"Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 14 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 2 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 қаңтарда № 31822 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23968 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістемеде:

      22-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) жүргізетін өткен кезеңдердегі МЖЖ құжаттарының іске асырылу тиімділігі аудитінің нәтижесі;";

      48-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) есепті кезеңге жоспарланған нақты нәтижелерге қол жеткізудің қысқаша талдауы, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар қол жеткізбеудің (құжатты іске асыру басталған кезден бастап бүкіл кезең үшін) негіздемелері ретінде келтіретін себептердің объективтілігіне және нәтижелер көрсеткіштері мен өткен кезеңдерде МЖЖ құжаттарын іске асырудың тиімділігін талдау жөніндегі Жоғары аудиторлық палатаның тексеру материалдарын ескере отырып, әрбір ұлттық жоба бойынша осындай қол жеткізбеуге әкеп соққан нақты іс-шаралардың орындалмауына қатысты ұстанымы;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға __________А. Иргалиев
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Президентінің Әкімшілігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады