Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 560 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 желтоқсанда № 25550 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 84-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 25 қарашадағы
№ 560 бұйрығымен
бекітілген

Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларын бекіту туралы

      1. Осы Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) 84-тармағына сәйкес әзірленді және ротациялау жоспарын (бұдан әрі – Ротациялау жоспары) және ротациялау жоспарына енгізілмейтін азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілердің тізімін (бұдан әрі – Әскери қызметшілердің тізімі) жасау тәртібін айқындайды.

      2. Жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ), ТЖМ төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - ТЖД), азаматтық қорғау әскери бөлімінің (бұдан әрі – әскери бөлім) кадр қызметтері (бұдан әрі – АҚО кадр қызметтері) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Ротациялау жоспарын жасайды.

      Ротациялау жоспары Әскери қызмет өткеру қағидаларының 83-тармағында айқындалған жағдайлар қалыптасқан әскери қызметшілерге қатысты жасалады.

      Ротациялау жоспарымен бір уақытта осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ротациялау жоспарына енгізілмейтін азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілердің тізімі жасалады.

      Әскери қызметшілердің тізіміне Әскери қызмет өткеру қағидаларының 84-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында айқындалған әскери қызметшілер және Әскери қызмет өткеру қағидаларының 45-тармағы негізінде әскери қызмет мүддесінде лауазымында екінші мерзімге қалдырылған әскери қызметшілер енгізіледі.

      Ротациялау жоспарына және Әскери қызметшілердің тізіміне АҚО кадр қызметі бастықтары қол қояды.

      3. Жыл сайын желтоқсан айының 10-на дейін қол қойылған Ротациялау жоспарлары мен Әскери қызметшілердің тізімдері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген уәкілетті лауазымды тұлғаға бекіту үшін енгізіледі.

      4. Ротациялау жоспары және Әскери қызметшілердің тізімі жыл сайын желтоқсан айының 20-на дейін Әскери қызмет өткеру қағидаларының 14-тармағына сәйкес бекітілетін әскери қызметшілермен келісімшарт жасасу, оларды әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, олардан босату, шығару, сондай-ақ оларға әскери атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесімен айқындалатын уәкілетті лауазымды тұлғамен бекітіледі.

      5. Ротациялау жоспарына немесе Әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістер енгізу талап етілетін жағдайлар туындаған кезде өзгерістер енгізу туралы шешімді оларды бекіткен лауазымды адам қабылдайды.

      6. Ротациялау жоспарына немесе Әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістер енгізу талап етілетін жағдайларына:

      1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабына сәйкес әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару;

      2) Заңның 22-бабы 3-тармағында көзделген жағдайлардың туындауы жатады.

      7. Ротациялау жоспарына немесе Әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістер:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда – әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) осы қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10589 болып тіркелген) Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 13-қосымшадағы нысанға сәйкес Мүгедектік туралы анықтама, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 309-бабына сәйкес шығарылған адамның біреудің асырауында болу фактісін анықтау туралы соттың шешімін АҚО кадр қызметіне тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізіледі.

  Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына
енгізілмейтін азаматтық қорғау
органдары әскери
қызметшілердің тізімін
жасау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің (бұдан әрі -
ТЖМ), ТЖМ төтенше жағдайлар
департаментінің (бұдан әрі -
ТЖД), азаматтық қорғау әскери
бөлімінің (бұдан әрі – әскери
бөлім) уәкілетті лауазымды
тұлғасы, қолы, күні

Ротациялау жоспары

Әскери атағы

Аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы, қай уақыттан бастап лауазымда

Қай уақыттан бастап әскери қызметте, келісімшарттың аяқталу мерзімі

Ротациялауға негіз

Жоспарланатын лауазымы

1







      ТЖМ, ТЖД, әскери бөлімнің кадр қызметі бастығы

      қолы, күні

  Ротациялау жоспарын және
ротациялау жоспарына
енгізілмейтін азаматтық қорғау
органдары әскери
қызметшілердің тізімін
жасау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің (бұдан әрі -
ТЖМ), ТЖМ төтенше жағдайлар
департаментінің (бұдан әрі -
ТЖД), азаматтық қорғау әскери
бөлімінің (бұдан әрі – әскери
бөлім) уәкілетті лауазымды
тұлғасы, қолы, күні

Ротациялау жоспарына енгізілмейтін азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілердің тізімі

Әскери атағы

Аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы, қай уақыттан бастап лауазымда

Қай уақыттан бастап әскери қызметте, келісімшарттың аяқталу мерзімі

Ротациялау жоспарына қоспау негізі

Ротациялауға бар жағдайлар

1







      ТЖМ, ТЖД, әскери бөлімнің кадр қызметі бастығы

      қолы, күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады