Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 маусымда № 22968 болып тіркелді

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасы және 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға көтерме саудада өткізудің 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 3 маусымдағы
№ 188 бұйрыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Өңір

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен

1.

Нұр-Сұлтан қаласы

25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт)

2.

Алматы қаласы

21 346 (жиырма бір мың үш жүз қырық алты)

3.

Шымкент қаласы

22 276 (жиырма екі мың екі жүз жетпіс алты)

4.

Ақмола облысы

25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт)

5.

Ақтөбе облысы

6 410 (алты мың төрт жүз он)

6.

Алматы облысы

21 346 (жиырма бір мың үш жүз қырық алты)

7.

Атырау облысы

7 291 (жеті мың екі жүз тоқсан бір)

8.

Батыс Қазақстан облысы

12 122 (он екі мың бір жүз жиырма екі)

9.

Жамбыл облысы

20 653 (жиырма мың алты жүз елу үш)

10.

Қарағанды облысы

25 764 (жиырма бес мың жеті жүз алпыс төрт)

11.

Қостанай облысы

19 036 (он тоғыз мың отыз алты)

12.

Қызылорда облысы

8 358 (сегіз мың үш жүз елу сегіз)

13.

Маңғыстау облысы

14 435 (он төрт мың төрт жүз отыз бес)

14.

Түркістан облысы

22 276 (жиырма екі мың екі жүз жетпіс алты)

15.

Шығыс Қазақстан облысы

7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрі
  2021 жылғы 3 маусымдағы
  № 188 Бұйрыққа
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газдың тауарлық газды сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Өңір

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен

1.

Нұр-Сұлтан қаласы

30 391 (отыз мың үш жүз тоқсан бір)

2.

Алматы қаласы

38 788 (отыз сегіз мың жеті жүз сексен сегіз)

3.

Шымкент қаласы

35 898 (отыз бес мың сегіз жүз тоқсан сегіз)

4.

Ақмола облысы

30 391 (отыз мың үш жүз тоқсан бір)

5.

Ақтөбе облысы

12 719 (он екі мың жеті жүз он тоғыз)

6.

Алматы облысы

38 788 (отыз сегіз мың жеті жүз сексен сегіз)

7.

Атырау облысы

9 469 (тоғыз мың төрт жүз алпыс тоғыз)

8.

Батыс Қазақстан облысы

13 670 (он үш мың алты жүз жетпіс)

9.

Жамбыл облысы

35 933 (отыз бес мың тоғыз жүз отыз үш)

10.

Қарағанды облысы

30 391 (отыз мың үш жүз тоқсан бір)

11.

Қостанай облысы

28 273 (жиырма сегіз мың екі жүз жетпіс үш)

12.

Қызылорда облысы

19 548 (он тоғыз мың бес жүз қырық сегіз)

13.

Маңғыстау облысы

18 476 (он сегіз мың төрт жүз жетпіс алты)

14.

Түркістан облысы

35 898 (отыз бес мың сегіз жүз тоқсан сегіз)

15.

Шығыс Қазақстан облысы

7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады