Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, "Қарағанды облысы Теміртау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №243 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының 902 гектар жерін Теміртау қаласының шекарасына (шегіне) қосу жолымен Қарағанды облысы Теміртау қаласы мен Бұқар Жырау ауданының шекаралары (шектері) өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Сессия төрағасы | К. Оспанова |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 41/01 мен Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 маусымдағы № 68 қосымша |
Қарағанды облысы Теміртау қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Бұқар жырау ауданының жер бөліктерінің экспликациясы
Р/с № | Ауданның атауы | Теміртау қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жердің ауданы (гектар) | оның ішінде: | ||
ауыл шаруашылығы алқаптары | елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлері | ||||
егістік | жайылым | ||||
1 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Теміртау қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің жалпы ауданы, Бұқар Жырау ауданы жерлерінің бөлігі, оның ішінде: | 902 | - | 743 | 159 |
Самарқанд ауылдық округі | 37 | - | 23 | 14 | |
Қызылқайың ауылдық округі | 865 | - | 720 | 145 |