"Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 217 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 26 қарашадағы № 369 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда № 25634 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Біліктілік сипаттамаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының жалпы ережелерінде (бұдан әрі – Біліктілік анықтамалық) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12631 болып тіркелген) бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану қағидаларында көрсетілген.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Басшылар лауазымдары";

      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Лауазымдық міндеттері:

      енгізілетін, қызмет көрсетілетін, жөнделетін және салыстырып тексерілетін өлшеу құралдары мен жабдықтың пайдаланылуын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі халықаралық ұйымдардың қағидалары мен рәсімдерін зерттейді және жүйелейді;

      өндірісті техникалық қайта жарақтандыру, оны өлшеу, бақылау құралдарымен, өлшеу құралдарына салыстырып тексеру мен калибрлеу жүргізуге арналған шама бірлігінің эталондарымен жабдықтау жоспарларын әзірлеуге басшылық жасайды;

      салыстырып тексеру/калибрлеу зертханасы жүргізетін өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді және калибрлеуді жүргізуді ұйымдастырады;

      өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес шама бірліктерінің эталондарын, өлшеу құралдарын калибрлеу, сынақ жабдықтарын аттестаттау мерзімділігін келіседі;

      өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді/калибрлеуді жүргізу құқығына аккредиттеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама талаптарына сәйкес өлшеу құралдарының жай-күйі мен қолданылуына, шама бірліктерінің эталондарына метрологиялық бақылауды ұйымдастырады;

      техникалық тапсырмаларды, конструкторлық, технологиялық құжаттаманы, стандарттардың жобаларын және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды метрологиялық сараптау жұмыстарын басқарады;

      кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің есебін ұйымдастырады, басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеуге, енгізуге, пайдалануға және жетілдіруге қатысады;

      метрологиялық қамтамасыз ету бөлігінде шығарылатын өнімнің сапасына наразылықтарды талдауға қатысады;

      метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады, метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны жетілдіру, метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың анықтамалық-ақпараттық қорын құру және жүргізу жұмыстарына қатысады;

      өндіріс пен сатуды метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді, метрологиялық қамтамасыз ету жай-күйіне талдаудың жүргізілуін басқарады;

      өлшеу құралдары мен әдістерін әзірлеуді және енгізуді, өлшеу құралдарына сынақ жүргізуді, метрологиялық қызмет көрсету үшін қажетті шама бірліктерінің эталондарын, стандартты үлгілерді, қондырғылар мен құрылғыларды жасауды басқарады.";

      15-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Техникалық реттеу туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;";

      21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      24-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      27-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;";

      30-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      33-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      36-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      39-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      45-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      48-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      51-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      54-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      57-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Білім туралы", "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;";

      60-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      63-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      72-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      78-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      81-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексін, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мамандардың лауазымдары";

      87-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      90-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      93-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      96-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;";

      102-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      105-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      108-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      114-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Газ және газбен жабдықтау туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;";

      117-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      123-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      129-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      132-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;";

      141-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      144-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;";

      150-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      153-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      156-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      159-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын";

      26-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-параграф. Метрология жөніндегі инженер";

      161 және 162-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "161. Лауазымдық міндеттері:

      технологиялық процестердің дәлдігін талдау кезінде шамаларды күрделі өлшеуді орындайды және кәсіпорын бөлімшелерінің араларында метрология мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешеді;

      өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді және калибрлеуді сақталуын қамтамасыз етеді;

      персоналдың технологиялық құжаттамасын уақтылы жүргізуін қамтамасыз етеді;

      бекітілген тексеруаралық және калибрлеуаралық интервалдарды ескере отырып, салыстырып тексеру және калибрлеу графиктерін жасайды, қажет болған жағдайда оларды түзету бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      метрологиялық қағидалар мен нормалардың бұзылуы туралы хаттамалар жасайды;

      кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізеді;

      шамаларды өлшеу құралдарын таңдауға, өлшеу құралдарына деген қажеттілікті анықтауға және жаңа өлшеу техникасын енгізу жоспарларын, өлшеуді орындау әдістемелерін, қажетті өлшеу құралдарын әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды, олардың экономикалық негіздемелерін әзірлеуге қатысады;

      өлшеуді орындау әдістемелерін аттестаттауға, техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптауға қатысады;

      персоналдың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды сақтауын қамтамасыз етеді;

      кәсіпорынның технологиялық процестерінде орындалатын шамаларды өлшеу қателіктерін бағалайды;

      кәсіпорын бөлімшелерінде өлшеу құралдарының жай-күйіне және қолданылуына, аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      шама бірліктері эталондарын, стандартты үлгілерді өлшеу, сақтау және тиісті жай-күйде ұстау құралдарымен жинақтау жөніндегі шараларды қабылдайды.

      162. Мыналарды:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі жөніндегі өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттарды, салыстырып тексеру және калибрлеу қызметіне, метрологиялық бақылауға қатысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ережелерді;

      сапа жөніндегі әдістемелік ұсынымды, салыстырып тексеру/калибрлеу зертханасының жұмысын регламенттейтін бұйрықтар мен нұсқаулықтарды;

      калибрленетін аспаптар пайдаланылатын өлшеуді орындау, бақылау, сынау әдістемелерін, аспаптарды пайдалану шарттарын;

      аспаптарды калибрлеу үшін пайдаланылатын эталондар мен қондырғыларды орнатуды және оларды пайдалану қағидаларын;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.";

      165-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      168-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      171-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      186-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      189-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      192-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      195-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      198-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      201-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      204-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      207-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      213-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      216-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      219-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      222-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      225-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      228-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Басқа да қызметшілер (техникалық орындаушылар) лауазымдары";

      234-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. М. Журебеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады