Қауіпті қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы трансшекаралық тасымалдауға қорытынды шығару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қыркүйекте № 24543 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 346-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қауіпті қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы трансшекаралық тасымалдауға қорытынды шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 387 бұйрығымен
бекітілген

Қауіпті қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы трансшекаралық тасымалдауға қорытынды шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қауіпті қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы трансшекаралық тасымалдауға қорытынды шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 346-бабының 3-тармағына, 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес әзірленді және қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ қалдықтарды оның аумағы бойынша транзиттеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлінген орталық – Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы;

      2) қауіпті қалдықтар – Кодекстің 342-бабының 1-тармағымен көзделген бір немесе бірнеше қасиеттері бар қалдықтар қауіпті деп танылады;

      3) қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау – мұндай тасымалдау ең болмағанда екі мемлекетке қатысты болған кезде бір мемлекеттік ұлттық заңи құзыретіндегі бір ауданнан қауіпті немесе басқа да қалдықтарды басқа мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі ауданға немесе аудан арқылы не қандай да болмасын мемлекеттің ұлттық заңи құзыретіндегі емес ауданға немесе аудан арқылы кез келген орнын ауыстыру;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

      5) құзыретті орган – шекаралық, көліктік және кедендік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағынан қалдықтарды әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтардың транзиті аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      Аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының келісімін алу үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынуы қажет.

      5. Бөлінген орталық болып табылатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін ұсынылатын тасымалдаудың салдары туралы мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарын қауіпті қалдықтарды болжанатын трансшекаралық тасымалдау жөнінде жазбаша түрде хабардар етеді. Мұндай ақпарат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламада көрсетіледі, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.

      6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытындыны ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды (қағаз тасымалдағышта) ұсынуы қажет:

      1) жеке тұлғалар үшін тұратын жері және заңды тұлғалар үшін орналасқан жері көрсетіле отырып, заңды тұлғалар үшін мөрмен расталған (бар болған жағдайда) өтініш берушінің қолы қойылған, қалдықтардың транзиті туралы өтініш және қоса берілетін құжаттардың тізбесі қоса беріледі;

      2) қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шартының) көшірмесі

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару шарты;

      3) егер өтініш беруші делдал болған жағдайда тауарды экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі;

      4) Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар аумағына әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі;

      5) қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану көрсетілген тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауапты тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері қоса беріледі,

      6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада).

      7) міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің көшірмесі;

      8) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарының көшірмесі;

      9) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24386 болып тіркелген) нысан бойынша қалдықтар паспортының көшірмесі;

      10) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжат (3 данада).

      7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды ресімдейді және осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша өтініш берушіге жібереді (тапсырады).

      8. Құжаттар осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды беруден бас тарту туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      9. Қорытынды беруден бас тарту үшін негіздер:

      1) қорытынды алу үшін жеке және заңды тұлғаларға ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) Жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) қорытынды беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің 1989 жылғы 22 наурыздағы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясынан, осы қағидалардан, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленген талаптарға, Кодекске сәйкес келмеуі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жеке және заңды тұлғаларға ұсынылған құжаттарды және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбау фактілері анықталған жағдайларда, бөлінген орталық қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға арналған қорытындыны ресімдеуді одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

  Қауіпті қалдықтарды
Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы трансшекаралық
тасымалдауға қорытынды
шығару қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама

1. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы):

4. Хабарлама, қатысты (1):

Хабарлама

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

А а) біржолғы тасымалдауға |_|

Б в) орналастыру |_|


Факс:

б) жалпы хабарламаға (бірнеше тасымалдау)

г) пайдалану |_|


Экспорт себебі:

В Бұрын рұқсат алынған объект



2. Импорттаушы (атауы, мекенжайы):


Байланыстыратын тұлға:

Тел.: Факс:

5. Жалпы жоспарланған жеткізу мөлшері:

6. Қалдықтардың болжамды мөлшері (3): кг (л)



7. Жеткізу(лер)дің болжамды күндері немесе кезеңдері:

3. Қалдықтарды жоюға жауапты тұлға (атауы, мекенжайы) (2):


Байланыстыратын тұлға:

Тел.: Факс:


8. Болжанатын тасымалдаушылар (атауы, мекенжайы) (2)

9. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекенжайы):

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:
Факс:

Тел.:
Факс:

11. Қалдықтарды өндіруші(лер)

Қалдықтарды пайдалану жөніндегі іс жүзіндегі объект

(атауы, мекенжайы) (2):

10. Орналастыру/пайдалану тәсілдері (2)

Байланыстыратын тұлға:

Тел.: Факс:

D коды/R коды (4):
Қолданылатын технология:


(егер бұл қажет болса, егжей-тегжейлерін хабарлау)

12. Экспорттаушы және жоюға жауапты тұлға арасында жасалған келісімшарт туралы ақпарат

13. Жоюға жауапты тұлға экспорттаушыға немесе өндірушіге жіберетін ақпарат (кәсіпорынның техникалық сипаттауын қоса алғанда), оның негізінде соңғысы болжанатын жою экологиялық негізделген тәсілмен және импорттау елінің нормаларына және қағидаларына сәйкес жүзеге асуы мүмкін болатыны туралы қорытынды жасайды:


Қалдықтар пайда болған объект

14. Тасымалдау түрлері (4):

5. Буып-түю түрі(лері) (4):


16. Сақтандыруға қатысты ақпарат: (тиісті сақтандыру талаптары туралы және оны экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты тұлға қалай қанағаттандыратыны туралы)

Сақтандыру шартының және сақтандыру полисінің деректемелері:

17. а) Қалдықтардың атауы және химиялық құрамы

17. б) Өтінішке қойылатын арнайы талаптар:




18. Физикалық сипаттамалары (4):

19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды


21. Ү нөмірі (4):

экспорт елінде:

ҚХСҚ:


импорт елінде:

ҚЕК:

22. Н нөмірі (4)

Кедендік код:

Басқалар (нақтылау)


20. ЭЫДҰ жіктеуі (1):
сары |_|
қызыл |_|
жасыл |_| /ҚЕК:

23. а) БҰҰ-ның сәйкестендіру №:

2 б) БҰҰ-ның сыныбы (4):

мен нөмірі



(егжей-тегжейлі сипаттамасын қоса беру)




24. Мүдделі елдер. Құзыретті органдардың код нөміріжәне әкелу мен әкетудің белгілі бір пункттері:

Экспорт мемлекеті

Транзит мемлекеті

Импорт мемлекеті




25. Әкелу және/немесе әкету пунктінің кеденқызметтері

27. Өндірушінің (экспорттаушының) мәлімдемесі: осы ақпарат толық және менде бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбашанысында жасалған келісім шарттық міндеттемелер белгіленгендігін және қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін растаймын.


Әкету пункті

26. Қосымшалар



саны

Атауы:

Қолы:



Күні:



Құзыретті органдар толтырады

28. Импорттаушы, транзиттеуші елдің құзыретті органы толтырады

29. Құзыретті органның тасымалдауға берген рұқсаты:

Хабарлама алынды:

Құзыретті органның атауы, мөрі (бар болған жағдайда) және қолы

Растау жіберілді:


Құзыретті органның атауы:

Рұқсаттың қолданылу мерзімі: дейін

Мөрі (бар болған жағдайда)және/немесе қолы:

Айрықша шарттар:


иә








жоқ



      Ескертпе:

      КО СЭҚ ТН – Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы

      ЭЫДҰ – экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

      ҚХСК коды – қалдықтардың халықаралық сәйкестендіру коды

      ҚЕК – қалдықтардың Еуропалық каталогы

      ЭЫДҰ сыныптамасы – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыныптамасы

      Ү нөмір, Н нөмірі – жіктеу бойынша қалдық түрінің коды

      D коды – Жою операциялары

      R коды – Рекуперацияға, рециркуляцияға, кәдеге жаратуға, тікелей қайта немесе баламалы пайдалануға әкелуі мүмкін операциялар

  Қауіпті қалдықтарды
Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы трансшекаралық
тасымалдауға қорытынды
шығару қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

ҚОРЫТЫНДЫ (рұқсат беру құжаты)

      № _________/20__/_____

      _________________________________________________________________________

      (Қорытынды берген Еуразиялық экономикалық одаққа одағына мүше мемлекеттің

      мемлекеттік билік органының атауы)

      Берілді ___________________________________________________________________

      (Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, елі/жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде )

      Орнын ауыстыру түрі ______________________________________________________

      (орнын ауыстыру түрі)

      _________________| |__________________

      (Бірыңғай тауарлар (Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің

      Тауар номенклатурасы коды) тізбесінің бөлімі)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Алушы/жіберуші ________________________________________________________

      (Атауы, заңды мекенжайы, елі)

      __________________________________________________________________________

      Баратын/жіберетін елі ____________________________________________________

      Әкелу (әкету) мақсаты ___________________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі ____________________________________________

      Негіздеме: _____________________________________________________________

      Қосымша ақпарат _______________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Транзиттеу елі___________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзиттеу)

      __________________________________________________________________________

      Қолы ___________ күні _______

      Рұқсат _________________ дейін қолданылады _____________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________                         ________________________

      Мөр орны                                           (Лауазымы)

      (бар болған жағдайда)

  Қауіпті қалдықтарды
Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы трансшекаралық
тасымалдауға қорытынды
шығару қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Қалдықтарды тасымалдау туралы құжат

1. а) Экспорттаушы (атауы, мекенжайы):

4. а) Хабарламаға

5. Жеткізудің сериялық №

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

сәйкес №


Факс:

4. б) Тасымалдау (2)

Бір жолғы хабарлама бойынша

|_|




Жалпы хабарлама бойынша

|_|


6. Орналастыру/пайдалану жөніндегі объект (атауы, мекенжайы)

1. б) Қалдықтарды өндіруші (атауы, мекенжайы) (1):

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:

Өндіріс әдісі


Факс:

Байланыстыратын тұлға:

Тел.: Факс:

7. Орналастыру/пайдалану тәсілдері

Қалдықтар пайда болған объект:

D коды: (3)


R коды: (3)

2. Импорттаушы (атауы, мекенжайы):

Қолданылатын технология

Байланыстыратын тұлға:

Тел.:


Жүгінген жөн:

Факс:


3. Жоюға жауапты тұлға (атауы, мекенжайы):

(егер қажет болса, егжей-тегжейлерін хабарлау)

8. Сақтандыруға қатысты ақпарат: (тиісті сақтандыру талаптары туралы және экспорттаушы, тасымалдаушы және жоюға жауапты адам оларды қалай қанағаттандыратыны туралы)

Сақтандыру шартының және сақтандыру полисінің деректемелері:

9. 1-тасымалдаушы (атауы, мекенжайы):

10. 2-тасымалдаушы (атауы, мекенжайы) (4)

11. Соңғы тасымалдаушы (атауы, мекенжайы)

Тел.:

Факс:

Тел.:

Факс:

Тел.:

Факс:

12. Тасымалдау түрі (3):

13. Тасымалдау түрі (3):

14. Тасымалдау түрі (3):




Жүкті тиеу күні/орны:

Жүкті тиеу күні/орны:

Жүкті тиеу күні/орны:

Тасымалдаушы өкілінің қолы

Тасымалдаушы өкілінің қолы

Тасымалдаушы өкілінің қолы

15. Қалдықтардың атауы және химиялық құрамы

16. Физикалық сипаттамалары (3)




17. Нақты мөлшері кг

18. Буып-түю түрі(лері) (3):

19. Қалдықтардың сәйкестендіру коды



экспорт елінде

ҚХСҚ/ҚЕК коды:



импорт елінде

ҚХСҚ/ҚЕК коды:




басқалары (көрсету)



Кедендік код

21. БҰҰ-ның жіктеуі:


БҰҰ жүгінің атауы:

20. ЭЫДҰ жіктеуі (2) қызыл |_|


БҰҰ-ныңнөмірі:

БҰҰ-ның сыныбы (3):

сары |_|





Н нөмірі (3):

жасыл |_|

Және нөмірі



(егжей-тегжейлерін хабарлау)



Ү нөмірі:

22. Жұмыс істеуге қойылатын арнайы талаптар

23. Экспорттаушының (өндірушінің) мәлімдемесі: жоғарыда келтірілген 1-9 және 13-21-бағандардағы ақпарат толық және менде бар мәліметтерге сәйкес ақиқатқа сай екендігін растаймын. Сондай-ақ заңды күші бар және жазбаша нысанда жасалған келісімшарттық міндеттемелер белгіленгендігін, қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын жабатын тиісті кепілдіктер бар екендігін, Базель конвенциясының тараптары болып табылатын барлық мүдделі мемлекеттердің құзыретті органдарының тарапының қарсылығы алынбағандығын растаймын

24. Іс жүзіндегі жөнелту күні





Күні:

Қолы:


Атауы:

Орналастыру/пайдалану жөніндегі алушы/объект толтырады

25. Жеткізілімді алушы алды (егер бұл орналастыру/пайдалану объектісі болмаса)

27. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды орналастыру/ пайдалану жүргізілгендігін растаймын

Алынған саны:

кг (л)

қабылданды

|_|


Күні:


бас тарту (5)

|_|

Күні:

Атауы:

Қолы





Атауы:

26. Жеткізілім орналастыру/пайдалану объектісінде алынды:


Алынған саны:

кг (л)

қабылданды (5)

|_|

Қолы және мөрі:

Күні:


бас тарту

|_|


Атауы:

Қолы


Болжамды орналастыру/пайдаланукүні:


Орналастыру/пайдалану әдісі


Қалдықтарды жоюға жауапты тұлға толтырады

28. Жеткізілімді қалдықтарды жоюға жауапты тұлға алды:

29. Жоғарыда сипатталған қалдықтарды жою жүргізілетіндігін растаймын:

Алынған саны:

кг (л)

қабылданды

|_|


Күні:


бас тарту (5)

|_|

Күні:

Атауы:

Қолы





Атауы:

30. Жүк қалдықтарды жою объектісінде алынды:


Алынған сан:

кг (л)

қабылданды

|_|

Қолы мен мөрі (бар болған жағдайда):

Күні:


бас тарту (5)

|_|


Атауы:

Қолы


Болжамды жою күні:

Жою орнының іс жүзіндегі орналасуы:

Жою әдісі


      Ескертпе:

      КО СЭҚ ТН – Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы

      ҚХСК коды – қалдықтардың халықаралық сәйкестендіру коды

      ҚЕК – қалдықтардың Еуропалық каталогы

      ЭЫДҰ сыныптамасы – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыныптамасы

      Ү нөмір, Н нөмірі – жіктеу бойынша қалдық түрінің коды

      D коды – Жою операциялары

      R коды – Рекуперацияға, рециркуляцияға, кәдеге жаратуға, тікелей қайта немесе баламалы пайдалануға әкелуі мүмкін операциялар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады