Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/3 "Степногорск қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 7С-7/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 қазанда № 24595 болып тіркелді

      Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8137 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы";

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары жаңа редакцияда осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы Х.Кабар

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 7C-7/5 шешіміне
1-қосымша
  Степногорск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 6С-58/3 шешіміне
1-қосымша

Степногорск қаласынд бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Степногорск қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Горняк" Орталық мәденниет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, 2 шағын аудан, 1 ғимарат.

      2. "Ауғаныстан-жауынгерлеріне" момументінің жанында орналасқан алаң, 3 шағын аудан.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Республика даңғылы, Тәуелсіздік даңғылының қиылысынан Парковая көшесінің қиылысына дейін.

      4. "Ақмола облысы Білім басқармасы Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Ақсу кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Ақсу кенті, Амантай Қабылденов көшесі, 3 А ғимарат.

      5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақсу кенті, Амантай Қабылденов көшесі, Рахымжан Қошқарбаев көшесінің қиылысынан Достық көшесінің қиылысына дейін.

      6. "Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Рауан" мәдениет үйі"" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң, Бестөбе кенті, Бейбітшілік көшесі, 492 үй.

      7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бестөбе кенті, Бейбітшілік көшесі, Әбу Шахман Халфе көшесінің қиылысынан Мәдениет көшесінің қиылысына дейін.

      8. Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Заводской кенті, Бейбітшілік көшесі, 11 А үй.

      9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Заводской кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, Сарыарқа көшесінің қиылысынан Қаныш Сәтпаев көшесінің қиылысына дейін.

      10. Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Шаңтөбе кенті "Горняк" мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң, Шаңтөбе кенті, 1 шағын аудан, 23 үй.

      11. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шаңтөбе кенті, 30 лет Победы көшесі, Спортивная көшесінің қиылысынан Филатова көшесінің қиылысына дейін.

      12. Республика көшесі бойынша 31 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Изобильный ауылы.

      13. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Изобильный ауылы, Қазақстан көшесі, Республика көшесінің қиылысынан Төле би көшесінің қиылысына дейін.

      14. "Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Карабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесі, 24 ғимарат.

      15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесі, Ақан сері көшесінің қиылысынан Құлагер көшесінің қиылысына дейін.

      16. "Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 14 құрылыс.

      17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қырық құдық ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, Қаныш Сәтпаев көшесінің қиылысынан Бөгенбай батыр көшесінің қиылысына дейін.

      18. "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Бөгенбай ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Бөгенбай ауылдық округі, Бөгенбай ауылы, Мектеп көшесі, 1 ғимарат.

      19. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бөгенбай ауылдық округі, Бөгенбай ауылы, Бейбітшілік көшесі, Жеңіс көшесінің қиылысынан Желтоқсан көшесінің қиылысына дейін.

 
  Степногорск қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 7С-7/5 шешіміне
2-қосымша
  Степногорск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 6С-58/3 шешіміне
2-қосымша

Степногорск қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Степногорск қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Степногорск қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы:

      1) Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Горняк" Орталық мәденниет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, 2 шағын аудан, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 50 адам;

      2) "Ауғаныстан-жауынгерлеріне" момументінің жанында орналасқан алаң, 3 шағын аудан, шекті толу нормасы 100 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Республика даңғылы, Тәуелсіздік даңғылының қиылысынан Парковая көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      4) "Ақмола облысы білім басқармасы Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Ақсу кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Ақсу кенті, Амантай Қабылденов көшесі, 3 А ғимарат, шекті толу нормасы 50 адам;

      5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақсу кенті, Амантай Қабылденов көшесі, Рахымжан Қошқарбаев көшесінің қиылысынан Достық көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      6) "Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Рауан" мәдениет сарайы"" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң, Бестөбе кенті, Бейбітшілік көшесі, 492 үй, шекті толу нормасы 50 адам;

      7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бестөбе кенті, Бейбітшілік көшесі, Әбу Шахман Халфе көшесінің қиылысынан Мәдениет көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      8) Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Заводской кенті, Бейбітшілік көшесі, 11 А үй, шекті толу нормасы 50 адам;

      9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Заводской кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, Сарыарқа көшесінің қиылысынан Қаныш Сәтпаев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      10) Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы "Шаңтөбе кенті "Горняк" мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң, Шаңтөбе кенті, 1 шағын аудан, 23 үй, шекті толу нормасы 30 адам;

      11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шаңтөбе кенті, 30 лет Победы көшесі, Спортивная көшесінің қиылысынан Филатова көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      12) Республика көшесі, 31 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Изобильный ауылы, шекті толу нормасы 20 адам;

      13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Изобильный ауылы, Қазақстан көшесі, Республика көшесінің қиылысынан Толе би көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 20 адам;

      14) "Қарабұлақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесі, 24 ғимарат, шекті толу нормасы 20 адам;

      15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесі, Ақан сері көшесінің қиылысынан Құлагер көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 20 адам;

      16) "Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 14 құрылыс, шекті толу нормасы 20 адам;

      17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қырық құдық ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, Қаныш Сәтпаев көшесінің қиылысынан Бөгенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 20 адам;

      18) "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Бөгенбай ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Бөгенбай ауылдық округі, Бөгенбай ауылы, Мектеп көшесі, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 20 адам;

      19) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бөгенбай ауылдық округі, Бөгенбай ауылы, Бейбітшілік көшесі, Жеңіс көшесінің қиылысынан Желтоқсан көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 20 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Степногорск қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

 
  Степногорск қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 7С-7/5 шешіміне
3-қосымша
  Степногорск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 6С-58/3 шешіміне
3-қосымша

Степногорск қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Степногорск қаласы аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады