Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 27/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 6318 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 32/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 19.05.2023 № 32/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 18/03 "Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5765 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Қаулы "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 22 сәуірдегі
№ 25/02
қаулысына қосымша

Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 22.04.2022 № 25/02 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Өнім бірлігіне субсидия нормативі, теңге/килограмм

1

2

3

Сүт

Сары май

29,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады