Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5816 тіркелген);
2) "Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 180 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 14 қазандағы № 326 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6422 тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Тансыкбаев |