Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қыркүйекте № 24529 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің мынадай кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-125/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21421 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарда:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес (120 сағат), соңғы 5 жылдың ішінде қосымша және бейресми білім алудан өткенін растайтын құжаты;";

      2) "Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21509 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздері қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      4 және 5- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тізілім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге үміткер жеке тұлғалардың (маманның және (немесе) үміткердің) немесе денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асырыратын денсаулық сақтау субъектілерінің берген өтінімдерінің негізінде қалыптастырылады.

      Өтінім демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін дүйсенбіден бастап жұмаға дейін мемлекеттік органның ресми сайтында көрсетілген мекенжайға беріледі.

      5. Тізілімге енгізу туралы өтінімге мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) жоғары медициналық білімі туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      3) мәлімдеген мамандығы бойынша үздіксіз кемінде 7 жыл еңбек өтілінің бар екендігін растайтын құжат (еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес басқа да құжат), сондай-ақ тәуелсіз cараптама жүргізу кезінде мәлімделген мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыруы қажет;

      4) тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемі 4 кредиттен (120 сағат) кем емес, соңғы 5 жыл ішінде қосымша және бейресми білім алудан өткенін растайтын құжат;

      5) тәуелсіз сарапшының біліктілігін және оның клиникалық практикаға дайындығын қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қызметке дайындығын растайтын денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты";.

      9- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тәуелсіз сарапшыларды бірыңғай тізілімге енгізу үшін "Медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-125/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21421 болып тіркелген) сәйкес бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім берген жеке тұлға (маман және (немесе) үміткер) негіз болып табылады".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 23 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-99 бұйрығына
1- қосымша
  Тәуелсіз сарапшылардың
тізілімін жүргізу
қағидаларын,сондай-ақ тәуелсіз
сарапшылардың бірыңғай
тізіліміне енгізу және одан
шығару негіздеріне
1-қосымша
  нысан

Тәуелсіз сарапшылардың тізілімі

р/с

Тәуелсіз сарапшының ТАӘ ( ол бар болса)

Тәуелсіз сарапшының мамандығы

Тәуелсіз сарапшының жұмыс орны

Денсаулық сақтау субъектісі

Тізілімге енгізу күні

Ескертпе





























  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы " "__________
№______ бұйрығына
2-қосымша
  Тәуелсіз сарапшылардың
тізілімін жүргізу қағидаларын,
сондай-ақ тәуелсіз
сарапшылардың бірыңғай
тізіліміне енгізу және
одан шығару негіздеріне
2-қосымша
  ___________________________
(мемлекеттік органның
толық атауы)
аты-жөні ____________________

Өтініш

      Тәуелсіз сарапшылар тізіліміне

      __________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мамандығы бойынша ________________________________________________.

      денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшы ретінде енгізуді сұраймын.

      Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша

      қызметтер көрсетуге үміткер жеке тұлға (маман және (не) үміткер) туралы мәліметтер:

      1. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:

      __________________________________________________________________

      (құжаттың түрі, кім берді, қолданылу мерзімі)

      2. Жоғары медициналық білім туралы дипломның деректері:

      _____________________________________________________________________

      (дипломның нөмірі, сериясы, жоғары оқу орнының атауы, нострификациялау күні

      (бар болса)

      3. Жұмыс орны туралы деректер:

      __________________________________________________________________

      4. Біліктілікке тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда қосымша

      және бейресми білім алу туралы деректер:

      __________________________________________________________________

      (курстардың тақырыбы, біліктілікті арттыру туралы құжаттың берілген күні)

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1)

      2)

      3)

      4)

      жыл " " ________________                   қолы____

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады