"Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23905 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:

      2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар:

      қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ "бір терезе" қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін;

      ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған ЖСҚ кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын бекіту тәртібін;

      кезең-кезеңімен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      3. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, бұрыннан барын өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу), сондай-ақ объектілердің аумақтарын инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыру жобалары бойынша объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізіледі және жобаларға немесе экологиялық сараптаманы, жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасында (салалық сараптаманы) қамтиды;

      Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриалдық аймағының аккредиттелген сараптама ұйымы жүргізетін ведомстводан тыс кешенді сараптама олардың Заңның 64-4 және 64-5-баптарында белгіленген құзыреттеріне сәйкес қаралып отырған жобаның құнына шығындарды жатқыза отырып, шарттың негізінде жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бір бөлігі болып табылатын жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында айқындалған тәртіпте аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында құрылыс жобасының:

      1) жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы құжаттарға (материалдарға, деректерге),техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешімдеріне және осы құрылыс учаскесінің (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсатына сәйкестігі;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігін, қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік талаптарды, объектінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конструкциялардың беріктілігі мен сенімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы, сондай-ақ құрылыс нормаларды және қағидаларды шетел мемлекеттердің стандарттарын, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан, халықаралық және аймақтық ұйымдардың объектілері бойынша.

      3) бірегей ғимараттар мен құрылыстардың (олардың қоршау конструкцияларының), сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынның баламалы көрсеткіштен асып кететін объектілердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкестігі;

      4) ресурсты үнемдеу, отандық тауар өндірушілерді мүдделерін қорғау саласында белгіленген шарттар мен шектеулерге сәйкестігі;

      5) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдардың, технологиялық және инженерлік жабдықтың негізділігін, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктілігі;

      6) ЖСҚ көзделген құрылыс объектілері (ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендердің, коммуникациялардың) көлемдерінің негізділігін және орындылығы;

      7) көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығы;

      8) халық денсаулығын қорғау бойынша ұсынылатын шалалардың тиімділігі, толықтығы және жеткіліктігі;

      9) жоспарланған қызметтің халықтың денсаулығына әсер етуінің толықтығы мен дұрыстығын анықтау;

      10) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан бағалау бойынша міндеттер орындалады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. "Бір терезе" қағидатын іске асыру үшін құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құрылыс жобаларын қоспағанда, бастапқы құжаттармен бірге құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қабылдау жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптама бірыңғай портал арқылы (бұдан әрі – Портал) ғана жүргізіледі:

      Портал:

      1) меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне және қаржыландыру көздеріне қарамастан жобаларға тапсырыс берушілер;

      2) құрылыс жобаларын әзірлеушілер;

      3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары, ерекше индустриалдық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы үшін бірден-бір алаң болып табылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік және (немесе) аккредиттелген сараптама ұйымдары ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асырған кезде құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, барлық рәсімдер мен операцияларды Порталмен интеграцияланған мемлекеттік сараптама ұйымының және сараптама ұйымдары палатасының жеке ақпараттық жүйелерінің көмегімен жүзеге асырады.

      Ерекше индустриалдық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы ведомстводан тыс кешенді сараптаманы барлық рәсімдер мен операцияларды құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйесі, Портал арқылы жүзеге асырады.";

      22, 23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриалдық аймағының аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт Портал және мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымдары палатасының ақпараттық жүйелері арқылы электрондық-цифрлық нысанда (электрондық шарт), тараптардың уәкілетті өкілдерінің электрондық-цифрлық қолтаңбалармен қол қою арқылы жасалады.

      Құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге мемлекеттік сараптама ұйымдарымен жасалған шарттар қағаз тасығышта ұсынылады.

      Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жасалады.

      Мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған электрондық шарт жариялы болып табылады және мемлекеттік сараптама ұйымы мен тапсырыс берушілер арасында жасалады.

      Шарттар ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілерін салуға арналған тиісті ЖСҚ-ға, құрылысы аяқталмаған объектілер бойынша түзетілген ЖСҚ-ға қатысты, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тараудың 6 және 7-параграфтарында, сондай-ақ 3-тарауда көзделген концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде қатысушылар ұсынатын концессиондық өтінім құрамындағы ТЭН бойынша кешенді сараптама жүргізу ерекшеліктерін де ескеріледі.

      23. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын жоба (ТЭН немесе ЖСҚ) оның бастапқы құжаттармен бірге, құпия деген белгісі немесе ҚБПҮ деген белгісі бар жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, Портал арқылы тапсырыс беруші көрсетілген материалдардың жинақтылығы мен құрамының мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін мемлекеттік ұйымға немесе тапсырыс беруші таңдаған аккредиттелген сараптама ұйымының біріне немесе ерекше индустриалдық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымына жіберіледі.

      24. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриалдық аймағының аккредиттелген сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт күшіне енген күн сараптама жұмыстарының басталған күні болып табылады.

      25. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырыс берушілерден және жобаның әзірлеушілерінен қажетті материалдарды және ақпаратты сұратады және алады;

      2) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген тәртіппен дәлелді ескертулер және оларды орындау мақсатында береді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Сарапшының жоба материалдарын қарау бойынша істің ағымдағы жағдайы туралы ресми деректер күн сайын:

      1) осы жоба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымының атауы;

      2) жобаның (техникалық-экономикалық негіздемелері немесе жобалау-сметалық құжаттамасы) ресми атауы, жобалау объектісінің салалық тиесілілігі мен оның орналасқан орны;

      3) тапсырыс беруші (инвестор, меншік иесі) және жобаны қаржыландыру көзі;

      4) жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы);

      5) сараптамаға ұсынылған құжаттаманы қабылдау рәсімдерінің нәтижелері;

      6) шарттың күшіне енген күнін көрсетіле отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарт жасасу күні көрсетілген ақпаратты орналастыра отырып мемлекеттік сараптама ұйымының, аккредиттелген сараптама ұйымдарының немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымының интернет-ресурстарының тиісті бөлімдеріне орналастырылады.";

      34-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженрелік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 35 (отыз бес) жұмыс күні беріледі.";

      35-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса алғанда, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 50 (елу) жұмыс күні беріледі;";

      36-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса, ТЭН-нің немесе ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 20 (жиырма) жұмыс күні беріледі;";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Конкурстық өтінім құрамындағы ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптама қала құрылысына және техникалық регламенттерге, сондай-ақ пайдалану барысында жобаланатын объектінің тұрақты жұмыс істеуі бөлігіндегі техникалық-техногологиялық шешімдерімен қамтамасыз ету бойынша нормативтік талаптарға сай келуіне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы және жарылыс қауіпсіздігін әлеуметтік-экономикалық және маркетингтік зерттеуді қамтамасыз ету шарларына бағалау жасалады.";

      2-1-тарау алып тасталсын.

      69-4 және 69-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-4. Құпия деген белгісі немесе "ҚБПҮ" деген белгісі бар құрылыс жобалары бойынша осы Қағидалардың 17, 18, 22, 23, 70, 79, 81, 82-тармақтарына сәйкес сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіледі.

      69-5. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын бастапқы-рұқсат беру құжаттарының жинақтылығы осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.

      Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы көрсетілген материалдар мемлекеттік сараптама ұйымында тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәйкестікке тексеріледі.";

      69-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Жауапкершіліктің І деңгейіндегі технологиялық немесе техникалық күрделі объектілер болып табылатын объектілерді салу жобалары бойынша 45 (қырық бес) жұмыс күні;

      2) жауапкершілігі ІІ деңгейдегі технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 30 (отыз) жұмыс күнінен;

      3) жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 20 (жиырма) жұмыс күнінен;

      4) жауапкершілігі ІІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.";

      69-10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 35 (отыз бес) жұмыс күні графикалық материалдарды, конструктивтік, инженерлік және сметалық есептерді қоса алғанда, барлық бөлімдер мен бөліктер бойынша, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлей отырып, жобалау шешімдерінің барлық бөлімдері мен бөліктері бойынша қатар (бір мезгілде) қарау үшін бөлінеді;";

      69-11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса алғанда, барлық бөлімдері мен бөліктерін қатар қарау үшін 20 (жиырма) жұмыс күні беріледі;";

      69-12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) графикалық материалдарды, конструкциялық, инженерлік және сметалық есептерді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлігінде жобаның бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама қорытындыларын дайындай отырып, жобалау шешімдерінің санитариялық-эпидемиологиялық бөлігін қоса алғанда, ЖСҚ-ның барлық бөлімдері мен бөліктерін қарау үшін 12 (он екі) жұмыс күні беріледі;";

      11-параграф алып тасталсын.

      73-1-тармақ алып тасталсын.

      Қағиданың 2-қосымшасында:

      1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшасымен толықтырылсын:

      "10) I және II санаттағы объектілер үшін - қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды;

      ІII санаттағы объектілер үшін - объектіні салу және пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы.объектов."

      2-тармақ алып тасталсын;

      Қағиданың 3-қосымшасында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жобаның қоршаған ортаны қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы бөлігінде сараптама жүргізу үшін қажет арнайы (қосымша) бастапқы құжаттар:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен ауыз сумен жабдықтаудың бетіндегі және жерасты негіздерінің санитариялық қорғау аймағын белгілеу, эпидемиологиялық маңыздылығы бар обьектілердің санитарлы-қорғау аймақтарын қысқарту бөлігінде түзету бойынша келісу;

      қалалық және ауылдық елді мекендеріне, курорт аймақтарына, елді мекендер пункттеріне жоспарлаудың және құрылыс салудың бас жоспары.

      3) I және II санаттағы объектілер үшін - қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды;

      ІII санаттағы объектілер үшін - объектіні салу және пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы.";

      Қағиданың 4-қосымшасында:

      1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:

      "4) I және II санаттағы объектілер үшін - қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды;

      ІII санаттағы объектілер үшін - объектіні салу және пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы.";

      Қағидаларға 5-қосымшада:

      Реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Уәкілетті органдардың келісімдері (объектілердің функционалдық мақсаттары мен қажеттілігі бойынша:
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (әуеайлақтан 15 км шегінде орналасқан биіктігі 45м және одан жоғары объектілер бойынша);
I және II санаттағы объектілер үшін - қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды;
ІII санаттағы объектілер үшін - объектіні салу және пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы.
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-техникалық

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады