Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1 "Тәңірберген ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 7943 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1 "Тәңірберген ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-72 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қантардағы "Мәртөк тынысы"газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және халық пікірін ескере отырып, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      қазақ тіліндегі шешімнің 4 тармағындағы "күтізбелік" сөзі "күнтізбелік" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі шешімнің мәтіні өзгермейді.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Б. Амантурлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады