Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің Саржансай ауылының атаусыз көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 8280 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Ақтөбе облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде және халықтың пiкiрiн ескере отырып, Тәңірберген ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тәңірберген ауылдық округінің Саржансай ауылының атаусыз көшесіне, схемалық картаға сәйкес "Есет Көкіұлы" атауы берілсін.

      2. "Мәртөк ауданының Тәңірберген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тәңірберген ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
А. Нурушева

  Тәңірберген ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешіміне қосымша

Тәңірберген ауылдық округінің, Саржансай ауылының атаусыз көшесіне "Есет Көкіұлы" атауын беру туралы схемалық карта



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады