Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 32/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 мамырда № 6415-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №27/01 "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6318 болып тіркелген), 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 25/02 "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 27/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27813 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2023 жылғы 19
мамырдағы
№ 32/01
қаулысына қосымша

Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Өнім бірлігіне субсидия нормативі теңге/литр, теңге/килограмм

1

2

3

Сүт

Сары май

37


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады