Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 шілдеде № 34715 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24835 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2, 3, 4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс-орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

      3. Электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беруге арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді және осы Қағидалардың талаптарымен таныстырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына қарауына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған ақпараттың дұрыстығын тексереді.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің және (немесе) онда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.

      5. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдаманы қалыптастырады не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдаманы алған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың талаптарымен танысады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.";

      осы Қағиданың 2-қосымшасында:

      тақырыбы және реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

      ".

      2. "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23918 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – 1- қызметті беруші 1) көрсетеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 1 көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім жібереді.

      осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі жазылған.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – 2 - қызметті беруші) көрсетеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 2-көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы "Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес "Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.";

      көрсетілген қағидаларына 5-қосымшада:

      тақырып және реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.

      ";

      көрсетілген қағидаларына 6-қосымшада:

      тақырып және реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.

      ".

      3. Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр экологии и природных
ресурсов Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады