БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24277 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 170-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – Кадастрлардың бірыңғай жүйесі) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылған негізгі түсініктер мен анықтамалар:
1) ақпараттандыру объектілерін интеграциялау – Қазақстан Республикасында пайдаланылатын деректерді берудің стандартты хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
2) арнайы органдар – осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мемлекеттік кадастрлары мен мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің кіші жүйелері – табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының мәліметтерін қамтитын Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрамында іске асырылған компоненттер;
4) Кадастрлардың бірыңғай жүйесі – Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетін бірыңғай жалпымемлекеттік кешенді есепке алу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының барлық түрін біріктіретін салааралық ақпараттық жүйе.
3. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи ресурстардың жай-күйі мен пайдаланылуын есепке алу деректері негізінде ұйымдастырады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу тәртібі
4. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) кадастрлық ақпаратты өңдеу және ұсыну технологиясының бірлігі;
2) автоматтандырылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтілігі;
4) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараттан басқа Кадастрлардың бірыңғай жүйесінде қамтылған ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімділігі.
5. Кадастрлардың бірыңғай жүйесі мыналарға арналған:
1) табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты оларды шешу үшін мемлекеттік органдарды, ғылыми орта өкілдерін, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарды, мүдделі заңды және жеке тұлғаларды табиғи ресурстардың жай-күйі туралы уақтылы және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын есепке алу, қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану негізінде табиғи ресурстық ақпаратты жинақтау, сақтау және өңдеу тәсілдерін стандарттау;
3) ақпараттық ресурстарға жедел санкцияланған қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік статистикалық есептілікті және шолу-талдау сипатындағы құжаттарды автоматтандырылған қалыптастыру.
6. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін географиялық байланысы, ұйымдық-құқықтық нысаны, меншік және шаруашылық жүргізу түрі, топографиялық-геодезиялық материалдар, статистикалық есепке алу деректері көрсетіле отырып, әрбір есептік кадастрлық объектінің жай-күйі туралы цифрлық түрдегі құжаттамалық мәліметтер құрайды.
7. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету деректердің салыстырмалылығы мен ақпараттық ресурстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық және ақпараттық тәсіл негізінде жүзеге асырылады.
8. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің кіші жүйелерін ақпаратпен толықтыру мен жаңартуды меншік ақпараттық жүйелері бар арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес көрсетілген ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы электрондық түрде жүзеге асырады.
9. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мынадай есепке алу объектілері құрайды, олар бойынша мониторингті мынадай арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар:
1) мемлекеттік жер кадастры бойынша – жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкілетті орган және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) мемлекеттік су кадастры (жерүсті және жерасты су объектілері, су ресурстарын пайдалану) бойынша – қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар – тұтас республика бойынша, ал олардың аумақтық органдары – өзендер бассейндері мен әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
3) мемлекеттік орман кадастры бойынша – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
4) жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры бойынша – жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
6) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
7) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – тұтас республика бойынша, ал өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жүзеге асырады.
10. Кадастрларды жүргізетін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар құзыреті шегінде жыл сайын, есептілік кезеңінен кейінгі айдың 15-күніне қарай Кадастрлардың бірыңғай жүйесін толықтыруды өтеусіз жүзеге асырады.
11. Кадастрлардың бірыңғай жүйесіне енгізілген объект туралы деректерде мыналар қамтылуға тиіс:
1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдар, объектінің паспорты және статистикалық ақпарат;
2) объектінің кеңістіктіктегі жағдайы туралы картографиялық материал және аумақты кешенді бағалауға қажетті басқа да деректер.
12. "Жер кадастры" кіші жүйесі "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 303 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33322 болып тіркелген) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
13. "Су кадастры" кіші жүйесі мемлекеттік су кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/718 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12109 болып тіркелген) Суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
14. "Орман кадастры" кіші жүйесі мемлекеттік орман кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
15. "Жер қойнауы кадастры" кіші жүйесі мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген) Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
16. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастры" кіші жүйесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26894 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
17. "Жануарлар дүниесінің кадастры (аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша)" кіші жүйесі жануарлар дүниесінің кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11800 болып тіркелген) Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
18. "Жануарлар дүниесінің кадастры (балық және басқа су жануарлары бойынша)" кіші жүйесі Қазақстан Республикасында балық қоры мен өзге де су жануарларына мемлекеттік кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 245-Ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9655 болып тіркелген) Балықтардың және балық аулау объектілеріне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кітаптарын жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
19. "Өсімдіктер дүниесінің кадастры" кіші жүйесі өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 59 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31995 болып тіркелген) Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі және мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
20. "Картографиялық деректер" кіші жүйесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес картографиялық деректердің базалық көрсеткіштерімен табиғи жағдайларды интеграцияланған картографиялық бағалауды білдіреді.
21. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін енгізу кезінде "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескеріледі.
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларына қосымша |
Картографиялық деректердің базалық көрсеткіштері:
vga | Өсімдіктер ареалы (полигондар) |
vgl | Өсімдіктер ареалы (желілер) |
vgp | Өсімдіктер ареалы (нүктелер) |
clmka | Өнеркәсіптік, а/ш, а/к объектілер (полигондар) |
clmkl | Өнеркәсіптік, а/ш, а/к объектілер (желілер) |
clmkp | Өнеркәсіптік, а/ш, с/к объектілер (нүктелер) |
dneta | Гидрография және гидроқұрылыстар (полигондар) |
dnetal | Гидрография және гидроқұрылыстар (желілер, полигондар шекарасы) |
dnetl | Гидрография және гидроқұрылыстар (желілер) |
dnetp | Гидрография және гидроқұрылыстар (нүктелер) |
hypsl | 1:1 000 000 масштабтағы халықаралық график |
hypsp | Биіктік белгілері (нүктелер) |
lcova | Жер жабындары (полигондар) |
lcovl | Жер жабындары (желілер) |
lcovp | Жер жабындары (нүктелер) |
lml | Энергетикалық инфрақұрылым желілері |
physl | Құрлық пен акваториялар түбінің рельефі (желілері) |
polta | Әкімшілік бөлініс (полигондар) |
poltal | Әкімшілік бөлініс бірліктерінің шекаралары (желілер, полигондар шекарасы) |
pplca | Елді мекендер, қалалардың орамдары және күрделі конфигурациялы құрылыстар (полигондар) |
pplcp | Масштабтан тыс белгімен көрсетілген елді мекендер, жеке тұрған құрылыстар (нүктелер) |
rlrdl | Темір жолдар (желілер) |
roadl | Автожолдар, қара жолдар, қысқы жолдар, соқпақтар (желілер) |
tsoba | Елді мекендерден тыс барлық кластағы станциялар |
tsobl | Көлік құрылыстары (желілері) |
les_glpr | Мемлекеттік табиғи орман резерваттары, 2004 |
les_gpz | Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2004 |
les101 | Қарағай, ағаш тектес арша ареалы, 2004 ж |
les102 | Шырша ареалы, 2004 ж |
les103 | Майқарағай ареалы, 2004 ж |
les104 | Самырсын ареалы, 2004 ж |
les105 | Балқарағай ареалы, 2004 ж |
les106 | Қайың ареалы, 2004 ж |
les107 | Көктерек, терек ареалы, 2004 |
les109 | Шаған ареалы, 2004 ж |
les110 | Сексеуіл ареалы, 2004 |
les111 | Жеміс ареалы, 2004 |
les112 | Өзге балқарағайлар ареалы, 2004 |
les113 | Бұталардың ареалы, 2004 ж |
les_hoz | Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер, 2004 |
les_hoz2005 | Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер, 2005 |
les_lsc | Орман селекциялық орталықтары, 2004 |
les_shells | Орман кадастрының басқа объектілері, 2004 |
les_gnpp | Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2004 |
fish_hoz2005 | Балық кадастры объектілері, 2005 |
fish_rvp | Балық өсіру кәсіпорындары, 2004 |
fish_rhp | Балық шаруашылығы кәсіпорындары, 2004 |
fish_baseyn | Су шаруашылығы бассейндері, 2005 |
fish_vz | Балық жіберу су қоймалары, 2004 |
fish_Rpr | Балық кәсіпшілігі аудандары, 2004 |
fish_Rpu | Балық кәсіпшілігі учаскелері, 2004 |
gpp_oopt | Мемлекеттік табиғи ескерткіштер, 2004 |
gpp_oopt2005 | Мемлекеттік табиғи ескерткіштер, 2005 |
an_01 | Арқар ареалы, 2004 |
an_02 | Бұлан ареалы, 2004 |
an_04 | Елік ареалы, 2004 |
an_05 | Ақбөкен ареалы, 2004 |
zoo_oopt | Мемлекеттік зоологиялық парктер, 2004 |
zoo_oopt2005 | Мемлекеттік зоологиялық парктер, 2005 |
an_06 | Сібір тау текесінің ареалы, 2004 |
an_07 | Сілеусін ареалы, 2004 |
an_08 | Қоңыр аюдың ареалы, 2004 |
gbs_oopt2005 | Мемлекеттік ботаникалық бақтар, 2005 |
an_10 | Қабан ареалы, 2004 ж |
gnpp_oopt | Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2004 |
gnpp_oopt2005 | Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2005 |
gpz_oopt | Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2004 |
gpzak_oopt | Мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2004 |
gpzak_oopt2005 | Мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2005 |
gpr_oopt | Мемлекеттік табиғи резерваттар, 2004 |
gpr_oopt2005 | Мемлекеттік табиғи резерваттар, 2005 |
gzz_oopt | Мемлекеттік қорық аймақтары, 2004 |
gzz_oopt2005 | Мемлекеттік қорық аймақтары, 2005 |
gpz_oopt2005 | Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2005 |
an_11 | Құдыр ареалы, 2004 |
an_13 | Қасқыр ареалы, 2004 |
an_14 | Қоян ареалы, 2004 |
an_15 | Борсық ареалы, 2004 |
an_17 | Суыр ареалы, 2004 |
an_raionl | Әкімшілік аудандардың шекаралары, 2004 |
an_19 | Ондатр ареалы, 2004 |
an_20 | Саңырау құр ареалы, 2004 |
an_21 | Құр ареалы, 2004 |
an_22 | Қырғауыл ареалы, 2004 |
an_raiona | Әкімдік аудандар, 2004 |
an_24 | Қаз ареалы, 2004 |
an_25 | Түлкі ареалы, 2004 |
an_26 | Үйрек ареалы, 2004 |
an_27 | Шағала ареалы, 2005 |
an_28 | Кекілік ареалы, 2004 |
an_29 | Сарышұнақ ареалы, 2004 |
an_30 | Қоқиқаз ареалы, 2004 |
an_31 | Аққу ареалы, 2005 |
an_32 | Джек құтан ареалы, 2004 |
an_33 | Бірқазан ареалы, 2004 |
an_34 | Жанат тәрізді ит ареалы, 2005 |
an_35 | Шиебөрі ареалы, 2004 |
an_36 | Тау арқары ареалы, 2004 |
an_37 | Ұлар ареалы, 2004 |
an_38 | Сұңқар-ителгі ареалы, 2004 |
an_39 | Құлан ареалы, 2005 |
an_40 | Ақбөкен ареалы, 2004 |
an_41 | Жетiсу бақатiсi, ареалы, 2004 |
an_42 | Барыс ареалы, 2004 |
an_43 | Боз суыр ареалы, 2004 |
an_gnpp | Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, 2004 |
an_gpz | Мемлекеттік табиғи қорықтар, 2005 |
an_hoz2 | Орманбалықаңаулаукомитетінің аң аулау алқаптары, 2004 |
an_hoz4 | Жалпыға пайдаланылатын аң аулау алқаптары 2004 |
an_hoz7 | Мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2004 |
an_hoz8 | Қалалардың жерлері, 2005 |
ohot_hoz2005 | Аң аулау шаруашылығы, 2004 |
les | Орман кадастры, 2004 |
animal | Жануарлар дүниесі кадастры, 2005 |
oopt | ЕҚТА кадастры, 2004 |
fish | Балық кадастры, 2004 |
resva | Қорықтар (полигондар) |
roadp | Жолдарға қолайлы асулар |
les108 | Емен ареалы, 2004 ж |
klim_zona_oopt | Табиғи-климаттық аймақтандыру, 2004 |
an_03 | Қызыл бұғы (марал) ареалы, 2004 |
an_09 | Итбалық ареалы, 2004 |
an_12 | Түлкі ареалы, 2004 |
an_16 | Құндыз ареалы, 2004 |
an_hoz1 | Қаз аңаулаубалықаулауодағы алқаптарының ареалы 2004 |
an_hoz3 | Басқа пайдаланушылардың аңшылық алқаптары, 2004 |
gppl_oopt2005 | Мемлекеттік орман табиғат ескерткіштері, 2005 |
gppg_oopt2005 | Геологиялық мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2005 |
gppgm_oopt2005 | Геоморфологиялық мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2005 |
gppgd_oopt2005 | Гидрогеологиялық мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2005 |
gpzakz_oopt2005 | Зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2005 |
gpzakk_oopt2005 | Кешенді мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2005 |
gpzakb_oopt2005 | Ботаникалық мемлекеттік табиғи қаумалдар, 2005 |