БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, мәліметтер жоқ болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет алушыға "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағына сәйкес себептерін көрсетумен жауап жолдайды.
Егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны Қағидалардың талаптарына сәйкестікке келтірмеген жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) басшысының атына немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, Агенттіктің немесе Бюроның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
3, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігінің Төрағасы |
К. Келимбетов |
2021 жылғы 26 тамыздағы № 2 Бұйрыққа 1-қосымша "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына 3-қосымша |
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты | ||
---|---|---|
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 9 (тоғыз) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (жартылай автоматтандырылған). |
5 | Қызмет көрсету нәтижесі |
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10161 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бойынша ақылы түрде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің – |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) портал арқылы: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз |
Көрсетілетін қызметті беруші: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны портал арқылы пайдалануға, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Сіздің 20__ жылғы____________ №_______ сұрау салуыңызға "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК) 20___ жылғы ________ № ___бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру қағидаларының 3-қосымшасының 9-тармағына сәйкес "АЕО" РМК Сізге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатынын хабарлайды.
Директор ___________
2021 жылғы 26 тамыздағы № 2 Бұйрыққа 3-қосымша "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына 6-қосымша Нысан |
Статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама
20___ жылғы "___" ________________ "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20___жылғы №____сұрау салуыңызға_________ деректер қалыптастырылғанын және көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жолданғанын хабарлайды.
Директор ____________________