"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 ақпандағы № 2/16 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 ақпанда № 6200 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 8/71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Балқаш қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (12115) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (1188) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, 2014 жылдың 31 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Балқаш қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

      1-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      Қағиданың 2 тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      Қағиданың 5-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      Қағиданың 9-тармағы алып тасталсын;

      2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі";

      Қағиданың 10 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) 1-2 қаңтар – Жаңа Жыл мерекесіне:

      мүгедек балаларға;

      жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;";

      Қағиданың 10 тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні мерекесіне:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;";

      Қағиданың 10 тармағының 5) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "5) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлеріне;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына);";

      Қағиданың 11 тармағының 6) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6) адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса, оның ішінде балаларда;";

      3-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі";

      Қағиданың 17-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "17. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.";

      Қағиданың 18-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      4-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер";

      5-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "5-тарау. Қорытынды ереже";

      Қағиданың 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Власова
      Қалалық мәслихат хатшысы К. Тейлянов

  Балқаш қалалық мәслихатының
2021 жылғы 10 ақпандағы
№ 2/16
шешіміне қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидаларына
2-қосымша

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20___ жылғы "____" ______________

      _________________________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________ ________________________________________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай__________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)__________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):__________________________________________________________________________

       _________________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

Орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6

























      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)_______________________________________

      __________________________________________________________________________

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):_______________________

      __________________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _______________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:__________________________________________________________________________

       _________________________________________________________________________

       10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:________________________

       ________________________________________________________________________

       Комиссия төрағасы:

      _____________________ ___________________________

       Комиссия мүшелері:

      ___________________ __________________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым:_______________________________________________ ________________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

       _________________________________________________________________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартқан____________________________________________ ________________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

       _________________________________________________________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады