"Жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 386 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 29 қазандағы № 568 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 қарашада № 24983 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17048 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықта:

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жою нұсқалары – өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын және жою жоспарының мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу кезінде жою жөніндегі таңдап алынған іс-шараларды айқындау үшін бағаланатын жер қойнауы учаскесінің әрбір объектісін жоюға ұсынылған балама тәсілдердің жиынтығы;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мүдделі тараптар – мүдделі жұртшылық, мемлекет, өндірістік ұйымдар, жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайтын жер учаскесінің иесі (болған жағдайда) және жер қойнауын пайдалану салдарларын жою мәселелері бойынша шешімдер қабылдау процесінде мүдделері қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін басқа да тұлғалар;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жою жоспары:

      1) қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесі үшін;

      2) тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілерін орналастыру және (немесе) пайдалану кезінде жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі үшін;

      3) Кодекстің 194-бабына сәйкес алынған тау-кен массасының және (немесе) орнын ауыстырған топырақтың жиынтық көлемі бір мың текше метрден асатын шегіндегі барлау учаскесі үшін жасалады".

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Екі және одан да көп жер қойнауы учаскесін жоюдың бірыңғай жоспары жасалады, егер:

      1) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия (лицензиялар) бойынша жеке (жекелеген) учаскеде (учаскелерде) орналасқан тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілері қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар барысында өндіру учаскесіндегі (өндіру учаскелеріндегі) кенішті (карьерді, шахтаны) пайдалануға тікелей байланысты болса;

      2) қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия (лицензиялар) бойынша өндірудің аралас учаскелерінде орналасқан кеніштерді (карьерлерді, шахталарды) пайдалану бірыңғай технологиялық процесте жүзеге асырылса.

      Жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 55-бабына сәйкес жер қойнауының әрбір учаскесі бойынша жеке-жеке жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жоюды жоспарлау қажетті зерттеулер жүргізуді көздейді. Жою жөніндегі зерттеулер жою жоспарының құрамында қарастырылған, зерттеулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жою жөніндегі зерттеулер жою бойынша іс-шараларға немесе оларды тиісті деңгейге дейін төмендетуге қатысты белгісіз мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылады.

      Жою бойынша зерттеу нәтижелері жою жоспарын өнеркәсіптік қауіпсіздіктің бастапқы және кезекті сараптамасына және мемлекеттік экологиялық сараптамаға жібергенге дейін жоюды жоспарлау туралы пікір қалыптастыру үшін мүдделі тараптарға ұсынылады.

      Жою жөніндегі зерттеу нәтижелері жергілікті ерекшеліктерді ескереді және жою нұсқаларын қалыптастыру, жою міндеттерін, іс-шараларын және өлшемшарттарын айқындау кезінде пайдаланылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жою міндеттерін анықтау жер қойнауы учаскесінің әрбір объектісі үшін жүзеге асырылады. Берілген міндеттер жою мақсаттарымен және қағидаттарымен тікелей сәйкестендірілген.

      Міндеттерді айқындау және өзгерту мүдделі тараптарды тарта отырып, бастапқы кезеңде және кейіннен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу барысында жүзеге асырылады.

      Жою міндеттерін өзгерту кезінде мүдделі тараптардың қатысуы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын және жою жоспарының мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізгенге дейін жүзеге асырылады және тиісті түсініктемелер беру арқылы жүргізіледі.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жою бойынша таңдалған іс-шара жою мақсатында жүзеге асырылатын нақты жұмыстар мен әрекеттердің тізімі ретінде беріледі. Нақты іс-шараны таңдау ғылыми зерттеулердің қолданыстағы тұжырымдармен, зертханалық сынаулармен, қолданыстағы әдебиетпен, зертханалық немесе тәжірибелік-өнеркәсіптік зерттемелермен негізделеді.

      Экологиялық аспектілердің, мүдделі тараптардың пікірлерінің, технологиялардың, тәжірибелердің, экологиялық мониторинг пен жою зерттеулерінің қолжетімділігінің салдарынан қалпына келтіру мақсатында жою бойынша таңдап алынған іс-шара жер қойнауын пайдалану аяқталғанға дейін өзгертілуі мүмкін. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жою жөніндегі іс-шараны таңдаудағы өзгерістерді сипаттайтын жедел іс-қимыл жоспарын көздеуі қажет.

      Өнеркәсіптік сараптаманың және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң нәтижесін алған жою бойынша таңдалған іс-шара жер қойнауы учаскесінің әрбір объектісі бойынша жою жобасында ескеріледі.

      18. Жою өлшемшарттары жер қойнауы учаскесінің тиісті объектіне қатысты оны орындаудың сәттілігін анықтау мақсатында жоюдың әрбір міндеті үшін белгіленеді.

      Жою өлшемшарттары өңірлік ерекшеліктерге және кен орнының ерекшеліктеріне байланысты ерекшелік сипатта болады.

      Жою өлшемшарттары сапалық немесе сандық көрсеткішпен беріледі, сондай-ақ уақыттық сипатты ескереді.

      Жою өлшемшарттарын айқындауға мүдделі тараптар қатысады. Жою өлшемшартттарының тізбесі жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланудың дамуына қарай кеңейтілуге жатады.

      Соңғы жою өлшемшарттары жер қойнауын пайдаланушымен жер қойнауы учаскесінде тау-кен операцияларын жүргізуді аяқтайтын кезде, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан және мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жою жоспарында бекітіледі.

      Тау-кен операцияларының алғашқы кезеңдерінде жою жоспарымен көзделген жоюдың кейбір өлшемшарттары жоюдың қалған өлшемшарттарын анықтау бойынша іс-шаралардың мерзімін және сипатын көрсете отырып, экологиялық мониторинг немесе жою зерттеулерінің нәтижелеріне негізделеді. ";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жою жоспары тау-кен операцияларының дамуына қарай, бірақ өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындысы алынған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей, сондай-ақ Кодекстің 216-бабының 5-тармағына сәйкес тау-кен жұмыстары жоспарына өзгерістер енгізілген кезде қайта қаралады. Жою жоспарының әрбір кейінгі редакциясы жер қойнауы учаскесінің жекелеген объектілері бойынша, сондай-ақ тау-кен операциялары барысында прогрессивті жоюға жататын объектілер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды жоспарлауды нақтылаудың нақтылайтын деңгейін қамтиды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жоюдың түпкілікті жоспары өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларымен жер қойнауын пайдалану аяқталғанға дейін кемінде үш жыл бұрын жасалады.

      Түпкілікті жою жоспарында таңдалған жою нұсқасын негіздеу және талдау, жою бойынша іс-шараларды егжей-тегжейлі сипаттау, жою бойынша зерттеу нәтижелері, жою бойынша негізгі жұмыстар аяқталған соң жою мониторингінің жоспары және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету жоспары беріледі.

      Түпкілікті жою жоспарының мазмұны мыналар ескеріледі:

      1) жалпы жер қойнауын пайдалану объектісі үшін және оның әрбір элементі бойынша жеке-жеке жоюдың түпкілікті міндеттерін;

      2) жоюдың барлық міндеттерін анықтауға арналған жою өлшемшарттарының толық тізімін;

      3) жер қойнауын пайдалану учаскесінің әрбір объектісі үшін "жобалық-сметалық құжаттама" егжей-тегжейлік деңгейіне дейін жою бойынша таңдалған іс-шараларды толық сипаттауды;

      4) күтпеген жағдайлар туындағанда мүмкін болатын жоспарды толық сипаттауды және бағалауды;

      5) жою іс-шараларының түпкілікті кестесін;

      6) жер қойнауын пайдалану объектісінің жаңа фотосуреттерін;

      7) жою бойынша жұмыстар аяқталған соң жауапты тұлғаларды көрсетіп, жою мониторинг пен техникалық қызмет көрсетудің толық жоспарын;

      8) қоршаған орта, адамдар мен жабайы жануарлардың өмірі мен денсаулығы үшін болжамдалатын тәуекелдерді толық сипаттауды (тәуекелдерді бағалауды);

      9) жою міндеттері мен өлшемшарттарына қол жеткізуді көрсетіп, жою бойынша іс-шаралардың шамамен есептеу құнының нақтыланған көлемін, жою бойынша міндеттені қамтамасыз етудің тәсілін (тәсілдерін) және сомасын (сомаларын);

      10) тиісті құжаттарды қоса беріп, жою бойынша аяқталған және (немесе) жалғастырылатын жұмыстарды сипаттау тізбесін;

      11) мүдделі тараптардың түпкілікті жою жұмыстарын жоспарлауға қатысу журналын;

      12) қалған тәуекелдерді сипаттауды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жою жоспарына берілген қосымша суреттер, схемалар, кестелер, карталар, есептер, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 43 және 57-тармақтарына сәйкес ұсынуға жататын құжаттардан тұрады. Көлемі бір беттегі суреттер, схемалар, кестелер және карталар жою жоспарының негізгі бөлігінің тиісті бөлімінде орналасады.

      Жою жоспарына берілген барлық қосымшалар нөмірленеді. Нөмірлеу теспелі болады.

      Жою жоспары кезекті өнеркәсіптік қауіпсіздігі сараптамаға және мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсыну кезінде жою бойынша жүргізілген зерттеулерді қоса алғанда, іс-шаралар кестесіне сәйкес іс-шараларды орындау туралы есептер қоса беріледі.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Жою жоспарының "Қысқаша сипаттау" бөлімінде жер қойнауы учаскесін игеру кезеңіне байланысты қызмет деңгейімен жою жоспарының қысқаша сипаты беріледі.

      Берілген сипаттау жоспарды қайта қарастыратын мүдделі тараптар үшін арналған, сондай-ақ жою жоспарының мазмұнымен және мәнімен қысқаша танысу мақсатында беріледі.

      Қысқаша сипаттамада негізгі белгісіз мәселелер мен оларды шешу жолдарын қоса алғанда, жою жоспарының негізгі аспектілері қамтылады.

      Жою жоспарын кезекті қарау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң нәтижесін алған жою жоспарының алдыңғы нұсқасына қатысты негізгі айырмашылықтар сипатталады.

      Егер жер қойнауы учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану аяқталуға жақын болса, жою жоспарының жоспарының осы бөлімі жою мақсаты мен өлшемшарттарын, сондай-ақ жою нәтижелерін жою мониторингі жөніндегі іс-шараларды қысқаша көрсететін кестемен толықтырылады.

      Кестелер жер қойнауы учаскелеріне сәйкес ұйымдастырылуы немесе экожүйенің бағалы компоненттері бойынша бөлінеді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Жою жоспарын құруда мүдделі тараптардың қатысуын сипаттауға сондай-ақ жоюды жоспарлауға, стратегиясына және жоспарларына жергілікті жұртшылықтың қатысу тәсілдерін сипаттау және бірігуі кіреді.

      Мүдделі жұртшылықтың қатысу дәрежесі жер қойнауын пайдалану ауқымы мен ұзақтығына, инфрақұрылымының даму күрделілігіне, жергілікті жұртшылық үшін жер қойнауын падаланудың маңыздылығына және болжамдалатын болашақтағы жер пайдалануға тура пропорционал болады.

      Мүдделі тараптардың қатысуы "қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) сәйкес өткізілетін қоғамдық тыңдаулар нысанында өткізіледі.

      Жою жоспарына берілген қосымшада талқылау тақырыптары, нәтижелері мен адамдардың тізімі көрсетіле отырып, кездесулер, қоғамдық тыңдаулар, телеконференциялар, хат алмасу, мүдделі тараптардың қатысу семинарлары хаттамалары ұсынылады. Сондай-ақ мүдделі тараптармен барлық хат алмасулар, қоғамдық тыңдауларға, кездесулерге, семинарларға, тұсаукесерлерге шақырулар қоса беріледі.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жою өлшемшарттары:

      1) экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың бірегей жиынтығын көрсететін жеткілікті дәрежеде нақтылық;

      2) жою нәтижелері жер қойнауын пайдалану зардаптарының осыған ұқсас жою нәтижелеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін көрсету үшін өлшемді;

      3) қолжетімді немесе шынайы;

      4) өлшенетін міндеттерге және басқарылатын тәуекелдерге қатысты;

      5) белгілі бір уақыт кезеңінде өлшемшарттар мониторингін жүргізу үшін және жою нәтижелінің дұрыстығына көз жеткізу үшін жедел болуы тиіс.

      Жою өлшемшарттары ұзақ мерзімді экологиялық әсерді (кем дегенде үш жүз жылға берілген) математикалық модельдеуді пайдалана отырып, рекультивацияның болжамды нәтижелерге сәйкестігін көрсететін қызмет тиімділігінің индикаторларын қамтиды. Математикалық үлгілеуге берілген бөлшектер, жорамалдар мен шектеулер, жою жоспарына берілген қосымшада ұсынылады.

      Жою өлшемшарттары сандық мөлшерде көрсетіледі. Индикативтік өлшемшарттар жоюды жоспарлаудың бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады және сапалық болады.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жою жоспарында көрсетілген жою өлшемшарттары оны кезекті қайта қарау кезінде жою жоспарына қосымша берілген есептерде іс-шараларды орындаудың көрсеткіші болып табылады.";

      81-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жою жоспарының күні және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптаманың барлық оң қорытындыларының деректемелері;";

      Нұсқаулыққа 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың шамамен алынған құнын есептеу әдістемесінде:

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Нұсқаулыққа сәйкес әзірленген жою жоспарының (бұдан әрі – жою жоспары) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және мемлекеттік экологиялық сараптамасының соңғы оң қорытындысы алынған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қамтамасыз ету сомасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының және жою жоспарының мемлекеттік экологиялық сараптамасының соңғы оң қорытындысы шыққан күннен бастап, келесі үш жылда жоспарланған өндірістік операциялардың және операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстың жалпы сметалық құнын қамтиды.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 29 қазандағы
№ 568
Жою жоспарын жасау жөніндегі
нұсқаулыққа
5-қосымша

Жою жоспарын құру процесінің негізгі кезеңдерінің схемалық бейнесі




      5-схема

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады