Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2021 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 243 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 166 болып тіркелді. Мерзiмi өткендiктен қолданыс тоқтатылды

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 117-бабының 1-тармағына және "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2021 жылға арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
"16" сәуірдегі 2021 жылғы
№ 243 қаулысына қосымша

Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2021 жылға арналған шекті мәндері

№ п/п

Тауарлар атауы

Бірінші тоқсан

Екінші тоқсан

Үшінші тоқсан

Төртінші тоқсан

1.

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), кг

324 тг

341 тг

368 тг

329 тг

2.

Бірінші сортты бидай ұны, кг

184 тг

177 тг

180 тг

189 тг

3.

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), кг

391 тг

431 тг

430 тг

484 тг

4.

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), кг

156 тг

149 тг

153 тг

150 тг

5.

Рожки (өлшеніп салынатын)

313 тг

297 тг

298 тг

302 тг

6.

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), кг

2003 тг

2082 тг

2123 тг

2055 тг

7.

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), кг

879 тг

861 тг

890 тг

912 тг

8.

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, л

234 тг

238 тг

238 тг

249 тг

9.

Айран, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, л

263 тг

253 тг

254 тг

259 тг

10.

Сүзбе: майлылығы 5-9 %, кг

2154 тг

2061 тг

2071 тг

2090 тг

11.

Тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 дана

322 тг

306 тг

338 тг

344 тг

12.

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), кг

2460 тг

2352 тг

2414 тг

2441 тг

13.

Күнбағыс майы, л

514 тг

517 тг

529 тг

541 тг

14.

Ақ қауданды қырыққабат, кг

101 тг

65 тг

103 тг

84 тг

15.

Басты пияз, кг

88 тг

106 тг

59 тг

78 тг

16.

Асханалық сәбіз, кг

130 тг

161 тг

108 тг

109 тг

17.

Картоп, кг

146 тг

148 тг

106 тг

136 тг

18.

Ақ қант - құмшекер, кг

253 тг

244 тг

234 тг

243 тг

19.

Ас тұзы ("Экстра" - дан басқа), кг

55 тг

58 тг

56 тг

57 тг


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады