"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 қазанда № 24835 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 18-02/201 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 20 қазандағы
№ 413 бұйрығымен
бекітілген

"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс-орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беруге арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді және осы Қағидалардың талаптарымен таныстырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына қарауына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған ақпараттың дұрыстығын тексереді.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің және (немесе) онда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдаманы қалыптастырады не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдаманы алған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың талаптарымен танысады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, уәкілетті органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1-қосымша "Марқакөл
мемлекеттік табиғи қорығы
мекемесінің қорғау аймағында
тұратын жергілікті халықтың
мұқтажы үшін рұқсат етілетін
әуесқойлық (спорттық)
балық аулауды жүргізуге
жолдама беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасына
Нысан
_____________________
(толық атауы көрсетілетін
қызметті берушінің от
_________________________
(толық атауы көрсетілетін
қызметті алушының) мекен
жайы_______________________
(ауыл, көше, үйдің № , пәтердің
№ (бар болса), телефоны)
көрсетілетін қызметті
алушының
деректемелері

Өтінім Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруді сұраймын

Өтінім бойынша деректер

Өтініш нөмірі


Құрылған күні


Адамның негізгі ақпараты

Жеке сәйкестендіру нөмірі


Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болса)


Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі


Номеры


Сериясы


Берілген күні


Аяқталу күні


Беру органы


Мекенжайы

Пошта индексі


Ел/облыс/аудан / елді мекен


Көше атауы


Үй/ғимарат нөмірі


Үй индексі


Пәтер/кеңсе нөмірі


Телефон нөмірлері


Факс нөмірлері


Енгізілген деректерді тексеру

Елді Мекен


Жоспарланған аулау

Балық түрі


Саны (қорытынды, килограммда)


Бағасы (тенге)


Балық аулау түрі


Транспорт түрі


Транспорт маркасы


мемлекеттік нөмірлік белгі


Өтініш түрі коды


Қолданылу Мерзімі Дейін


Лицензиялық алымды төлеу

Мемлекеттік баж сомасы, айлық есептік көрсеткіші


Мемлекеттік баж сомасы, тенге


Төлем түрі

Төлем мәртебесі

Төленген сома

Құжат нөмірі

Құжаттың күні

Төлем Банкі

Салық органы

Бюджеттік сыныптама коды)

Төлем мақсатының коды

Жеке сәйкестендіру коды

Төлем тапсырмасының сканерленген көшірмесі












      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін____________________________________________________________
Өтінім берілген күн "___" ______________ 20 ___ жыл.
_____________________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

  2-Қосымша
"Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының қорғау аймағында
тұратын жергілікті халықтың
мұқтажы үшін рұқсат етілетін
әуесқойлық (спорттық) балық
аулауды жүргізуге жолдама
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізу арналары)

"электронды үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат немесе дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 23 қаңтардағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12.00-ден 13.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.00-ға дейін.
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Кодекске және заңның 5-бабына сәйкес жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған

8

мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтінім.

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен көрсетуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  3-қосымша
Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының қорғау аймағында
жергілікті тұрғындардың
мұқтажы үшін рұқсат етілетін
әуесқойлық (спорттық) балық
аулау қағидасына
Нысан

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ТҮБІРТЕК № ____ "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі
Кімге берілді _____________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты.)
Мөлшері _____ (килограмм)
Балық түрі
_____________________
Су бөгені мен учаскенің атауы
_____________________
Көлік
_____________________
(түрі, маркасы, мемлекеттік нөмір белгісі)
Қолданылу мерзімі:
"_" _____ 200__ж. бастап
"_" _____ 200__ж. дейін
Берілген күні "__"______ 200_
ж. Жолдаманы алдым _____________________
(Балықшының Тегі, Аты, Әкесінің аты, қолы)
Жолдаманы бердім _____________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты) _______(қолы)

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
ЖОЛДАМА №_______ "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі
Кімге берілді _________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты)
Мөлшері_____ (килограмм)
Балық түрі______
Су бөгені мен учаскенің атауы____
Көлік _____________
(түрі, маркасы, мемлекеттік нөмір белгісі)
Қолданылу мерзімі:
"__" _____ 200__ж. бастап
"__" _____ 200__ж. дейін
Берілген күні "__"________ 200_ж.
Мемлекеттік табиғи қорық аумағына кіру кезінде көлікті тексерген меминспектор _____
(Тегі, Аты, Әкесінің аты, қолы)
Мемлекеттік табиғи қорық аумағынан шығу кезінде көлікті және ауланған балықты тексерген меминспектор
____________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты, қолы)

ЖОЛДАМАНЫҢ сыртқы беті Балық аулау туралы мәліметтер

Күні

Балық түрі

Мөлшері (килограмм)










Жиыны:



Балық аулаушы ____________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты) (қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады