"Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 27/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 25/02 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27813 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 32/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 19.05.2023 № 32/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 27/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6318 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 22 сәуірдегі
№ 25/02
қаулысына қосымша

Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Өнім бірлігіне субсидия нормативі, теңге/килограмм

1

2

3

Сүт

Сары май

29,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады