"Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 371 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ ауданды әкімдігінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 212 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 12 қазанда № 24707 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 371 "Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5312 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. С. Досалбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкім Г. Сарыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады