"Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 600 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25219 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы уәкілетті ұйым – көлік құралдарында орнатылған газ баллонды жабдықтарға мерзімді сынақ жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған МЕМСТ/ІSO/ІEC 17020-2013 "Сәйкестікті бағалау. Инспекцияны жүргізетін әртүрлі типтегі органдардың жұмысына қойылатын талаптар" мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;

      2) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін қолданылатын сынау жабдығы және өлшеу құралдары;

      3) газ баллонды көлік құралы – сұйытылған мұнай, сығылған немесе сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейтін көлік құралы;

      4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты өз құзыреті шегінде және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері;

      5) көліктік бақылау органы – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары;

      6) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және қолдап отыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі – БАЖ Операторы);

      8) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі – механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің меншік иесі, сондай-ақ механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалдау құқығы, тиісті органның осы адамға механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін беру туралы өкімі) иеленетін адам. Өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде көлік құралын басқаратын адам механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі болып табылмайды;

      9) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу – міндетті техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретінде осы Қағидаларда көзделген техникалық қарап-тексерудің операторлары жүзеге асыратын іс-қимылдар;

      10) міндетті техникалық қарап-тексеруден өту – міндетті техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретінде механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иесі жүзеге асыратын іс-қимылдар;

      11) техникалық қарап-тексеру орталығының маманы – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізуді жүзеге асыратын техникалық қарап-тексеру операторының қызметкері;

      12) техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы – механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар иесі және механикалық көлік құралы мен оның тіркемелері және міндетті техникалық қарап-тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      13) цифрлық құжаттар сервисі – "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған объектісі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуді техникалық байқау операторлары көлік саласындағы уәкілетті органға хабарлама берілген күннен бастап "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Міндетті техникалық байқаудан өту үшін көлік құралының иесі техникалық байқау операторына көлік құралын және көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.";

      31 және 32 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Міндетті техникалық байқауды өткізудің дайындық кезеңі барысында:

      1) көлік құралының маркасы, моделі және модификациясы белгіленеді;

      2) көлік құралының түсі белгіленеді;

      3) тіркеу белгілерінің болуы тексеріледі;

      4) көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістердің болуы белгіленеді;

      5) алынған нәтижелер көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерімен салыстырылады (салыстырылады).;

      6) көлік құралына орнатылған газ-баллон жабдығына мерзімді сынақтар жүргізу туралы куәліктің, газ-баллон жабдығын жөндеген жағдайда оны жөндеу (редукторды немесе баллонды ауыстыру) кезінде Енгізілген өзгерістер туралы белгісі бар көлік құралына орнатылған газ-баллон жабдығының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктің болуы тексеріледі;

      7) көлік құралына орнатылған газ баллонының сериялық нөмірі газ баллонын дайындаушы ресімдеген көлік құралына орнатылған әрбір газ баллонының паспортының деректерімен салыстырылады (салыстырылады).

      32. Міндетті техникалық қарап тексеруді жүргізудің негізгі кезеңі жиынтыққа, пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндеріне, жекелеген компоненттердің тозуын (өзгеруін) пайдалануға рұқсат етілетін шектеулерге, автокөлік құралдары конструкциясының рұқсат етілетін өзгеру шектерін, оның ішінде автокөлік құралдары конструкциясының рұқсат етілетін өзгеру шектерін сипаттайтын нормаларға қатысты тексеруді қамтиды:

      1) тежегішті басқару:

      жұмыс тежегіш жүйесінің тиімділігі;

      тұрақ тежегіш жүйесі жұмысының тиімділігі;

      бұғаттауға қарсы тежеу жүйелерінің сигнализаторларының жұмыс істеуі (егер көлік құралының конструкциясында көзделген жағдайда);

      тежегіш жүйелері элементтерінің жай-күйі және тежегіш жетегінің герметикалығы;

      2) рульдік басқару:

      руль механизмінің және оны бекіту картерінің, руль жетегінің, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуі;

      жалпы люфт;

      3) шолу:

      шолу өрісі;

      шыны күйлері;

      артқы көрініс айналарының жай-күйі және бекітілуі;

      шыны тазалағыштар;

      шыны жуғыштар;

      4) сыртқы жарық аспаптарының, шағылыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түсі, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары:

      алыс және жақын жарық фаралары;

      алдыңғы және артқы габариттік (бүйірлік) оттар, бүйірлік сигналдық фонарьлар; тежеу сигналдары;

      указателей поворота;

      алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралар;

      артқы жарық шамдары;

      артқы нөмірлік белгіні жарықтандыру шамдары;

      авариялық сигнал беру (егер көлік құралының конструкциясында көзделген жағдайда);

      оптикалық элементтер, оның ішінде түссіз немесе боялған бөлшектер мен пленкалар;

      5) дөңгелектер, шиналар және аспалар:

      Шина протекторының зақымдануы және тозуы;

      аспа элементтерінің және оларды бекітудің механикалық жай-күйі (рессорлар, амортизаторлар, аспа рычагтары, топсалы элементтер);

      дискілер мен дөңгелектер жиектерінің жай-күйі, оларды бекіту элементтерінің болуы;

      6) шассидің және шассиге (рамаға) агрегаттар мен тораптардың бекіту элементтерінің жай-күйі мен жұмыс істеуі:

      шығару құбырлары мен сөндіргіштер;

      тізбекті құрылғылар;

      еден (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);

      жүргізуші мен жолаушылардың орындықтары, желдету, жылыту жүйелері (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);

      бамперлер, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылар;

      7) Өзге де жабдықтардың жай-күйі мен жұмыс істеуі:

      балалардың ұстап тұратын құрылғылары және олар бар болған жағдайда оларды бекіту орындары, дыбыстық сигнал, спидометр;

      болуы: қауіпсіздік белдіктері,

      өрт сөндіру құралдары;

      авариялық тоқтату белгілері;

      алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишалары;

      8) газ баллон жабдығының жай-күйі мен жұмыс істеуі:

      газбаллонды Көлік құралдарын қоректендіру жүйесінің "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы "Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген" доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі;

      газбаллонды жабдық элементтерінен және олардың қосылған жерлерінде газдың кемуінің болмауы;

      орнатылған газбаллонды жабдықтың конструкциясы мен компоненттерінің тұтастығы;

      көлік құралына орнатылған әрбір газ баллонына өшірілмейтін түрде нақты түсірілген "сұйытылған мұнай газы" (СМГ) немесе "сығылған табиғи газ" (СТГ) сериялық нөмірі мен белгілерінің болуы;

      9) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:

      пайдаланылған газдар;

      отын мен пайдалану сұйықтықтарының ағуы (мотор және трансмиссиялық май, тежегіш, гидравликалық және салқындатқыш);

      10) "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" КО ТР 018/2011 Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген мамандандырылған және арнайы көлік құралдарының қосымша талаптарына сәйкестігі;

      11) раманың, шанақтың жай-күйі:

      қосымша жабдықтардың және аэрографиялық үш өлшемді суреттердің болуы;

      доңғалақ базасының, габариттері мен желілік өлшемдерінің дайындаушы кәсіпорынның конструктивтік параметрлеріне сәйкестігі;

      кабинаның, раманың, зембілдің жай-күйі.";

      мынадай мазмұндағы 32-1 тармақпен толықтырылсын:

      "7-1) газ баллон жабдығының жағдайы және жұмыс істеуі:

      газ баллонды көлік құралдарының көректендіру жүйесінің "Дөңгелек көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелек көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі;

      газ баллонды жабдығының элементтерінен және олардың қосылған жерлерінен газдың шығып кетуінің болмауы;

      орнатылған газ баллонды жабдығының конструкциясы мен құрауыштарының бүтіндігі;

      көлік құралында орнатылған әрбір газ баллонның сериялық нөмірінің және өшірілмейтіндей етіп анық жазылған "Сұйытылған мұнай газы" (СМГ) немесе "Сығылған табиғи газ" (СТГ) белгілерінің болуы;";

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Баллондарды дайындаушы белгілеген және баллонның (баллондардың) паспортында көрсетілген баллондардың куәландыру кезеңділігімен сәйкес келетін кезеңділікпен көлік құралдарындағы газ баллонды жабдық арнайы уәкілетті ұйымдарда кезеңділік сынақтардан өткізіледі. Кезеңділік сынақтардың нәтижелері бойынша арнайы уәкілетті ұйымдар көлік құралында орнатылған газ баллонды жабдықтың кезеңділік сынағынан өткізілгені туралы куәлікті ресімдейді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілері ақпаратты және міндетті техникалық байқауды өткізу нәтижелері туралы мәліметтерді қалыптастыру, сақтау және автоматты беру үшін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақталады.

      Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен ақпаратты қалыптастыру, сақтау және оны міндетті техникалық байқаудан өткізу нәтижелері туралы мәліметтерді автоматты түрде беру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Бағдарламалық-аппараттық кешен ақпарат пен мәліметтерді беру мүмкіндігі бар компьютерлік жабдықты, сондай-ақ көлік құралын тіркеу құралын қамтиды.

      Көлік құралының Тежегіш жүйесін тексеру фото фиксациясы бар роликті тежегіш стендте қамтамасыз етіледі. Фотофиксация құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралының алдыңғы осін немесе тежегіш стендінің роликтеріндегі тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы осін бір мезгілде шолу қамтамасыз етілетін жерде орналастырылады.

      Міндетті техникалық байқауды өткізу процесі көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бойынша сәйкестендіруді қамтамасыз ететін фото және бейнетіркеу құралымен тіркеледі. Бейнетіркеу құралы техникалық байқаудың барлық желілерін шолуды қамтамасыз ететін орында орналастырылады.

      Техникалық қарап тексеру операторы көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруді және фотофиксацияны тексерудің барлық рәсімінің күнделікті жазбасының бейнефайлын міндетті техникалық қарап тексеру жүргізілген кезден бастап алты ай ішінде архивтік сақтауды қамтамасыз етеді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралының иесі жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық картаның телнұсқасын беру туралы өтінішпен бұрын жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаны берген техникалық қарап тексеру операторына жүгінеді.

      Техникалық қарап тексеру операторы көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізбестен, жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық картаны беруді 15 минут ішінде жүзеге асырады.

      Жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның қолданылу мерзіміне беріледі.

      Көлік құралының меншік иесі және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі өзгерген жағдайларда баж операторы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуді жүргізеді.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "БАЖ операторы көлік саласындағы уәкілетті органды мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы хабардар етеді.";

      Көлік құралының меншік иесі және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі өзгерген жағдайда БАЖ Операторы міндетті техникалық қарап-тексеруден өтудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістерді енгізуді жүргізеді.

      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігінде:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, жасы 7 жылдан асатын, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санаттағы, N1-3, O1-4, L1-7, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталғандарды қоспағанда арнайы және мамандандырылған көлік құралдары;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады