БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 25489 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар):
мынадай редакциядағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Бақылау жүргізу барысында бұзушылықтарды анықтау осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай редакциядағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Бақылау элементтері және хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою тәсілдері осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.";
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі
№ | Бақылау тәуекелдері бейіндерінің атауы | Бақылау тәуекелдері бейіндерінің деректерін таңдау шарттары | Бақылау тәуекелдері бейіндерінің бұзушылықтары |
1. | Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. |
1. Тендер (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алулар. |
Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттамада келесі біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі: |
2. | Тендерлік (аукциондық) құжаттаманың жобасына алдын ала талқылаудың хаттамасында тиісті ескертулер бола тұра, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) және Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып тендерлік (аукциондық) құжаттаманы бекітуі. |
1. Алдын ала талқылау хаттамасы қалыптастырылған, тендер (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 69 және 190-тармақтарын бұзу. |
3. | Тендер тәсілімен сатып алуды жүргізу кезінде лоттарға бөлмеу. |
1. Тендер тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жарияланған сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 6-тармағын бұзу. |
4. | Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соқтырған шешім қабылдау. |
1. Олар бойынша қорытындылары туралы хаттама ресімделген тендер (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 123 және 234-тармақтарын бұзу. |
5. | Әлеуетті өнім берушіге квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы туралы заңнаманы бұза отырып рұқсат беру туралы шешім қабылдау. |
1. Олар бойынша қорытындылары туралы хаттама ресімделген тендер (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 123 және 234-тармақтарын бұзу. |
6. | Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе заңсыз қолдану. |
1. Олар бойынша қорытындылары туралы хаттама ресімделген тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар, бұл ретте олар өткізілген болып танылған. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 127 және 130-тармақтарын бұзу. |
7. | Алдын ала рұқсат беру хаттамасында тендерлік (аукциондық) өтінімдерді қайтарудың нақты себептерін көрсетпеу. |
1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған тендер (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 106-тармағын бұзу. |
8. | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күннен аз, сондай-ақ, тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз. |
1. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 18-тармағымен көзделген тәсілдермен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 399-тармағын бұзу. |
9. | Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу. |
1. Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 6-тармағын бұзу. |
10. | Техникалық ерекшелігі бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде тауарлық белгілер, пайдалы модельдер және басқа сипаттамаларды қамтиды |
1. Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 250-тармағын бұзу. |
11. | Сатып алу туралы шартты тікелей жасау жолымен бір көзден алу тәсілі – сатып алу тәсілін заңсыз қолдану. |
1. Тікелей жасасу арқылы сатып алу туралы шарт жобасы тапсырыс берушімен әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 287-тармағын бұзу. |
12. | Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін заңсыз таңдау. |
1. Тауарлық биржалар арқылы тәсілмен өткізілген тауарларды сатып алу. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 295 және 296-тармақтарын бұзу. |
13. | Әлеуетті өнім берушілердің өз өтінімдерін сәйкес келтіруге құқық бермейтін негіздер бойынша олардың өтінімдерін заңсыз қайтару |
1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделген тендер (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 102-тармағын бұзу. |
14. | Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттамада талқылау қорытындысы бойынша тендерлік (аукциондық) құжаттама не тендерлік (аукциондық) құжаттама өзгерген жағдайда, техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) қамтылған кезде, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. |
1. Тендерлік (аукциондық) құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы ресімделген тендер (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. |
Ұйымдастырушының,тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттамада мынадай: |
15. | Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алу жүзеге асырылған жағдайдағы заңсыз талаптар. |
1. Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен жарияланған сатып алулар. | Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алу жүзеге асырылған жағдайда біліктілік талаптарын белгілеу. |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 818 бұйрыққа қосымша Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларына 1-2–қосымша |
Бақылау элементтері және бұзушылықтарды жою тәсілдері
Бақылау бағыттары/ | Деректерді іріктеу үшін тәуекелді басқару жүйесінің өлшемшарттары | Тәуекелдердің бейіні | Бұзушылықтарды жою тәсілдері |
Бірінші бағыт |
Тендер (аукцион) тәсілімен сатып алулар. |
№ 1-бейін | 1-нұсқа. Тендерлік (аукциондық) құжаттамаға өзгерістер енгізу *. |
2-нұсқа. Егер тендерлік (аукциондық) құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттаманы бекіту туралы тиісті шешімінің күшін жою*. | |||
№ 3-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
№ 8-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
№ 11-бейін | Хабарламаға сәйкес жылдық сатып алу жоспарына өзгерістер енгізе отырып, сатып алу шартының жобасын кері қайтарып алу. | ||
№ 12-бейін | Хабарламаға сәйкес сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу *. | ||
Екінші бағыт | Тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу. |
№ 2-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. |
№ 14-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
Үшінші бағыт | Тендер (аукцион) тәсілімен сомасы 300 (үш жүз) миллион теңгеден асатын сатып алулар және (немесе) тиісті тендерге (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің шағымдары келіп түскен тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу. |
№ 4-бейін | Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру *. |
№ 5-бейін | Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру *. | ||
№ 7-бейін | 1-нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру *. | ||
2-нұсқа. Егер тендерлік (аукциондық) құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттаманы бекіту туралы тиісті шешімінің күшін жою*. | |||
№ 13-бейін | 1-нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*. | ||
2-нұсқа. Сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырыс беруші қорытындылар туралы хаттаманы ресімдеген жағдайда, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тиісті шешімінің күшін жою*. | |||
Төртінші бағыт | Сомасы 300 (үш жүз) миллион теңгеден асатын тендер (аукцион) тәсілімен сатып алулар және (немесе) "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында белгіленген мерзімде шағымдар түскен тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу. |
№ 4-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. |
№ 5-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
№ 6-бейін | Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*. | ||
Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуды бақылау | Лот сомасы 2 (екі) миллион теңгеден асатын бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алулар және (немесе) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке шағымдар келіп түскен сатып алулар. |
№ 9-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. |
№ 10-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
№ 15-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
Бір көзден алу тәсілімен сатып алуларды бақылау |
Егер мынадай шарттар (жеке-жеке): |
№ 11-бейін | Хабарламаға сәйкес жылдық сатып алу жоспарына өзгерістердің енгізілуімен сатып алулар туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу*. |
№ 12-бейін | Хабарламаға сәйкес сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*. |
Ескертпе:
* Хабарлама тапсырылғаннан кейін сатып алулар туралы шарт жасасу кезінде, бұзушылық осындай шартты бұзу (қорытындыларды жою) арқылы жойылады.