік органдардың функцияларын іріктеу кезеңінде жүргізеді.

      12. Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының құны функция паспортында көрсетіледі.

      13. Жүргізілген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының құнын есептеу нәтижелері осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік орган функциясын іске асыру құнын есептеу нысанында (бұдан әрі – ФҚЕ нысаны) көрсетіледі.

      14. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру құнына:

      персоналға бөлінетін шығыстар;

      қорларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінетін шығыстар;

      үстеме шығыстар;

      басқа да ағымдағы шығыстар;

      қосымша шығыстар;

      орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыруға бөлінетін шығыстар кіреді.

      15. Шығыстар түрлері бойынша есептемелерді Қазақстан Республикасының орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органның функциясын орындау кезеңінің әр жылына ФҚЕ нысанына сәйкес ұсынады.

      16. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілеттік орган):

      1) функцияның паспортын;

      2) мемлекеттік орган функциясының құнын есептеме нысанын;

      3) функция құнына талдау жүргізу, шығыстар мен есептердің дұрыстығы мен шындыққа жақын болуы мақсатында ФҚЕ нысанның 1-5-реттік нөміріндегі жолдарда көрсетілген шығыстардың әрбір түрі бойынша растайтын құжаттар мен негіздемелер ұсынады.

      17. Уәкілетті орган он бес жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарау кезінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыру құнының осы Әдістемеге сәйкес есептелуін тексереді.

1-параграф. Персоналға бөлінетін шығыстарды бөлу

      18. Функцияны орындау кезінде жартылай тартылған мемлекеттік қызметшілер бойынша мемлекеттік орган персоналға жұмсалатын шығыстарды есептеуді барабар жүргізеді.

      19. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын орындау кезінде толықтай тартылған қызметшіге қатысты персоналға жұмсалатын шығыстар толық көлемде функцияның орындалу құнына кіреді.

      20. Персоналға жұмсалатын шығыстарды есептеу (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірі,1-жол) мемлекеттік орган функциясын іске асыруға тікелей қатысатын мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге жұмсалатын шығыстарды көрсетеді.

      21. Персоналға жұмсалатын шығыстар:

      1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 9-бабы 10-1)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес айқындалатын еңбекақы төлеуді қамтитын жалақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік аударымдар жататын еңбекақы төлеу қорынан аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары, салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер және басқа да ұстап қалуларды;

      3) ынталандыру, көтермелеу сипатындағы, сондай-ақ үстеме жұмыс үшін төленетін ақшалай төлемдерді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге берілетін сауықтыру жәрдемақыларын қамтитын өтемақы төлемдері, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өтемақы төлемдері, біржолғы жәрдемақыларды қамтиды.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган мемлекеттік орган функциясын орындау құнын тиісті кезеңде есептеу кезінде жалақы мөлшерлемелерінің өзгеруін ескереді.

      22. Егер функцияны орындау құнын есептеуден кейін жалақы мөлшерлемелерінің өзгеруі туралы шешім қолдау таппаса, онда орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган есептеуді қайта жүргізеді.

2-параграф. Қорларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстарды есептеу

      23. Қорларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстарды есептеу (ФҚЕ нысаны, реттік нөмір 2-жол):

      1) қорларды сатып алуға;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      3) байланыс қызметтеріне ақы төлеуге;

      4) көлік қызметтеріне ақы төлеуге;

      5) үй-жайларды жалға алу ақысын төлеуге;

      6) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды қамтиды.

      24. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган қорларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардың есебін дайындайды және қорлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер мемлекеттік орган функциясын іске асыру үшін қажет болған жағдайда, көрсетілген шығыстарды ФҚЕ нысанында (реттік нөмірі 2-жол) көрсетеді.

      25. Материалдық қорларды сатып алуға жұмсалатын шығыстарға шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарағын, қосалқы бөлшектерді, құрылыс материалдары мен басқа да қорларды сатып алу кіреді.

      26. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шығыстарына ыстық су, суық су, кәріз төлемдері, газ және оны тасымалдау, электр энергиясы, жылу энергиясы үшін төлемдер кіреді.

      27. Коммуналдық көрсетілетін қызметке ақы төлеуді есептеу кезінде мемлекеттік орган функциясын орындау құнына жұмсалатын шығыстарды бөлу мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің жалпы санында функцияны тікелей орындайтын персонал үлесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл жағдайда коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы есептелген үлеске көбейтіліп, ФҚЕ нысанының реттік нөмірі 2-жолына енгізіледі.

      28. Байланыс қызметтеріне ақы төлеу шығыстарына телефон, ұялы байланыс, қалааралық сөйлесулер, пошта-телеграф шығыстары, факс, электрондық пошта, интернет пен басқа да байланыс түрлері үшін абоненттік төлемдер кіреді.

      29. Көлік қызметтеріне жұмсалатын шығыстарға заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік мекемелерге көрсететін қызметтердің құны кіреді.

      30. Кеңсе тауарларын, сондай-ақ функцияны орындау процесінде пайдаланылатын басқа қорларды сатып алуға жұмсалған шығыстарды есепке алу оларды функцияны орындау кезінде нақты пайдалану бойынша жүргізіледі.

      31. Қорларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру процесіне толығымен жататын болса, шығыстар функцияны іске асыру құнына толық көлемде кіреді.

      32. Қорлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын орындау процесінде толығымен пайдаланылмаса, шығыстарды ресурстар бойынша барабар бөлу әдісі қолданылады.

3-параграф. Үстеме шығыстар

      33. Үстеме шығыстарды есептеу (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірі 3-жол) шығыстардың екі санатын: әкімшілік шығыстар және қызмет көрсету шығыстарын қамтиды.

      34. Әкімшілік шығыстар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру жөніндегі қызметке басшылық етуге байланысты.

      Шығыстардың бұл санатына мыналар жатады: басқару персоналының жалақысы, еңбек ақы төлеу қорынан аударымдар, ынталандыру, көтермелеу сипатындағы ақшалай төлемдер мен өтемақы төлемдері.

      35. Қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар көмекші қызметтерді (бухгалтерия, кадр, заң, әкімшілік-шаруашылық қызмет, ІT технологиялар, ішкі бақылау қызметтері мен бұқаралық ақпарат құралдары) ұстауға жұмсалатын шығыстарды қамтиды.

      Бұл қызметтердің қызметкерлері орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыруға тікелей қатыспайды, алайда олардың қызметі оны орындау үшін қажет.

      36. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган ФҚЕ нысанының реттік нөмірі 4-жолында көрсетілген үстеме шығыстарды көрсетеді. Үстеме шығыстар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асырудың әрбір кезеңі бойынша ФҚЕ нысанының реттік нөмірі 1-жолында көрсетілген персоналға жұмсалатын шығыстарды 10 пайызға көбейту арқылы айқындалады (үстеме шығыстар коэффициенті).

4-параграф. Басқа да ағымдағы шығыстар

      37. Басқа ағымдағы шығыстарды есептеу (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірі 4-жол) егер олар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру кезінде қажет болған жағдайда ғана, құнды есептеу кезінде ескеріледі.

      38. Басқа ағымдағы шығыстар:

      1) іссапарға;

      2) жеке тұлғалар трансферттеріне;

      3) банктік көрсетілетін қызметтерге.

      39. Іссапарлар мен қызметтік сапарларға жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасы шегіндегі және одан тыс жерлердегі қызметтік іссапарларға жұмсалатын шығыстарды қамтиды. Егер қызметтік іссапарлар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыру үшін қажетті негізгі іс шаралар ретінде көзделген жағдайда, бұл шығыстар құнды есептеуде ескеріледі.

5-параграф. Қосымша шығыстар

      40. Қосымша шығыстардың есебі (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірі 5-жол) ФҚЕ нысанының реттік нөмірлері 1-4 жолдарында ескерілмеген және (немесе) жатқызылмаған шығыстар көрсетіледі.

      Осы шығыстарды көрсету кезінде мемлекеттік орган оларды есептеудің негізгі қағидаттары мен әдістері көрсетілген қосымша құжаттама ұсынады.

      41. Функцияны іске асыру шеңберінде орындалатын негізгі іс-шараларда заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтер, тауарлар мен жұмыстар көзделсе (мердігерлерді тарту), қосымша шығыстар сомасына орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган мен функцияларды орындаушы арасында жасалған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу шартының құны енгізіледі.

      42. Консалтингтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге және зерттеулер жүргізуге жұмсалатын шығыстар қосымша шығыстарға қосылады.

6-параграф. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясын іске асыруға жұмсалатын шығыстар

      43. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын орындауға жұмсалатын шығыстар ФҚЕ нысанының реттік нөмірі 6-жолында көрсетіледі және ФҚЕ нысанының реттік нөмірлері 1-5 жолдардың сомасы болып табылады.

      44. Мемлекеттік орган функциясын орындауға үш жылдық кезең ішінде жұмсалатын шығыстар сомасы (ФҚЕ нысаны, реттік нөмірлер 1-6-жолдар, 6-баған) ФҚЕ нысанының реттік нөмірлері 3,4 және 5-бағандарында көрсетілген шығыстарды қосу арқылы айқындалады.

      45. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган мемлекеттік органның функциясын іске асыру құнын есептеу кезінде осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стандартты факторлардың негізгі түрлері мен шығу көздерін қолданады.

3-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде бюджет қаражатын және мемлекеттік қызметшілердің штат санын оңтайландыру.

      46. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штат санынының оңтайландыру негізінде бюджет қаражатына оңтайландыру жүргізіледі.

      47. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штат санын оңтайландырудың есептемесін әзірлейді.

      48. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бюджет қаражаты мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штат санын оңтайландырудың әзірленген есептеме қорытынды бойынша ақпаратты бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда жіберіледі.

      49. Уәкілетті орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген, оңтайландыру тұрғысынан ұсынылған есептеме бойынша қорытындыны он жұмыс күні ішінде осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысанда әзірлейді және береді.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциясының құнын айқындау
әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын іске асыру құнын есептеу

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясының атауы

_______________________________________

Орталық атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы

_______________________________________

  мың. теңге

Жол

Атауы

Функцияны іске асыру кезеңі

Барлығы

Бірінші жыл

Екінші жыл

Үшінші жыл

1

2

3

4

5

6

1.

Персоналға бөлінетін шығыстар





2.

Қорларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға бөлінетін шығыстар





3.

Үстеме шығыстар





4.

Басқа да ағымдағы шығыстар





5.

Қосымша шығыстар





6.

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын іске асыруға бөлінетін шығыстар





Орталық атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган басшысының қолы:

Күні:

Қолдың толық жазылуы:


Орындаушы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

Орындаушының телефоны:

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциясының құнын айқындау
әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Шығыстардың стандартты факторларының негізгі түрлері және пайда болу көздері

р/с №

Атауы

Көздері

1.

Инфляция

Қазақстан Республикасының 5 жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

2.

Айлық есептік көрсеткіш

Жоспарланған кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

3.

Ең төмен күн көріс деңгейі

4.

Салықтар мөлшерлемелері

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)

5.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 заңы

6.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

"Міндетті медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405 Заңы

7.

Заттай нормалар

Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісі

8.

Үстеме шығыстар коэффициенті

Мемлекеттік органның қаржылық есептемелері

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциясының құнын айқындау
әдістемесіне
3-қосымша
  Нысан

Бюджет қаражаты мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штат санын оңтайландырудың әзірленген есептеме қорытынды бойынша ақпарат

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының атауы

Функцияларын бәсекелес ортаға беруге байланысты орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын қысқарту және (немесе) қайта бөлу (қаражат сомасы)

Лауазымдардың санаттары мен атауын көрсете отырып, штат санын қысқарту көлемі

1.




2.




3.




4.




Барлығы:




  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциясының құнын айқындау
әдістемесіне
4-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген, оңтайландыру тұрғысынан ұсынылған есептеме бойынша қорытынды

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауы


Функция атауы


Оңтайландыру тұрғысынан әзірленген есептеме қорытындысы бойынша ақпараттың толтыру сапасы


Шығыстарды қысқарту және (немесе) қайта бөлу (қарастырылады / қарастырылмайды)


Штат санын қысқарту (қарастырылады / қарастырылмайды)


      Қорытынды:

      Қолы _____________ Күні "__"__________201__ж.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 70 бұйрығына
5-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары бойынша нарықтың дайын болуын талдау жүргізу үшін арналған.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жоспарлы кезең – үш қаржы жылы;

      2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) негізделген баға – негізделген нақты шығындар мен орындаушы функцияларының негізінде анықталған баға;

      4) мүдделі тұлғалар – құқықтары мен міндеттері Заңмен қозғалатын және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша олардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жәрдем көрсете алатын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуын талдау жүргізу

      3. Нарықтың дайын болуын талдау орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асыру бойынша функцияларды орындаушылар тарапынан бәсекелес ортаға беру тұрғысынан қаралып отырған ұсыныстың ағымдағы жағдайын айқындау мақсатында жүргізіледі.

      4. Нарықтың дайын болуын талдау орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (бұдан әрі – ҰКП) бірге және басқа мүдделі тұлғалармен жүргізеді, сондай-ақ мүдделі тұлғалар осы Әдістемеге сәйкес жүргізуі мүмкін.

      5. Нарықтың дайын болуын талдау жүргізу орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларына нарықтың дайын болуына талдау жүргізу мәселесі бойынша құрылған жұмыс топтарға жүктеледі.

      6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған функциялар тізбесін жария орналастыруы және мүдделі тұлғалардан өтінімдерді жинауды жүзеге асыруы;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысуға ниет білдірген мүдделі тұлғаларға ақпарат жөніндегі сұратуды жолдауы;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған функцияларына нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны (бұдан әрі – нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытынды) дайындауы;

      4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларына нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны қарау үшін халықпен, сонымен қатар мүдделі тұлғалармен бірге қоғамдық тыңдау жүргізуі;

      5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру туралы қорытынды шешімін әзірлеуді қамтамасыз етуі.

1-парагаф. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған функциялар тізбесін жария орналастыру және мүдделі тұлғалардан өтінімдерді жинауды жүзеге асыру

      7. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциялардың алдын ала тізбесін (оның ішінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдары ескеріле отырып пысықталған) өтінімді жинау үшін уәкілетті органның және ҰКП ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді.

      Өтінімді жинау Заңның 9-12-бабы 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары бәсекелес ортаға беру қағидаларының 5-тарауына сәйкес жүргізіледі.

2-парагаф. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысуға ниет білдірген мүдделі тұлғаларға ақпарат жөніндегі сұратуды жолдау

      8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша нарықтың дайын болуын анықтау үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органның функцияларын жүзеге асыруға қатысуға ниет білдірген мүдделі тұлғаларға Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортада функцияларды іске асыру бойынша сұрау салуды жолдауды жүзеге асырады.

      9. Ақпарат жөніндегі сұрату функцияларды орындаушылардан мынадай бағыттар бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асыруға олардың дайындығы туралы ақпарат алуды көздейді:

      1) функцияларды орындаушылар қызметінің нысанасы, оның ішінде беруге мемлекеттік функциялармен аралас немесе ұқсас қызметті іске асыру тәжірибесінің болуы;

      2) мемлекеттік функцияларды іске асыру үшін қажетті ресурстардың, оның ішінде білікті персонал мен инфрақұрылымның болуы;

      3) функцияларды пайдаланушылар үшін мемлекеттік функцияларды іске асырудың жоспарланатын құны мен бағасы;

      4) мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортада жүзеге асыруды жақсарту бойынша ұсыныстар.

      10. Мүдделі тұлғалардан ақпарат орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес сауалнамада көрсетілген сұрақтарға жауаптар түрінде ұсынылады.

      11. Мүдделі тұлғалардың ақпаратын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға ұсыну мерзімі ұсынымды сайтта орналастырған күннен бастап отыз күнтізбелік күнін құрайды немесе орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардан ұсыным алған күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

3-параграф. Нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытынды дайындау

      12. Нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны дайындау үшін ақпарат көздері:

      1) функциялардың паспорттары;

      2) мүдделі тұлғалардан ақпарат;

      3) ресми статистикалық есептілік деректері;

      4) қоғамдық тыңдау шеңберіндегі жұмыс кездесулерінің, консультациялардың, отырыстардың хаттамалары болып табылады;

      5) мониторинг қорытындылары.

      13. Нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытынды осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес әрбір жекелеген мемлекеттік функция бойынша қалыптастырылады және уәкілетті органға келісу үшін жолданады.

      14. Нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны дайындау мерзімі, оның ішінде қоғамдық тыңдаулар жүргізуді ескере отырып, мүдделі тұлғалардан ақпаратты алған күннен бастап отыз күнтізбелік жұмыс күнін құрайды.

4-параграф. Нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны қарау үшін халықпен, сонымен қатар мүдделі тұлғалармен бірге қоғамдық тыңдау жүргізу

      15. Нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны қарау үшін халықпен, сонымен қатар мүдделі тұлғалармен бірге қоғамдық тыңдау жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 қаулысымен бекітілген Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес жүргізіледі:

5-параграф. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру туралы қорытынды шешімін әзірлеу

      16. Қоғамдық тыңдаулар нәтижелері бойынша және нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындының негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органдардың бәсекелес ортаға функцияны беру туралы қорытынды шешімдерді осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда қалыптастырады.

      17. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі қорытынды шешімдер бес жұмыс күнінің ішінде қалыптастырылады.

      18. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі қорытынды шешімді мемлекеттік органдардың функцияларды бәсекелес ортаға беру жөніндегі жұмыс топтары бес жұмыс күнінің ішінде қарайды.

      19. Қорытынды шешімдердің негізінде бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларының тізбесі бес жұмыс күнінің ішінде қалыптастырылады.

3-тарау. Нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны қарастыру

      20. Уәкілетті орган түскен күнінен бастап он жұмыс күнінің ішінде нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны қарастырады және нарықтың дайын болуына орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың жүргізген талдауына сараптамалық қорытындыны осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес береді.

      21. Уәкілетті органның қорытындысы теріс болған жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган он жұмыс күнінің ішінде нарықтың дайын болуына талдау қорытындысы жөніндегі материалдарды пысықтайды және оларды уәкілетті органға қайта жолдайды.

      22. Уәкілетті орган Комиссия отырысына қарастыруға бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялар тізбесі бойынша қорытындыны ерікті нысанда дайындайды.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциялары бойынша
нарықтың дайын болуына
талдау жүргізу әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан
  Адресат

Бәсекелес ортада функцияларды іске асыру бойынша сұрау салу

      Сұрату күні:_________

      Осы сұратудың мақсаты нарықты және мемлекеттік функцияны іске асыруға дайын функцияларды орындаушыларды алдын ала талдау болып табылады.

      Осы ақпарат жөніндегі сұрату тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы хабарлама болып табылмайды, сонымен қатар Кәсіпкерлік кодексте көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау аясында сұрау салу болып табылмайды.

      Мемлекеттік орган ақпаратты сұрату қорытындылары бойынша функцияларды орындаушылардың ешқайсысымен шарттар жасау бойынша міндеттемелер алмайды.

      Сізден төменде ұсынылған сауалнаманы толтыруды сұраймыз.

САУАЛНАМА

      1. Мүдделі тұлғалар туралы жалпы ақпарат

Ұйымның атауы

Ұйымның толық атауын және оның ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету

Орналасқан жері

Филиалдарының мекенжайларын қоса отырып, ұйымның толық мекенжайын көрсету

Құрылған күні


Көлемі/штаты


Қаржылық жағдайы

Мүдделі тұлғалардың қаржылық жағдайын көрсету

      2. Мүдделі тұлғалар қызметінің нысаны

Қызмет нысанасы

Қызметінің негізгі түрлерін, оның ішінде беруге мемлекеттік функциямен аралас/ұқсас қызмет түрлерін сипаттау

Пікірлердің болуы

Клиенттер ұсынымдарын ұсыну (бар болған жағдайды)

      3. Мемлекеттік функцияны іске асыру үшін қажетті ресурстардың болуы туралы ақпарат

Мемлекеттік функцияны іске асыру үшін қажетті білікті кадрлардың бар болуы

Мүдделі тұлғаның біліктілігін көрсету
Компанияда бар лицензияларды, сертификаттарды көрсету

Мемлекеттік функцияны іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымның бар болуы

Мемлекеттік функцияны іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымның бар болуын көрсету

      4. Мүдделі тұлғалар ұсынып отырған мемлекеттік функцияны іске асырудың құны мен құнытуралы ақпарат

Іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік функцияның толықтығы

Мүдделі тұлғалар функция шеңберінде орындауды жоспарлап отырған функцияның барлығын жалпы немесе белгілі бір іс-шараларды көрсету

Мемлекеттік функцияны іске асыруға тартылатын жоспарлы қызметкерлер саны

Функцияны/іс-шараны іске асыруға тартылатын қызметкерлер санын көрсету

Мемлекеттік функцияны іске асыруға ұсынып отырған бағасы

Функцияны іске асыруға ұсынып отырған бағаны көрсету.
Сауалнамаға 1-нысан бойынша функцияны іске асыру бағасының есебін қоса тіркеу қажет

Тұтынушылар үшін ұсынылатын функция бағасы

Тұтынушыларға арналған бағаны көрсету.
Сауалнамаға 2-нысан бойынша тұтынушылар үшін функция бағасының есебін (негіздемені) қоса тіркеу қажет

      5. Мемлекеттік функцияны іске асыруды жақсарту бойынша ұсыныстар

Мемлекеттік функцияны іске асыруды жетілдіру бойынша ұсыныс

Функцияны іске асыруды жақсарту үшін пайдаланылатын инновациялық тәсілдерді сипаттау

Функцияны іске асыру бойынша өзге ұсыныстар/түсіндірмелер


      Мүдделі тұлғаның бірінші басшысы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда):

      Орындаушы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      Орындаушының телефоны:

      Күні:

      Мүдделі тұлғаның функцияны іске асыру құнының есебі

  1-нысан.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының атауы

      ......................................................

      Мүдделі тұлғаның атауы ............................................ ..........

  Өлшем бірлігі: мың теңге

р/с №

Атауы

Функцияны іске асыру кезеңі

Жиыны

Біріншіжыл

Екінші жыл

Үшінші жыл

1

2

3

4

5

6

1.

Еңбекақы төлеу шығыстары





2.

Әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар және өзге салықтар





3.

Материалдық шығыстар





4.

Коммуналдық қызметтер





5.

Жөндеу және негізгі құрал-жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты шығыстар





6.

Байланыс бойынша шығыстар





7.

Жалға алу бойынша шығыстар





8.

Іссапар шығыстары





9.

Негізгі құралдардың амортизациясы





10.

Есептік пайда





11.

Өзгелері





12.

Функцияны іске асыру шығыстарының ЖИЫНЫ





      Ескерту: негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер көрсетіледі

      Мүдделі тұлға басшысының қолы Күні: (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      Орындаушы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): Орындаушының телефоны:

      Тұтынушылар үшін функция бағасының есебі (негіздемесі)

  2-нысан.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының атауы

      ...........................................................................

      Мүдделі тұлғаның атауы ...........................................................................

  Өлшем бірлігі: мың теңге

р/с №

Шығыстар атауы

Функцияны іске асыру кезеңі

Біріншіжыл

Екінші жыл

Үшінші жыл

1.

Еңбекақы төлеу шығыстары




2.

Әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар және өзге салықтар




3.

Материалдық шығыстар




4.

Коммуналдық қызметтер




5.

Жөндеу және негізгі құралдарға қызмет көрсетуге байланысты шығыстар




6.

Байланыс бойынша шығыстар




7.

Жалға алу бойынша шығыстар




8.

Іссапар шығыстары




9.

Негізгі құралдардың амортизациясы




10.

Есептік пайда




11.

Өзгелері




12.

Функция бір бірлігі бағасының ЖИЫНЫ




Мүдделі тұлғаның қолы: (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

Күні:

Орындаушы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

Орындаушының телефоны:

      Мүдделі тұлғаның сауалнаманы толтыруы бойынша түсіндірме жазба

      Мүдделі тұлғаның сауалнамасы (бұдан әрі – Сауалнама) мынадай түрде толтырылады.

      Сауанаманың 1-тармағында ұйымның толық атауын, ұйымдық-құқықтық нысанын филиалдарының мекенжайларымен қоса ұйымның толық мекенжайын (аудан және елді-мекен) көрсету қажет. Сонымен қатар, ұйымның құрылу күнін, ағымдағы штатты және ұйымның қаржылық жағдайын көрсету қажет.

      Сауанаманың 2-тармағында мемлекеттік органның беруге ұсынылып отырған функциясымен аралас қызмет түрлерін қоса алғанда, компания қызметінің нысанасын көрсету қажет.

      Сауанаманың 3-тармағында беруге ұсынылып отырған функциялар бойынша құзыреттің бар екендігін көрсету қажет. Мүдделі тұлғаның біліктілігін растау ретінде штатта білікті кадрлардың, тиісті лицензиялардың, сертификаттардың, сапа белгілерінің бар болуы туралы ақпарат болып табылады.

      Сондай-ақ, мемлекеттік орган функциясын іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымның бар екендігін көрсету қажет. Мысалы, егер функция мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауды көздесе, тиісінше қажетті инфрақұрылым мүгедектерді тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобиль болып табылады.

      Сауалнаманың 4.1-тармағында функцияны іске асырудың жоспарлы толықтығын көрсету қажет. Мүдделі тұлға өз ресурстарының, оның ішінде қаржылай мүмкіндіктеріне қарай мемлекеттік функция шеңберінде жекелеген іс-шараларды орындауға дайындығы туралы шешім қабылдай алады.

      Сауанаманың 4.2-тармағында мемлекеттік орган функциясын іске асыруға тартылатын жұмыскерлердің санын көрсету қажет.

      Сауанаманың 4.3-тармағында жоспарлы кезең жылдары бойынша мүдделі тұлғаның функцияны іске асыруының толық құнын көрсету қажет.

      Функцияны орындау құнына функцияны көрсетумен тікелей байланысты шығыстар, оның ішінде:

      1) еңбекақы төлеу қоры және еңбекақы төлеу қорынан аударылатын міндетті төлемдер;

      2) міндетті сақтандыру түрлері, салықтар, алымдар және тиісті кезең шығыстарына есептелетін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3) материалдық шығыстар;

      4) ғимаратты жалға алу шығыстары;

      5) байланыс бойынша шығыстар және іссапар шығыстары;

      6) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді сатып алу;

      7) мүдделі тұлғаның балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтарға амортизациялық аударымдар;

      8) ағымдағы жөндеу және мүдделі тұлғаның балансында тұрған автокөліктерге, ғимараттарға қызмет көрсету, тасымалдау, ұйымдастыру техникасының жұмысқа қабілеттілігін техникалық сүйемелдеу, банктік, аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік және (немесе) ғимаратты жалға алу жөніндегі қызметтер бойынша өзге ұйымдардың көрсететін қызметтері;

      9) өзге де шығыстар кіреді.

      Сауалнамада көрсетілген функция құнына 1-нысан бойынша функцияны іске асыру құнының есебін қоса беру қажет.

      Мүдделі тұлға (1-нысан) функция құны есебінің нысанын толтыру кезінде:

      мемлекеттік орган функциясының атауын;

      орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыруға үміткер және оның іске асырылу құнының есебін орындаған мүдделі тұлғаның атауы көрсетілуі қажет.

      1-нысанға мүдделі тұлғаның басшысы қол қояды. Нысанда мүдделі тұлға басшысының қолының жанында қолдың қолдың толық жазылуы (тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері), қол қойған күні, лауазымды тұлғаның тегі және байланыс үшін телефоны көрсетілуі тиіс.

      Бағаларға, есептер мен шығыстардың шынайылығы мен дұрыстығына талдау жүргізу мақсатында мүдделі тұлға 1-нысанға тиісті құжаттарды және нысанда көрсетілген шығыстардың әрбір түрі бойынша негіздемені ұсынуы тиіс. 1-нысанда көрсетілген шығыстар түрлері бойынша есептерді мүдделі тұлға функцияны орындау кезеңінің әрбір жылында еркін нысанда ұсынады.

      Сауанаманың 4.4-тармағында функцияларды тұтынушылар үшін негізделген бағаны жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша көрсету қажет.

      Функцияның бағасын қалыптастыру кезінде өзіндік құнға функцияны көрсетумен тікелей байланысты шығыстар, оның ішінде:

      1) еңбекақы төлеу қоры және еңбекақы төлеу қорынан есепьелетін міндетті төлемдер;

      2) міндетті сақтандыру түрлері, салықтар, алымдар және тиісті кезең шығыстарына есептелетін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3) материалдық шығыстар;

      4) ғимаратты жалға алу шығыстары;

      5) байланыс бойынша шығыстар және іссапар шығыстары;

      6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу;

      7) мүдделі тұлғаның балансында тұрған негізгі құралдарға амортизациялық аударымдар;

      8) ағымдағы жөндеу және мүдделі тұлғаның балансында тұрған автокөліктерге, ғимараттарға қызмет көрсету, тасымалдау, ұйымдастыру техникасының жұмысқа қабілеттілігін техникалық сүйемелдеу, банктік, аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік қызметтер бойынша өзге ұйымдардың көрсететін қызметі;

      9) өзге де шығыстар кіреді.

      Функция бағасын қалыптастыру кезінде өзіндік құнға функцияны орындауға және қызметтер көрсеуге тікелей байланысты болып табылмайтын шығыстар ескерілмейді.

      Баға белгілеу кезінде бесжылдық кезеңге Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамында Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған тиісті қаржы жылына инфляция болжамы пайдаланылады.

      Сауалнамада көрсетілген бағалар мәндеріне 2-нысан бойыша тұтынушылар үшін функция бағасының есебін (негіздемесін) қоса беру қажет.

      2-нысан әрбір функцияға толтырылады.

      Бағаларға, есептер мен шығыстардың шынайылығы мен дұрыстығына талдау жүргізу мақсатында мүдделі тұлға 2-нысанға тиісті құжаттарды және нысанда көрсетілген шығыстардың әрбір түрі бойынша негіздемені ұсынуы тиіс. 2-нысанда көрсетілген шығыстар түрлері бойынша есептерді мүдделі тұлға функцияны орындау және қызметті көрсету кезеңінің әрбір жылында еркін нысанда ұсынады.

      Тұтынушылар үшін функция бағасының есебі (негіздемесі) нысанын толтыру кезінде:

      мемлекеттік орган функциясының атауын;

      орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыруға үміткер және бағасының есебін орындаған функцияларды орындаушының атауын көрсетуі қажет.

      2-нысанға мүдделі тұлға басшысы қол қояды. Нысанда мүддделі тұлға басшысының қолының жанында қолдың толық жазылуы (тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері), қол қойған күні, лауазымды тұлғаның тегі және байланыс үшін телефоны көрсетілуі тиіс.

      Сауалнаманың 5-тармағында функцияның іске асырылуын жетілдіру үшін мүдделі тұлға ұсынған инновациялық тәсілдер сипатталуы керек. Мысалы, функцияның сапасын жақсартуға алып келетін процестерді автоматтандыру инновациялық тәсіл болып табылуы мүмкін.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциялары бойынша
нарықтың дайын болуына
талдау жүргізу әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған функцияларына нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытынды

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауы


Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының атауы


1. Бәсекелес ортаның ағымдағы жағдайы

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын іске асыруға дайын субъектілер саны мен атауы

Іріктеу олардың сауалнамаларының негізінде жүзеге асырылған барабар мүдделі тұлғалар саны
Ауданның, облыстық, аудандық маңызы бал қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының функциялары үшін нарық субъектілерінің саны аудандар, облыстық, аудандық маңызы бал қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер кесіндісінде көрсетілсін

Бәсекелес орта мәлімдеген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының орташа құны мен бағасы

Орташа құн мәлімделген бағаның ең жоғары және ең төмен мәнін кесу және орташа арифметикалық шамасын есептеу арқылы анықталады.
Аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бал қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының функциялары үшін функцияның мәлімделген орташа құны мен функцияны пайдаланушылар үшін құныаудандар, облыстық, аудандық маңызы бал қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер бөлінісінде көрсетілсін

2. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясын нарық қатысушыларына берудің әсерін анықтау: мүмкіндіктер мен тәуекелдерді бағалау


Мүмкіндіктер



белгісімен таңдау

Тәуекелдер



белгісімен таңдау

Мемлекетке әсері

1. Мемлекеттік бюджетті үнемдеу (2 балл)


1. экономикалық қылмыстылықтың, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың ұлғаюы (1 балл)



2. Штат санын қысқарту салдарынан мемлекеттік аппараттың ықшамдылығын қамтамасыз ету (1 балл)


2. Билікке сенімділік деңгейінің төмендеуі (1 балл)



3. Функцияны бәсекелес ортада іске асыру бойынша бизнес-процестерді инновацияландыруды қамтамасыз ету (3 балл)


3. Берілетін функция бойынша мемлекет құзыретін жоғалту, оның ішінде білікті кадрлардың кетуі (1 балл)



4. Шешім қабылдау процесіне қатысуға азаматтардың мүмкіндігін кеңейту (1 балл)


4. Экологиялық жағдайдың нашарлауы; (1 балл)





5. Жеке және заңды тұлғалар бойынша құпия ақпараттың тарап кетуі; (1 балл)





6. Мемлекеттік бақылауды кеңейту (1 балл)


Баған бойынша сома





Блог бойынша жиыны (екі баған мәндерінің сомасы)




Мүмкіндіктер



белгісімен таңдау

Тәуекелдер



белгісімен таңдау

Мүдделі тұлғаларға әсер

1. Нарық (функцияларды орындаушылар санының өсуі) пен бәсекелестіктің дамуы (3 балл)


1.Монополияның/олигополияның туындауы (2 балл)



2. Кәсіби әлеуеттің ұлғаюы (2 балл)


2. Бюрократиялық қысымның ұлғаюы; (әкімшілік кедергілер, айыппұл санкциялары, бақылауды күшейту) (2 балл)



3. Берілетін мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша материалдық және еңбек ресурстарының болуы (2 балл)


3. Мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділік (қаржыландырудың тұрақсыздылығы)
(2 балл)


Баған бойынша сома





Блог бойынша жиынтық (екі баған мәндерінің қосындысы)




Мүмкіндіктер



белгісімен таңдау

Тәуекелдер



белгісімен таңдау

Функцияны тұтынушыларға әсер (функцияларды пайдаланушылар)

1. Функцияны көрсету сапасының жоғарылауы (1,5 балл)


1. Функцияны көрсету сапасының төмендеуі (2 балл)



2. Қолжетімділіктің жоғарылауы (1,5 балл)


2. Қолжетімділіктің төмендеуі (1 балл)



3. Функция бағасының төмендеуі (1,5 балл)


3. Тұтынушылар үшін функция бағасының жоғарылауы; (1 балл)



4. Ауқымды қамту (1 балл)


4. Қамтудың төмендеуі (1 балл)



5. Кері байланысты кеңейту және фунциялар сапасын жетілдіруге әсер (0,5 балл)


5. Функцияны тұтынушылардың қауіпсіздігіне, денсаулығына және өміріне қауіп-қатер (3 балл)


Баған бойынша сома





Блог бойынша жиыны (екі баған мәндерінің сомасы)


Әсерді қорытынды бағалау


Блок бойынша жиыны

Мемлекетке әсер


Мүдделі тұлғаларға әсер


Функцияны тұтынушыларға әсер (функцияны пайдаланушылар)


Формула бойынша әсерді қорытынды бағалау

И1 х 0,2 + И2 х 0,2 + И3 х 0,6 = ҚБ

3. Нарықтың дайын болуы туралы жиынтық қорытынды

Еркін нысанда мүмкіндіктер мен тәуекелдерді сараптамалық бағалаумен, сұратуларды талдаумен және бәсекелес ортаның ұсыныстарымен нарықтың дайын болуы туралы жиынтық қорытынды жазу.
Жария талқылаулардың қорытындысын сипаттау.

Функцияларды бәсекелес ортаға беру бойынша нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны толтыру бойынша түсініктеме

      Нарықтың дайын болуын талдау (бұдан әрі – НДТ) жүргізу кезінде нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытынды мынадай түрде толтырылады.

1. Бәсекелес ортаның ағымдағы жағдайы

      Бәсекелес ортаның ағымдағы жағдайы сипатталады. Мүдделі тұлғалардың саны көрсетілуі керек.

      Аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бал қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының функциялары үшін нарық субъектілерінің саны аудандар, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер бөлінісінде көрсетіледі.

      Мүдделі тұлғалар мәлімдеген мемлекеттік орган функциясы құнының орташа мәнін көрсету қажет.

      Мүдделі тұлғалар мәлімдеген функцияның орташа құнын есептеу ең жоғары және ең төмен мәлімделген бағаны кесу және орташа арифметикалық шаманы есептеу арқылы жүргізіледі.

      Егер функцияны тұтынушылар (функцияны пайдаланушылар) есебінен іске асыру көзделген болса, функцияны пайдаланушылар үшін орташа бағаны көрсету қажет.

      Аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бал қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының функциялары үшін орташа мәлімделген құны мен функцияны пайдаланушылар үшін бағаны аудандар, облыстық, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер бөлінісінде көрсету қажет.

      2. Мемлекеттік орган функциясын нарық қатысушыларына берудің әсерін айқындау

      Мемлекеттік функцияны бәсекелес ортаға беруге байланысты туындайтын мүмкіндіктер мен тәуекелдерді сараптамалық бағалау арқылы мемлекеттік орган функциясын берудің мемлекетке, мүдделі тұлғаға және тұтынушыға әсері айқындалады.

      Мүмкіндіктер мен тәуекелдердің барлық өлшемшарттары блоктар (мемлекет, мүдделі тұлға, тұтынушы) бойынша бөлінген.

      Мынадай мүмкіндіктерді бағалау жүзеге асырылады мемлекет үшін:

      мемлекеттік бюджетті үнемдеу;

      штат санын қысқарту салдарынан мемлекеттік аппараттың ықшамдылығын қамтамасыз ету;

      функцияны бәсекелес ортада іске асыру бойынша бизнес-процестердің инновациялылығын қамтамасыз ету;

      шешім қабылдау процесіне қатысуға азаматтардың мүмкіндігін кеңейту.

      мүдделі тұлғалар үшін:

      нарық (функцияларды орындаушылар санының өсуі) пен бәсекелестікті дамыту;

      кәсіби әлеуеттің ұлғаюы;

      берілетін мемлекеттік функцияларды іске асыру үшін материалдық және еңбек ресурстарының болуы.

      тұтынушылар үшін:

      функцияны көрсету сапасын арттыру;

      қолжетімділікті арттыру;

      функция бағасының төмендеуі;

      ауқымды қамту;

      кері байланысты кеңейту және фунцияның сапасын жетілдіруге әсер ету.

      Мынадай тәуекелдерді бағалау жүзеге асырылады:

      мемлекет үшін:

      ұлттық қауіпсіздік қатері;

      экономикалық қылмыстың, оның ішінде жемқорлықтың ұлғаюы;

      билікке деген сенімділік деңгейінің төмендеуі;

      берілетін функция бойынша мемлекет құзыретті жоғалту, оның ішінде білікті кадрлардың кетуі;

      экологиялық жағдайдың нашарлауы;

      жеке және заңды тұлғалар бойынша құпия ақпараттың тарап кетуі;

      мемлекеттік бақылауды кеңейту.

      мүдделі тұлғалар үшін:

      монополияның/олигополияның туындауы;

      бюрократиялық қысымның ұлғаюы (әкімшілік кедергілер, айыппұл санкциялары, бақылауды күшеуту);

      мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділік (қаржыландырудың тұрақсыздығы).

      тұтынушылар үшін:

      функцияны көрсету сапасының төмендеуі;

      қолжетімділіктің төмендеуі;

      функция бағасының жоғарылауы;

      қамтудың азаюы;

      функцияны тұтынушылардың қауіпсіздігіне, денсаулығына және өміріне қауіп-қатер.

      Әрбір өлшемшарт блокқа (мемлекет, мүдделі тұлға, тұтынушы) бөлінген. Әрбір өлшемшарттың балмен белгіленген салмағы бар.

      Әрбір блокта мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға беру кезінде туындауы мүмкін мүмкіндіктер/тәуекелдер өлшемшарттары ғана белгіленеді. Мүдделі тұлғалардан ақпарат сұрату нәтижесі, функция паспортындағы ақпарат және мемлекеттік органның сараптамалық пікірі осы немесе басқа өлшемшартты таңдау үшін негіз болып табылады.

      Әрбір блок бойынша қорытынды – бұл мүмкіндіктер өлшемшарттары мен тәуекелдер өлшемшарттары бойынша баллдар сомасы. Бұл ретте тәуекелдер өлшемшарттары бойынша баллдар сомасы теріс мәнде (-) жазылады.

      Мысал.


Мүмкіндіктер (+)

Белгі

Тәуекелдер (–)

Белгі

1-өлшемшарт (2 балл)



 

1- өлшемшарт (2 балл)


2- өлшемшарт (0,5 балл)



 

2- өлшемшарт (1 балл)



 

3- өлшемшарт (1 балл)


3- өлшемшарт (0,5 балл)


Баған бойынша қосынды

2,5 балл


-1 балл


Блок бойынша қорытынды (екі мәндерінің сомасы)

1,5 балл
(2,5+(-1)=1,5)

      Әсерді бағалау өлшемшарттардың әрбір блогының салмақтық мәнін есепке ала отырып, мына формула бойынша есептеледі:

      И1 х 0,2 + И2 х 0,2 + И3 х 0,6 = ҚБ,

      Мұнда:

      И1 – "Мемлекетке әсері" 1-блогы бойынша соманың қорытынды мәні;

      И2 – "Мүдделі тұлғаларға әсері" 2-блогы бойынша соманың қорытынды мәні;

      И3 – "Функцияны тұтынушыға әсері" 3-блогы бойынша соманың қорытынды мәні;

      ҚБ – әсердің қорытынды бағасы. ҚБ әрқашан 6-дан 6-ға дейінгі балл шегінде болады.

      Әсердің қорытынды бағалары теріс немесе нөлдік мәндегі функциялар бәсекелес ортаға беруге ұсынылмайды.

      Әсердің қорытынды бағалары оң мәндегі функциялар бәсекелес ортаға беру тұрғысынан қарауға ұсынылады.

      3. Нарықтың дайын болуы жөніндегі жиынтық қорытынды

      Нарықтың дайын болуы жөніндегі жиынтық қорытындының мақсаты – нарықтың (немесе болмауы), сұраныс пен ұсыныстың бар болуы туралы ақпаратты көрсету. Сонымен қатар, мүдделі тұлғадан алынған ақпаратқа негізделе отырып, қандай өңірлерде нарық сұранысы басым екендігін және қандай өңірлерде сұраныс жоқ екендігін көрсету қажет.

      Мүдделі тұлға мәлімдеген орташа құн, сондай-ақ мүдделі тұлға үшін орташа баға теңгемен көрсетілуі тиіс.

      Жария талқылау қорытындысының хаттамасын негізге ала отырып, нарықтың дайын болуы туралы қорытындыны пысықтау үшін ұсынылған пікірлер, консультациялар, түсініктер жазу керек.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциялары бойынша
нарықтың дайын болуына
талдау жүргізу әдістемесіне
3-қосымша
  Нысан

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру туралы қорытынды шешімі

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауы


Бәсекелес ортаға беруге ұсынылып отырған функция атауы


Мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға берудің орындылығы туралы шешім

(Ия/Жоқ).
Мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға берудің әсерін бағалаудың қорытынды мәнін көрсету.

Мүдделі тұлғалардың дайындығын жалпы бағалау

Мемлекеттік орган функциясын іске асыру үшін ең лайықты мүдделі тұлғаларды көрсету, оның ішінде өңірлер бөлінісінде көрсету.

Бәсекелес ортаға берілетін мемлекеттік орган функциясының құны бойынша шешім

Мемлекеттік орган есептеген функцияның құны________ мың теңге.
Мүдделі тұлғалар ұсынып отырған функцияның орташа құны _______мың теңге.
Екі құнды салыстыру және бәсекелес ортаға беру үшін функция құны бойынша шешімді көрсету.
Субсидиялау болған жағдайда субсидия процентін көрсету.

Мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға берудің сценарийі

Функцияны кезең-кезеңімен беру туралы шешім болған жағдайда, беру мерзімдерін көрсету.

Функцияны бәсекелес ортаға беру жөніндегі қорытынды шешімді дайындау бойынша түсініктемелер

      Мемлекеттік орган функциясын бәсекелес ортаға берудің орындылығы мемлекеттік функцияны берудің мемлекетке, мүдделі тұлғаға және тұтынушыларға әсерін қорытынды бағалау негізінде айқындалады.

      Функцияны бәсекелес ортаға беру туралы шешім қабылдау кезінде функцияның құны туралы ақпарат мынадай түрде есепке алынады:

      1) егер функцияларды орындаушы ұсынатын функцияның орташа құны мемлекеттік орган есептеген функцияның құнынан төмен немесе тең болса, функцияны іске асыру үшін бәсекелес ортаға беру ұсынылады;

      2) егер мүдделі тұлға ұсынатын функцияның орташа құны мемлекеттік орган есептеген функцияның құнынан артық болса, функцияны бәсекелес ортада іске асыру үшін беру ұсынылмайды;

      3) функцияны іске асыру құнын мемлекеттің субсидиялау шартымен:

      егер, мүдделі тұлға ұсынатын функцияның орташа құны мемлекеттік орган есептеген функцияның құны жоғары болса немесе егер мүдделі тұлға ұсынатын функцияларды іске асыру құны функцияны пайдаланушылар үшін мемлекеттік орган көрсететін қызметтің ағымдағы бағасынан төмен немесе тең болса функцияны іске асыруды бәсекелес ортаға беру ұсынылады.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
беру үшін ұсынылатын
функциялары бойынша
нарықтың дайын болуына
талдау жүргізу әдістемесіне
4-қосымша
  Нысан

Нарықтың дайын болуына орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың жүргізген талдауына сараптамалық қорытынды

      Жоба әзірлеуші:

      Талдамалық нысанды енгізу күні:

      Талап/реттеу:


Уәкілетті органмен толтырылады

Бағалаудың жалпы параметрлері

1

Функция атауы



Функция классификациясы


2

Функция паспортынын болуы (бар / жоқ)


3

Функция паспортын толтыру сапасы



Барлық бөлімдер мен тармақтар дұрыс толтырылған



Жекелеген бөлімдер мен тармақтар дұрыс емес толтырылған (қандай бөлімдер мен тармақтар екенін көрсету)



Толығымен дұрыс емес толтырылған


4

Ұсынылатын беру әдісі


5

Функцияның проблемалары мен міндеттерді айқындау (айқындалған / айқындамаған)


6

Нарықтың дайын болуына талдауға қоғамдық тыңдаулар (өткізілді / өткізілмеді)


7

Бәсекелес ортаның қазіргі жағдайы



Нарықтың жағдайын сипаттау (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)



Мемлекеттік қызмет берілетін жағдайда қосымша мәселелер ерікті нысанда талданады (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)


8

Мемлекеттік функцияны беру әдісін таңдау (айқындалды / айқындалмады)


9

Беру әдісінің әсерін айқындау



Мемлекетке әсері (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)



Мүдделі тұлғаларға әсері (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)



Функцияны тұтынушыларға (функцияларды пайдаланушылар) әсері (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады)


10

Әсерді қорытынды бағалау (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады / дұрыс емес толтырылды)


11

Нарықтың дайын болуы туралы жиынтық қорытынды (толтырылды / толығымен толтырылмады / толтырылмады / дұрыс емес толтырылды)


12

Басқада комментариялар
(бар / жоқ)


      Қорытынды:

      Қолы_____________ Күні "__"__________201__ж.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 70 бұйрығына
6-қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуын мониторингтеуді қоспағанда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларының бәсекелес ортада жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17315 тіркелген) сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингісі жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік орган – аутсорсинг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік тапсырма, сонымен бірге функцияларды пайдаланушылар есебінен толық беру арқылы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға іске асыруға функциясын берген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган;

      2) берілген функцияларды мониторингілеу – (бұдан әрі – мониторингі) мемлекеттік органдардың берілген функцияларды бәсекелес ортада іске асыру бойынша ақпаратты бағалау және талдау, жүйелі және үздіксіз жинақтау, қайта өңдеуге бағытталған іс-шаралар жиыны;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) мүдделі тұлғалар – құқықтары мен міндеттері Заңмен қозғалатын және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша олардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жәрдем көрсете алатын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;

      5) функцияларды орындаушы – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

      4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының бәсекелес ортада іске асырылуын бақылау мониторингтің басты мақсаты болып табылады.

2-тарау. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының бәсекелес ортада асырылуына мониторинг жүргізудің тәртібі

      5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, мониторингті орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар жүргізеді.

      6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына тәуелсіз бағалауды алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылады.

      7. Мониторингілеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты монитррингілеуді қоспағанда, мыналарға негізделеді:

      1) жеке және заңды тұлғалардың бәсекелестік ортаға берілген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асыру мәселесі бойынша өтінімдерін сараптау;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асыру мәселесі бойынша бәсекелестік ортадан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсепкерлер палатасынан (бұдан әрі – ҰКП) түскен ақпаратты сараптау;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелік ортаға берілген функцияларын іске асыру мәселесі бойынша мәліметтерді жинау және сараптау жүйесі;

      4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар және басқа да тұлғалар жүргізетін нарықтың дайындығы жөніндегі сараптама.

      8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларына аутсорсингтің, мемлекеттік тапсырманың, пайдаланушылар есебінен берудің жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелілік пен процесс өлшемшарттары негізінде жүргізіледі.

      Нәтижелілік өлшемшарттары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асырудың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар белгілеген түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді айқындайды.

      Процесс өлшемшарттары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуын бағалауды орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бәсекелес ортадан, ҰКП алынған ақпаратты талдаудың негізінде айқындайды.

      9. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган және функцияларды орындаушылар іске асыру ерекшелігіне байланысты функцияны іске асыру сапасына қосымша көрсеткіштерді белгілей алады.

      10. Функцияның бәсекелес ортада іске асырылуының нәтижесі есептіліктің тиісті кезеңінде өлшенетін ақпараттарды (мәліметтерді) жүйелі түрде жинақтау, жүйелерді бақылау, ақпараттық жүйе мәліметтерін қадағалау (тіркеу, тізілімдер, базалар), өлшенетін сандық және сапалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы білінеді.

      11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тиісті кезеңдегі көрсеткіштері (ақпараттар) бойынша мәліметтерді жүйелік жинау серпінді қадағалауға, ауытқуларды белгілеуге, функцияларды орындаушыларына уақытылы кеңес көрсетуге және қажет болған жаңдайда нәтижелілік көрсеткіштерінің мәнін түзету болып табылады.

      12. Мониторинг жүргізуді ұйымдастыру әкімішілік орган іске асырады.

      13. Әрбір әкімшілік органда бәсекелес ортаға берілген функцияларына мониторинг жүргізуге жауапты лауазымды тұлға тағайындалады.

3-тарау. Мониторингтің кезеңдері мен жүйесі

      14. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға берілген функцияларының іске асырылуын мониторингілеу жүйесі мынадай инструментарийді қамтиды:

      1) өзін-өзі бағалау жоспарын;

      2) функцияны тұтынушымен (тікелей нәтижені алушы) кері байланыс механизмін;

      3) функцияны орындаушыларда, әкімшілік органда ішке арыздану механизмі;

      4) функцияны орындаушылардың тоқсандық негізде есеп беру механизмін;

      5) тоқсандық есептер негізінде бағалау және талдауды;

      6) мониторинг нәтижесі бойынша қорытынды есепті.

      15. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортада іске асыру сапасын анықтаудың міндетті шарты болып тұтынушылардың (тікелей нәтижені алушы) функцияның іске асырылу сапасына қанағаттануын бағалау болып табылады.

      16. Функцияны орындаушылар функцияны іске асыру сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау үшін функция ерекшелігіне байланысты қосымша құралдар мен тәсілдерді (сұрау парақтары, онлайн пікіртерім, статистикалық деректер) қолдануы мүмкін.

      17. Өзін-өзі реттейтін ұйымдармен және функцияларды қолданушылар есебінен іске асыратын функциялар функцияны тұтынушымен (тікелей нәтижені алушы) кері байланыс механизмі арқылы бақыланады.

      18. Өзін-өзі реттеу ұйымына біріктірілген жеке кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік органның іс-әрекетін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 26-бабы 1-тармағының 10)-тармақшасына сәйкес шағымданады.

      19. Функция пайдаланушылар есебінен іске асырылатын болса, әкімшілік орган функцияның іске асыруына және қызметтің құнына мониторинг жүргізеді.

      20. Әкімшілік орган функцияларды орындаушылардың өтініштері бойынша жазбаша және ауызша кеңестер ұсынады.

      21. Мониторинг функцияны бәсекелес ортада іске асырудың барлық кезеңінде тұрақты негізде жүргізіледі және циклдық сипатқа ие.

      22. Берілген функциялардың іске асырылуын мониторингілеу циклы үш кезеңнен тұрады:

      1) ақпараттық-есептік кезеңі;

      2) талдамалық кезеңі;

      3) басқарушылық шешімдер қабылдау кезеңі.

1-параграф. Ақпараттық-есептік кезеңі

      23. Ақпараттық-есептік кезеңде әкімшілік орган мәліметтерді (ақпаратты) жинақтауды, нәтижелілік пен процесс өлшемшарттары бойынша ақпараттарды өңдеу және қорытындылауды, функцияны орындаушылардан есеп берудің уақытылы түсуін қадағалауды жүзеге асырады.

      24. Функцияны орындаушылар тоқсандық негізде өзін-өзі бағалау нәтижесі және тұтынушылардың функцияның іске асырылу сапасына қанағаттануды сұрау қорытындысы бойынша осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысанда бәсекелес ортаға берілген мемлекеттік органның функциясын іске асыру туралы есеп ұсынады.

      25. Есептер электронды нысанда есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кеш емес мерзімде ұсынылады.

      26. Әкімшілік органмен тоқсан сайын тоқсандық жиынтық есеп құрылады.

2-параграф. Талдамалық кезең

      27. Талдамалық кезеңде әкімшілік органның қызметкерлері тоқсандық есептер негізінде бәсекелес ортаға берілген функциялар бойынша деректерді, мәліметтер мен ақпараттарды бағалау мен талдауды жүргізеді.

      28. Әкімшілік орган бәсекелес ортаға функциялар берілген кезден бастап жарты жылда бір рет функцияның бәсекелес ортада іске асырылуы бойынша мәліметтерді талдау мен бағалауды жүргізеді.

      29. Тоқсан сайынғы есеп берулер негізінде жылдың қорытынды соңғы айының жиырмасыншы күнінен кеш емес мерзімде мониторинг қорытындысы бойынша жыл сайынғы қорытынды есеп беру жүргізіледі.

      30. Қорытынды есеп функцияны орындаушылар іске асыратын функциялардың бағасының, көлеміның, сапасы мен функция мерзімдерінің негіздігін кешенді бағалауды қамтиды.

      31. Әкімшілік орган, қосымша зерттеу мен сұрау жүргізу қажет болған жағдайда, мониторинг қорытындысы бойынша тиісті функциялар бойынша тұтынушылар (тікелей нәтижені алушы) арасында қосымша әлеуметтік сұрау жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      32. Мониторинтің мәліметтері және қорытынды есеп уәкілетті органның, ҰКП және әкімшілік органның интернет-ресурсында жарияланады және мониторинг нәтижелері туралы мәлімет жаңартылып отырады.

3-параграф. Басқарушылық шешімдер қабылдау кезеңдері

      33. Әкімшілік орган мониторинг нәтижелерімен мемлекеттік органның жанындағы қоғамдық кеңеске шығарар алдында функцияларды орындаушыларды таныстырады.

      34. Мониторинг нәтижелерін әкімшілік орган орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функцияларының бәсекелес ортадағы іске асырылуының негізгі көрсеткіштерін бағалау, салыстыру, талдау және сәйкес шешімдер мен шаралар қабылдау үшін қолданады.

      35. Мониторингтен алынған теріс нәтижелер орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын бәсекелес ортадан қайтаруға негіз болады.

      36. Мониторинг нәтижелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциясының сапасыз жүзеге асырылғанын анықтаған жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар бұл туралы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды және ҰКП хабардар етеді.

      37. Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциясының сапасыз жүзеге асырылғаны туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.

      38. Комиссия орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару туралы шешім қабылдаған кезде, мыналар:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың ішінара беруі шеңберінде – мұндай функцияларды қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, орындаушымен жасалған шартты бұзу арқылы қамтамасыз етіледі;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың толық беруі шеңберінде – мұндай функцияларды қайтару үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу жөніндегі шаралар қабылданады.

      39. Бәсекелес ортадан функцияларды қайтару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

  Орталық және (немесе)
жергілікті атқарушы
органдардың берілген
функцияларының бәсекелес
ортада асырылуына мониторинг
жүргізудің қағидалары
Қосымша
  Нысан

Бәсекелес ортаға берілген мемлекеттік органның функциясын іске асыру туралы есеп

      Функцияны орындаушының атауы _______________________________________

      Берілу тәсілі __________________________________________________________

      Ұсынылған мерзімі _____________________________________________________

      Функцияның құны(бағасы) _______________________________________________

      Функцияны іске асыру масштабы (көлемі)___________________________________

      (тұтынушылар саны)

      Функцияны іске асыру тәсілдері/әдістері

      _________________________________________

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган функциясының аты (функцияның қысқаша сипаттама)

Процесс өлшемшарттарының көрсеткіштері

Нәтижелілік өлшемшарттарының көрсеткіштері

Функцияны тұтынушының қанағаттану деңгейі, арыздар саны

Мәселелер мен тәуекелдер

1

2

3

4

5

6




















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады