"Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 311 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26349 болып тіркелді

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4665 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен реттік нөмірі 664, 673, 674, 692, 693, 694, 697, 698, 699, 701, 702, 703, 705 жолдары алынып тасталсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады