Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі Аққұм елді мекенінің көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 8203 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аққұм елді мекені халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 қорытындысы негізінде, Жабасақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жабасақ ауылдық округінің Аққұм елді мекеніндегі "Темірбек Жүргенов" көшесі "Кенесары хан" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Әйтеке би ауданының Жабасақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жабасақ ауылдық
округінің әкімі
А. Акмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады