Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 маусымда № 22979 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 4-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 168) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.06.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 8 маусымдағы
№ 272
бұйрығына 1-қосымша

Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі

      1. Алып тасталды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.06.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Облыстардың, републикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
20 жылғы "" № бұйрығына
2-қосымша

Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын ауыстыру қағидалары

      1. Осы Ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын ауыстыру қағидалары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын ауыстыру тәртібін айқындайды.

      2. Жыл сайын желтоқсанның 15 дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті (бұдан әрі – кадр қызметі) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес алдағы жылы ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізімін (бұдан әрі - Тізім) қалыптастырады.

      Тізімді Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.

      3. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарын (бұдан әрі - басшылар) ротациялау біліктілік талаптарына сәйкес келуін, әскери-дәрігерлік комиссиясының медициналық куәландыру нәтижелерін және ротациялауға кедергі болатын негіздердің жоқтығын растайтын құжаттарды ескере отырып, кадр қызметі ұсынымдары негізінде Министрдің шешімімен жоспарлы негізде бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім Министрдің бұйрығымен рәсімделеді.

      Ротациялауға кедергі болатын негіздер осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мән-жайлар болып табылады.

      4. Ротация өңіраралық ("өңір – өңір") схемасы бойынша жүргізіледі.

      5. Қызметке басқа жерге ротацияға – қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесі үшін – лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі.

      6. Мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында қарт ата-анасы не онымен тұрақты бірге тұратын және бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар лауазымды адамдар басқа жерге көшумен байланысты ротацияға жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.06.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын, ротацияланатын қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі.

      8. Кадр қызметі ротациялауға жататын басшыны оны өткізерден бір ай бұрын хабардар етеді.

      9. Ротацияға жататын басшылардың материалдары келісілгеннен кейін Министр оларды қайта тағайындау туралы бұйрық шығарады.

  Ротацияға жататын
Қазақстан Республикасы
азаматтық
қорғау органдарының басшылық
лауазымдарын ауыстыру
қағидаларына қосымша

Алдағы жылы ротацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізімі

Аты, жөні, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Лауазымы

1




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады