"Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 желтоқсанда № 25512 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 21173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмыс беруші мәліметтерді кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінің ЕШЕБЖ-мен интеграциясы арқылы не "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы не басқа ақпараттық ресурстар арқылы жолдайды.

      Жұмыс берушінің кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйесін интеграциялау үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес интеграциялау жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.

      "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы мәліметтерді ұсыну үшін жұмыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбасымен растап, жеке кабинетін тіркеуі қажет және жеке кабинетінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қажетті мәліметтерді толтырады, оларды электрондық цифрлық қолтаңбасымен растап, ЕШЕБЖ-ға жібереді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жұмыс беруші ЕШЕБЖ-ға мынадай:

      1) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

      2) жұмыскердің жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысқа және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шығуы туралы қосымша мәліметтерді жібереді.

      Осы Қағидалардың 3 және 6-тармақтарында көрсетілген мәліметтер жұмыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуға тиіс.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс беруші еңбек шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтерді ЕШЕБЖ-ға екі жақ еңбек шартына аталған өзгерістер мен толықтыруларға қол қойғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде енгізуге тиіс.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қателер анықталған кезде жұмыс беруші бастапқы мәліметтерді енгізген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағыңда көрсетілген мәліметтерді қате енгізген жағдайда қателерді түзетеді;

      2) жұмыскердің және (немесе) жұмыс берушінің реквизиттерін қате енгізген жағдайда мәліметтерді жояды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жұмыс беруші еңбек шартының бұзылғаны туралы ақпаратты ЕШЕБЖ-ға енгізгеннен кейін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жұмыс берушінің немесе жұмыскердің өтініші негізінде ЕШЕАБЖ-да мәліметтерді өзгерту мен толықтыруды жүзеге асырады.";

      мынадай редакцияда 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Еңбек кодексінің 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек шартының қолданылу мерзімі ұзартылған кезде жұмыс беруші еңбек шартының қолданылу мерзімі ұзартылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты ЕШЕБЖ-ға енгізеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. 17. Жұмыс беруші осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген, ЕШЕБЖ-да қамтылған үміткерлер мен жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес интеграция болған жағдайда олардың алдын ала келісімі бойынша алады.

      Үміткер және жұмыскерлер алдын ала келісімін жұмыс берушінің кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы береді.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. 19. ЕШЕБЖ-да қамтылған мәліметтер жұмыс берушіге еңбек жөніндегі уәкілетті орган электрондық құжат нысанында мәліметтер ұсыну туралы сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес ұсынылады.

      20. 20. ЕШЕБЖ-да сұратылған мәліметтер болмаған немесе Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес мәліметтер ұсынуға тыйым салынған жағдайда еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес ЕШЕБЖ-да сұратылған мәліметтердің жоқтығы туралы хабарламаны немесе оған сот тәртібінде шағымдануға болатын сұратылған мәліметтерді ұсынудан бас тарту туралы негізделген шешімді электрондық немесе қағаз түрінде жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады