"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 5 қарашадағы № 554 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25061 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:

      – ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл;

      – басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.

      Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      ҰБТ-ны электрондық форматта өту кезінде республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына оқуға түсуші осы тармақта көрсетілген қажетті балл саны бар ҰБТ-ның екі нәтижесінің бірімен қатыса алады.";

      33-3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "33-3. Түсушілерді республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе ақылы негізде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқу үшін ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылдауды ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 мен 25 тамыз аралығында өткізеді.";

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар):

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. ЖЖОКБҰ магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 1 маусымнан 15 шілдеге дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 5 қарашадан 18 қарашаға дейін.

      Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандар ЖЖОКБҰ-да келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 16 шілдеден 25 шілдеге дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 13 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін дейін.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында жүргізеді. Қабылдау емтихандары күнтізбелік жылдың 8-16 тамызы аралығында өткізіледі.

      ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 3 шілдеден 3 тамызға дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 5 қарашадан 18 қарашаға дейін.

      Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.

      Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.

      Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

      3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:

      ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,5;

      TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 46;

      TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 453;

      TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 460;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau В2/В2 деңгейі);

      француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В2 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50;

      5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

      6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

      7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

      8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

      9) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).

      4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.

      Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.

      Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.

      Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді ҰТО білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.

      Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның "жеке кабинеті" арқылы жолданады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

      Магистратура мен докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.";

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

      ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 6,0;

      TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 60;

      TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 498;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Nіveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau С1/С1 деңгейі);

      француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – С1 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес балдармен GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы" білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес балдармен GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-ден босатылады.

      "Бизнес және басқару" мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдармен GMAT (Graduate Management Admіssіon Test) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.

      Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға қабылдау кезінде ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.

      Осы тармақта көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі.

      Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға КТ тестілеуінің "Шет тілі" (ағылшын тілі) бөлімін тапсырудан босатылады.";

      19, 20 және 20-1-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Докторантураға түсушілер шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:

      ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,5;

      TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 46;

      TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 453;

      TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 460;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau В2/В2 деңгейі);

      француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В2 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50;

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.

      TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.

      Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.

      Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.

      Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді ҰТО білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.

      Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның "жеке кабинеті" арқылы жолданады.

      Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ-ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде осы тармақта көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.

      20. Докторантураға түсу емтиханы қағаз немесе компьютерлік форматта өткізіледі.

      Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қағаз форматтағы түсу емтиханын 5-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламасына қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ дербес өткізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын түсетін ЖЖОКБҰ-да ғана тапсырады.

      Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша компьютерлік форматтағы түсу емтиханы 5-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізіледі.

      Түсу емтихандарының өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның "жеке кабинеті" арқылы жолданады.

      "Денсаулық сақтау" білім беру саласындағы докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын 5-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ дербес өткізеді. Бұл ретте, түсуші "Денсаулық сақтау" білім беру саласындағы докторантураның білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтиханын түсетін ЖЖОКБҰ-да ғана тапсырады.

      20-1. Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы:

      1) эссе жазудан;

      2) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден;

      3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

      9-қосымшаға сәйкес қорытынды баға эссе, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерінің қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

      Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат (240 минут) беріледі, оның ішінде:

      - докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуге – 50 минут;

      - эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).

      Бұл ретте, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған жағдайда 60 минутқа дейін қосымша уақыт беріледі.

      Компьютерлік форматтағы түсу емтиханын бастау үшін түсушіге:

      1) логин көрсету;

      2) паролін көрсету;

      3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау;

      4) докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханын өткізу қағидаларымен танысу;

      5) түсу емтиханы мәліметінің дұрыстығын растау;

      6) "Кіру" батырмасын басқаннан кейін түсу емтиханын тапсыруға кірісу керек.

      Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі. Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша түсушінің жауаптарын ҰТО өңдейді.

      Компьютерлік форматтағы түсу емтиханының нәтижесі түсу емтиханы өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады.

      Түсу емтиханының және (немесе) апелляцияға өтінішті қарау (апелляцияға өтініш берген жағдайда) нәтижелері бойынша түсушіге ҰТО-ның сайтында жарияланатын және түсушінің жеке кабинетіне жолданатын электрондық сертификат беріледі.

      Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханының электрондық сертификаты ҰТО-ның сайтында расталады.

      4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

      18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.";

      20-5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "20-5. Күнтізбелік жылғы 4 мен 20 тамыз аралығында өткізілген докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы аяқталғаннан кейін, 3 (үш) ай бойы ҰТО түсу емтиханы кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады.

      Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы аяқталғаннан кейін, 3 (үш) ай бойы ҰТО түсу емтиханы кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады.

      Түсу емтиханында түсушілердің осы Қағидалардың 20-3 және 20-4-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы анықталған жағдайда ҰТО Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханына барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны туралы акт жасайды және растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны туралы акт және растайтын материалдар білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.

      Комиссияның шешімімен түсу емтихандарының сертификаттары білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады.

      Түсу емтиханының сертификаты жойылғаннан кейін ЖЖОКБҰ түсушіге хабарлама жібереді.";

      26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Докторантураға, резидентураға, магистратураға түсуші тұлғалардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке немесе ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

      Өтініштер докторантураға түсу емтихандары, шығармашылық емтихандар және КТ нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

      Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы бойынша апелляцияға өтініш нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ден 13.40-ға дейін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдардың базасында қабылданады.

      Апелляцияға кіру барысында осы Қағидаларға 20-3 және 20-4-тармақтарда көрсетілген тыйым салынған заттарды қолдануға рұқсат берілмейді.

      Докторантураға түсуші тұлғалардан докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімінде тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себеп бойынша апелляцияны Республикалық апелляциялық комиссия қарастырады.

      Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімінде техникалық себептер бойынша апелляцияға өтінішті түсуші түсу емтиханы өткізу барысында береді.

      Техникалық себеп бойынша апелляция тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) болмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда қабылданады.

      Апелляцияға арналған өтініште көрсетілген нақты фактілер қарастырылуға жатады.

      Докторантураға компьютерлік форматтағы түсу емтиханы нәтижесі бойынша апелляцияға 40 минут беріледі, оның ішінде:

      - докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша – 10 минут;

      - эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазу бөлімі бойынша – 30 минут.

      Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда қаралады:

      1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

      2) дұрыс жауап жоқ;

      3) барлық ұсынылған жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау арқылы тест тапсырмаларында бір бірден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі));

      4) тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.

      Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.

      Барлық тест тапсырмаларын қайта қарастыру бойынша апелляцияға арналған өтініште әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелді негіздемені көрсетпей (толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімі) берілсе, қарастыруға жатпайды.

      Эссе жазудан және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар нәтижесі бойынша апелляцияны ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиясы өткізеді.";

      30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Ғылыми-педагогикалық магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға (бұдан әрі – 7-қосымша) сәйкес оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 7-1-қосымшаға (бұдан әрі – 7-1-қосымша) сәйкес оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 8-қосымшаға (бұдан әрі – 8-қосымша) сәйкес оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғары балл саны 35 балды құрауы тиіс.

      Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау араб тілі бойынша түсу емтихандарының және КТ нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте араб тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Магистратураға түсушілер ЖЖОКБҰ белгілеген шекті өту балын жинаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.

      Тұлғаларды резидентураға қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Докторантураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.";

      Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Ш. Каринова

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 5 қарашадағы
№ 554 бұйрығына
қосымша
  Жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-1-қосымша

"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) – (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
магистратураға – күнтізбелік жылғы 15-28 тамыз аралығында;
докторантураға – күнтізбелік жылғы 26 қарашадан 10 қаңтарға дейін.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі № 39 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және күнтізбелік жылдың 28 тамызына қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткендерге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық шығару болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www. edu. gov. kz;
2) порталда: www. egov. kz орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1. Магистратураға немесе резидентураға түсуші тұлғалар: ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 6,0;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 60;
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 498;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Nіveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau С1/С1 деңгейі);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – С1 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50 (бар болған жағдайда);
8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Осы тармақтың 3), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) жоғары білім туралы электрондық құжат;
3) интернатураны бітіргені туралы электрондық куәлік (резидентураға түсу үшін);
4) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат:
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 6,0;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 60;
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 498;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Nіveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau С1/С1 деңгейі);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – С1 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50 (бар болған жағдайда);
5) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
6) көлемі 3x4 сантиметр сандық фото;
7) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда). Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.
2. Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,5;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 46;
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 453;
TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 460;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau В2/В2 деңгейі);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В2 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50;
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);
9) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).
Осы тармақтың 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми Консультантпен келісілген Жоспарланған диссертациялық зерттеу негіздемесінің электрондық құжаты;
3) білімі туралы электрондық құжат;
4) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат:
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,5;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 46;
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 453;
TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 460;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau В2/В2 деңгейі);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В2 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50;
5) көлемі 3x4 сантиметр сандық фото;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден келесі негіздемелер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін толық емес құжаттар топтамасын ұсынған;
3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кеш ұсынған жағдайда.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут (практиканы ескере отырып).
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. edu. gov. kz және бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады