Жақсы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № а-2/52 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 наурызда № 8402 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жақсы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Жақсы ауданы әкімі Б.Малгаждаров


  Жақсы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы "19" наурыздағы
№ а-2/52 қаулысына
қосымша

Жақсы ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Жақсы ауданы әкімдігінің "Жақсы ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № а-4/173 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6676 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Жақсы ауданы әкімдігінің "Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № а-4/173 "Жақсы ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 25 маусымдағы № а-3/135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7254 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Жақсы ауданы әкімдігінің "Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № а-4/173 "Жақсы ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 6 сәуірдегі а-2/80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7789 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады