"Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 7ВС-3-1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 ақпанда № 8361 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.12.2023 № 8С-17-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6958 тіркелген, 2019 жылғы 03 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 9 Мамыр - Жеңіс күні;

      3) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      4) 1 қазан - Қарттар күні;

      5) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі";

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарына;

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;

      зейнеткерлік жасқа дейінгі 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедек балаларға;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      қатерлі ісіктермен ауыратындарға;

      туберкулезбен ауыратындарға;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға;

      ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға);

      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратындарға;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратын балаларға;

      аз қамтылған және халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан студенттерге және мүгедектігі бар ауылдық жерде тұратын, колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге;

      жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын ауылдық жерде тұратын жетім-балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге;

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";

      10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      2) Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      3) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарына;

      4) Қарттар күніне:

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;

      5) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:

      зейнеткерлік жасқа дейінгі 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедек балаларға.";

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сауықтыру үшін мемлекеттік сатып алуды өткізу жолымен сатып алынатын жолдамалар өтініш берілген күнге сәйкес кезектілік тәртібімен;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), немесе оның мүлкіне, жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтініш білдірген кезде, отбасының бір мүшесіне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне зиянды өтеу;

      3) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісіктермен ауыратындарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулезбен ауыратындарға емделуге, ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш берусіз;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға босату туралы анықтама ұсыну бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматарға (отбасыларға), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      шұғыл емделуге (ота жасауға);

      кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;

      облыстың жергілікті атқарушы органы келісім бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратындарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратын балаларға ай сайын ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде;

      8) аз қамтылған және халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан студенттерге және мүгедектігі бар ауылдық жерде тұратын, колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын, студенттерге, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;

      9) жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын ауылдық жерде тұратын жетім-балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;

      10) мүгедектігі жоқ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған ардагерлерін жерлеуге әлеуметтік көмектің шекті мөлшері жақын туыстарының өтініші бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш;

      Коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек ауыл және ауылдық округтер әкімдері ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ай сайын 100 пайыз мөлшерінде;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа адамдарға, ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";

      3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі";

      16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      4 және 5-тараулардың тақырыптары жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер;

      5-тарау. Қорытынды ереже".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы К.Кусаинов
      Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы Д.Пшембаева
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады