Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі Жанатан ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25807 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Жанатан ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі Жанатан ауылының "Шаруа" көшесі - "Жерұйық" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жайсаң ауылдық
округінің әкімі
Б. Коптлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады