Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 170-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 170-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – Бірыңғай жүйе) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылған негізгі түсініктер мен анықтамалар:
1) ақпараттандыру объектілерін интеграциялау – Қазақстан Республикасында пайдаланылатын деректерді берудің стандартты хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
2) арнайы органдар – осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мемлекеттік кадастрлары мен мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар.
3) Бірыңғай жүйенің кіші жүйелері – табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының мәліметтерін қамтитын Бірыңғай жүйе құрамында іске асырылған компонент.
3. Бірыңғай жүйені жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың жай-күйі мен пайдаланылуы туралы деректерге сүйене отырып, тиісті табиғи ресурстардың түрлеріне мониторинг жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырады.
Бірыңғай жүйені жүргізу жөніндегі қызметті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымымен жүзеге асырылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу тәртібі
4. Бірыңғай жүйе мыналарды қамтамасыз етеді:
1) кадастрлық ақпаратты өңдеу және ұсыну технологиясының бірлігі;
2) автоматтандырылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтілігі;
4) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпараттан басқа, Бірыңғай жүйеде қамтылған ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімділігі.
5. Бірыңғай жүйенің жұмыс істеу мақсаттары:
1) табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты оларды шешу үшін мемлекеттік органдарды, ғылыми орта өкілдерін, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарды, мүдделі заңды және жеке тұлғаларды табиғи ресурстардың жай-күйі туралы уақтылы және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын есепке алу, қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану негізінде табиғи ресурстық ақпаратты жинақтау, сақтау және өңдеу тәсілдерін стандарттау;
3) ақпараттық ресурстарға жедел санкцияланған қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік статистикалық есептілікті және шолу-талдау сипатындағы құжаттарды автоматтандырылған қалыптастыру.
6. Бірыңғай жүйені географиялық байланысы, ұйымдық-құқықтық нысаны, меншік және шаруашылық жүргізу түрі, топографиялық-геодезиялық материалдар, статистикалық есепке алу деректері көрсетіле отырып, әрбір есептік кадастрлық объектінің жай-күйі туралы цифрлық түрдегі құжаттамалық мәліметтер құрайды.
7. Бірыңғай жүйені жүргізу бойынша қызметті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың жай-күйі мен пайдаланылуын есепке алу деректерінің негізінде табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырады.
8. Бірыңғай жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету деректердің салыстырмалылығы мен ақпараттық ресурстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық және ақпараттық тәсіл негізінде жүзеге асырылады.
9. Бірыңғай жүйенің кіші жүйелерін ақпаратпен толықтыру мен жаңартуды меншік ақпараттық жүйелері бар арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар интеграция құралдары бойынша жүзеге асырады.
10. Бірыңғай жүйені жүргізу бойынша қызметті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
11. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мынадай есепке алу объектілері құрайды, олар бойынша мониторингті мынадай арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік жер кадастры бойынша – жер ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті орган және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады;
2) мемлекеттік су кадастры (жерүсті және жерасты су объектілері, су ресурстарын пайдалану) бойынша – қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, тұтастай республика бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал олардың аумақтық органдары – өзендер бассейндері мен әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жүргізеді;
3) мемлекеттік орман кадастры бойынша – тұтастай республика бойынша орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ал оның аумақтық органдары әкімшілік – аумақтық бірліктер шегінде жүргізеді;
4) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры бойынша-тұтастай республика бойынша жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган, ал оның аумақтық органдары әкімшілік – аумақтық бірліктер шегінде;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры бойынша – тұтастай республика бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ал оның аумақтық органдары әкімшілік – аумақтық бірліктер шегінде жасайды;
6) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – тұтастай республика бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ал оның аумақтық органдары әкімшілік – аумақтық бірліктер шегінде жүзеге асырады.
12. Кадастрларды жүргізетін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар құзыреті шегінде есептілік кезеңінен кейінгі айдың 15-күніне қарай бірыңғай жүйені толықтыруды тегін жүзеге асырады.
13. Бірыңғай жүйеге енгізілген объект туралы деректер мыналарды қамтиды:
1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдар, объектінің паспорты және статистикалық ақпарат;
2) объектінің кеңістіктік жағдайы туралы картографиялық материал және аумақты кешенді бағалау үшін қажетті басқа да деректер қоса беріледі.
14. "Жер кадастры" кіші жүйесі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері негізінде қалыптастырылады.
Деректерді беру Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес ақпараттық жүйелерді интеграциялау құралдары бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 25.07.2023 № 228 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. "Су кадастры" кіші жүйесі Мемлекеттік су кадастры деректерінің (оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйенің, автоматтандырылған деректер банктерінің) негізінде қалыптастырылады
Деректерді беру Бұйрыққа сәйкес ақпараттық жүйелерді интеграциялау құралдары бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.
16. "Орман кадастры" кіші жүйесі Мемлекеттік орман кадастры деректерінің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларына сәйкес деректерді қамтиды.
17. "Жер қойнауы кадастры" кіші жүйесі мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры деректерінің есебінен қалыптастырылады.
Деректерді беру Бұйрыққа сәйкес ақпараттық жүйелерді интеграциялау құралдары бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.
18. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастры" кіші жүйесі Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрының деректері есебінен қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26894 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес деректерді қамтиды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 25.07.2023 № 228 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. "Жануарлар дүниесінің кадастры (аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша)" кіші жүйесі жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрының деректері есебінен қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11800 болып тіркелген) Жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастрын және мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес деректерді қамтиды.
20. "Жануарлар дүниесі кадастры (балық және басқа су жануарлары бойынша)" кіші жүйесі Қазақстан Республикасындағы балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мемлекеттік кадастрының деректері есебінен қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 245-Ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9655 болып тіркелген) балық аулау және балық және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа да су жануарлары объектілеріне жатқызылған балықтар мен басқа да су жануарларының кадастрлық кітабын жүргізудің бекітілген нысандары мен қағидаларына сәйкес деректерді қамтиды.
21. "Картографиялық деректер" кіші жүйесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес картографиялық деректердің базалық көрсеткіштерімен табиғи жағдайларды біріктірілген картографиялық бағалауды білдіреді.
22. Бірыңғай жүйені енгізу кезінде "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескеріледі.
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының Бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларының қосымшасы |
Картографиялық деректердің базалық көрсеткіштері:
vga | Өсімдіктер ареалы (полигондар) |
vgl | Өсімдіктер ареалы (желілер) |
vgp | Өсімдіктер ареалы (нүктелер) |
clmka | Өнеркәсіптік, а/ш, а / к объектілер (полигондар) |
clmkl | Өнеркәсіптік, а/ш, а/к объектілер (желілер) |
clmkp | Өнеркәсіптік, а/ш, с / к объектілер (нүктелер) |
dneta | Гидрография және гидрооқшаулау (полигондар) |
dnetal | Гидрография және гидрооқшаулау (желілер, полигондар шекарасы) |
dnetl | Гидрография және гидроқұрылыстар (желілер) |
dnetp | Гидрография және гидроқұрылыстар (нүктелер) |
hypsl | 1:1 000 000 масштабтағы халықаралық график |
hypsp | Биіктік белгілері (нүктелер) |
lcova | Жер жабындары (полигондар) |
lcovl | Жер жабындары (желілер) |
lcovp | Жер жабындары (нүктелер) |
lml | Энергетикалық инфрақұрылым желілері |
physl | Құрлық пен акватория түбінің рельефі (желілері) |
polta | Әкімшілік бөлініс (полигондар) |
poltal | Әкімшілік бөлініс бірліктерінің шекаралары (желілер, полигондар шекарасы) |
pplca | Елдімекендер, қалалардыңорамдары жәнекүрделіконфигурациялықұрылыстар (полигондар) |
pplcp | Масштабтантысбелгіменкөрсетілгенелдімекендер, жекетұрғанқұрылыстар (нүктелер) |
rlrdl | Темір жолдар (желілер) |
roadl | Автожолдар, қара жолдар, қысқы жолдар, соқпақтар (желілер) |
tsoba | Елді мекендерден тыс барлық кластағы станциялар |
tsobl | Көлік құрылыстары (желілері) |
les_glpr | Мемлекеттік табиғи орман резерваттары, 2004 |
les_gpz | Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2004 |
les101 | Қарағай, ағаш тәріздңлердің ареалы, 2004 ж |
les102 | Шырша ареалы, 2004 ж |
les103 | Шырша ареалы, 2004 ж |
les104 | Балқарағай ареалы, 2004 ж |
les105 | Балқарағай ареалы, 2004 ж |
les106 | Қайың ареалы, 2004 ж |
les107 | Көктерек, терек ареалы, 2004 |
les109 | Шаған ареалы, 2004 ж |
les110 | Сексеуіл ареалы, 2004 |
les111 | Жеміс ареалы, 2004 |
les112 | Өзге балқарағайлар ареалы, 2004 |
les113 | Бұталардың ареалы, 2004 ж |
les_hoz | Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер, 2004 |
les_hoz2005 | Ормандарменжануарлардүниесінқорғаужөніндегімемлекеттікмекемелер, 2005 |
les_lsc | Орман селекциялық орталықтары, 2004 |
les_shells | Орман кадастрының басқа объектілері, 2004 |
les_gnpp | Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2004 |
fish_hoz2005 | Балық кадастры объектілері, 2005 |
fish_rvp | Балық өсіру кәсіпорындары, 2004 |
fish_rhp | Балық шаруашылығы кәсіпорындары, 2004 |
fish_baseyn | Су шаруашылығы бассейндері, 2005 |
fish_vz | Балық жіберу су қоймалары, 2004 |
fish_Rpr | Балық кәсіпшілігі аудандары, 2004 |
fish_Rpu | Балық кәсіпшілігі учаскелері, 2004 |
gpp_oopt | Мемлекеттік табиғи ескерткіштер, 2004 |
gpp_oopt2005 | Мемлекеттік табиғи ескерткіштер, 2005 |
an_01 | Арқар ареалы, 2004 |
an_02 | Бұлан ареалы, 2004 |
an_04 | Елік ареалы, 2004 |
an_05 | Ақбөкен ареалы, 2004 |
zoo_oopt | Мемлекеттік зоологиялық парктер, 2004 |
zoo_oopt2005 | Мемлекеттік зоологиялық парктер, 2005 |
an_06 | Сібір тау ешкісінің ареалы, 2004 |
an_07 | Сілеусін ареалы, 2004 |
an_08 | Қоңыр аюдың ареалы, 2004 |
gbs_oopt2005 | Мемлекеттік ботаникалық бақтар, 2005 |
an_10 | Қабан ареалы, 2004 ж |
gnpp_oopt | Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2004 |
gnpp_oopt2005 | Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2005 |
gpz_oopt | Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2004 |
gpzak_oopt | Мемлекеттік табиғи қорықшалар, 2004 |
gpzak_oopt2005 | Мемлекеттік табиғи қорықшалар, 2005 |
gpr_oopt | Мемлекеттік табиғи резерваттар, 2004 |
gpr_oopt2005 | Мемлекеттік табиғи резерваттар, 2005 |
gzz_oopt | Мемлекеттік қорық аймақтары, 2004 |
gzz_oopt2005 | Мемлекеттік қорық аймақтары, 2005 |
gpz_oopt2005 | Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2005 |
an_11 | Құдыр ареалы, 2004 |
an_13 | Қасқыр ареалы, 2004 |
an_14 | Қоян ареалы, 2004 |
an_15 | Борсық ареалы, 2004 |
an_17 | Суыр ареалы, 2004 |
an_raionl | Әкімшілік аудандардың шекаралары, 2004 |
an_19 | Ондатр ареалы, 2004 |
an_20 | Саңырау құр ареалы, 2004 |
an_21 | Құр ареалы, 2004 |
an_22 | Қырғауыл ареалы, 2004 |
an_raiona | Әкімдік аудандар, 2004 |
an_24 | Қаз ареалы, 2004 |
an_25 | Түлкі ареалы, 2004 |
an_26 | Үйрек ареалы, 2004 |
an_27 | Шағала ареалы, 2005 |
an_28 | Кекілік ареалы, 2004 |
an_29 | Сарышұнақ ареалы, 2004 |
an_30 | Қоқиқаз ареалы, 2004 |
an_31 | Аққу ареалы, 2005 |
an_32 | Джек құтан ареалы, 2004 |
an_33 | Бірқазан ареалы, 2004 |
an_34 | Жанат тәрізді ит ареалы, 2005 |
an_35 | Шиебөрі ареалы, 2004 |
an_36 | Тау арқары ареалы, 2004 |
an_37 | Ұлар ареалы, 2004 |
an_38 | Сұңқар-ителгі ареалы, 2004 |
an_39 | Құлан ареалы, 2005 |
an_40 | Ақбөкен ареалы, 2004 |
an_41 | Жетiсу бақатiсi, ареалы, 2004 |
an_42 | Барыс ареалы, 2004 |
an_43 | Боз суыр ареалы, 2004 |
an_gnpp | Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2004 |
an_gpz | Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2005 |
an_hoz2 | Орман балық аң аулаукомитетінің аң аулау алқаптары, 2004 |
an_hoz4 | Жалпыға пайдаланылатын аң аулау алқаптары 2004 |
an_hoz7 | Мекмлекеттік табиғи қорықшалар, 2004 |
an_hoz8 | Қалалардың жерлері, 2005 |
ohot_hoz2005 | Аң аулау шаруашылығы, 2004 |
les | Орман кадастры, 2004 |
animal | Жануарлар дүниесі кадастры, 2005 |
oopt | ЕҚТА кадастры, 2004 |
fish | Балық кадастры, 2004 |
obz_pplcp | Масштабтан тыс белгімен көрсетілген елді мекендер, жеке тұрған құрылыстар (нүктелер) |
obz_pplca | Елдімекендер, қалалардыңопрамдары жәнекүрделіконфигурациялықұрылыстар (полигондар) |
obz_dnetl | Гидрография және гидроқұрылыстар (желілер) |
obz_dnetal | Гидрография және гидрооқшаулау (желілер, полигондар шекарасы) |
obz_dneta | Гидрография және гидрооқшаулау (полигондар) |
obz_roadl | Автожолдар, қара жолдар, қысқы жолдар, соқпақтар (желілер) |
resva | Қорықтар (полигондар) |
roadp | Жолдарға қолайлы асулар |
les108 | Емен ареалы, 2004 ж |
klim_zona_oopt | Табиғи-климаттық аймақтандыру, 2004 |
an_03 | Қызыл бұғы (марал) ареалы, 2004 |
an_09 | Итбалық ареалы, 2004 |
an_12 | Түлкі ареалы, 2004 |
an_16 | Құндыз ареалы, 2004 |
an_hoz1 | Қаз аңаулаубалықаулауодағы алқаптарының ареалы 2004 |
an_hoz3 | Басқа пайдаланушылардың аңшылық алқаптары, 2004 |
obz_rlrdl | Темір жолдар (желілер) |
gppl_oopt2005 | Мемлекеттік орман табиғат ескерткіштері, 2005 |
gppg_oopt2005 | Геологиялық мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2005 |
gppgm_oopt2005 | Геоморфологиялық мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2005 |
gppgd_oopt2005 | Гидрогеологиялық мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2005 |
gpzakz_oopt2005 | Зоологиялық мемлекеттік табиғи қорықшалар, 2005 |
gpzakk_oopt2005 | Кешенді мемлекеттік табиғи қорықшалар, 2005 |
gpzakb_oopt2005 | Ботаникалық мемлекеттік табиғи қорықшалар, 2005 |