"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау шеңберінде мемлекеттік аудит нәтижелерін жоспарлы тәртіппен тануды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінде Есеп комитетінің сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тиімділік, сәйкестік мемлекеттік аудитінің нәтижелерін тану рәсімі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы тұрғысынан мынадай:
1) Аудит бағдарламасында көзделген қосымша мәселелерді ескере отырып, мәселелерді (қосымша мәселелерді ескере отырып, мәселелердің отыз пайызынан астамын) қамтудың және ашудың толықтығы;
2) аудиторлық іріктеменің негіздемелері мен нәтижелерінің болмауы;
3) аудиторлық дәлелдемелердің толықтығы мен анықтығы (екі және одан да көп фактілер бойынша);
4) мемлекеттік аудитті жүргізу барысында анықталмаған және аудиторлық есепте көрсетілмеген бұзушылықтар фактілерінің белгіленуі, бұзушылықтарды тіркеу бойынша талаптарды сақтамау (екі және одан да көп фактілер бойынша);
5) анықталған бұзушылықтардың жіктелуінің дұрыстығы өлшемшарттары (бұдан әрі – өлшемшарттар) негізінде жүргізіледі.
Аудиторлық есеп осы тармақта көзделген үш және одан да көп өлшемшарттар бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қаржылық есептілікке мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелерін тану рәсімі мынадай:
1) шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша пікір білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қаржылық есептілік аудитімен компоненттерді қамтудың жеткілікті болуы;
2) операциялардың белгілі бір кластары, шоттар сальдосы мен ашып көрсетулер үшін бекітулер деңгейінде елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелдеріне бағалау жүргізу;
3) аудиторлық іріктеменің негіздемелері мен нәтижелерінің болмауы;
4) аудиторлық дәлелдемелердің толықтығы мен анықтығы (екі және одан да көп фактілер бойынша);
5) анықталған бұзушылықтардың жіктелуінің дұрыстығы;
6) қаржылық есептілік бойынша білдірілген пікірдің негізділігі өлшемшарттары негізінде жүргізіледі.
Аудиторлық есеп:
1) осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген екі және одан да көп өлшемшарттар бойынша;
2) осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген өлшемшарт бойынша сәйкессіздіктер анықталған кезде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылады.";
9-тармақ алып тасталсын;
осы Рәсімдік стандартқа қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Стандарт сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – МАҚБ органдары) жүргізетін тиімділік аудитінің (алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалауды қоспағанда) құрамында жүргізілетін мемлекеттік аудиттің және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары жасайтын құжаттардың, мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен (немесе) сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыруға және оның нәтижелерін ресімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Стандарттың мақсаты сыртқы МАҚБ органдары қызметінің және мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қызметінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген, бұдан әрі – МАҚБ қағидалары) сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Стандарттың міндеті мемлекеттік аудиттің, сараптамалық-талдау іс-шараларының, мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары қызметінің және мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыру бойынша рәсімдік талаптарға қойылатын бірыңғай тәсілді белгілеу болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
сапа бақылауы – мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының, мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен (немесе) сарапшылардың жасайтын құжаттарын МАҚБ органдарының Жалпы және рәсімдік стандарттарында, сондай-ақ МАҚБ қағидаларында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру мен (немесе) талдау түсініледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. МАҚБ басшылары мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының өздерінің қызметі барысында жасайтын құжаттарды МАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне үнемі тексеру жүргізу және (немесе) талдау жолымен сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Сапа бақылауына сыртқы МАҚБ органдарының аудиторлық, сараптамалық-талдау қызметінің дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдері, мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының барлық қызметі, осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сәйкес өлшемшарттар негізінде мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындылары (материалдары) жатқызылады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылығымен дайындалған Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгенге дейін он жұмыс күні бұрын сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге бір мезгілде жібереді.";
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Стандарттың ережелері жүзеге асырылуы "Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығымен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі - Есеп комитеті) 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартымен және Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартымен регламенттелген алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау шеңберінде қорытындылар жүргізуге және дайындауға қолданылмайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сараптамалық-талдау іс-шарасы сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджетті жоспарлау мен атқарудың, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін қоспағанда) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын талдауға, бағалауға, сондай-ақ олардың экономиканың (немесе экономиканың жекелеген саласының), тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген әлеуметтік саланың дамуына әсерін зерттеуге бағытталған сараптамалық-талдау қызметін іске асыру нысанын білдіреді.
Сараптамалық-талдау іс-шарасын сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сараптамалық-талдау іс-шарасының объектісіне шықпай, оларды сараптамалық-талдау іс-шарасы басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ету арқылы жүзеге асырады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы басшысының шешімімен сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері оның қорытындысы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсынымдарды өздеріне қатысты бөлігінде зерделеу үшін уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасының объектілеріне ол аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сараптамалық-талдау іс-шарасы объектісімен оның нәтижелерін талқылайды, олар бойынша шешім ұсынымдық сипатта болады.".
2. Есеп комитетінің Сапа бақылауы, әдіснама және аудит бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының міндетін атқарушы |
Ә. С. Бергенев |
Мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне танымау қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды __________________________________________________________________________________ (аудиторлық есептің атауы, оның деректемелері)
№ | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтау мәніне өлшемшарттар | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеудің анықталған фактілері |
---|---|---|
1 | ||
2 |
Тұжырым: ______________________________________________________________
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін тану рәсімін жүргізген мемлекеттік аудиторлар: ________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, қолы)