Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 30.06.2022 № 25/249 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы 14 сессиясының № 14/148 "Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4214 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісінде 2017 жылы 25 сәуірде, 2017 жылғы 22 сәуірдегі № 15 (4169) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 2 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Панасиди |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Сакенов |
Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 4/49 шешіміне қосымша |
|
Абай аудандық маслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы 14 сессиясының № 14/148 шешіміне 2 қосымша |
Абай ауданының Топар кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | 1 м3 үшін тариф (қосылған құн салығынсыз), теңге | |||
Жинау және әкетуге | Көму | Кәдеге жаратуға | Барлығы | |
Заңды тұлғалар | 1443,87 | 377,01 | 0,00 | 1 820,88 |
Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға) | 228,61 | 59,7 | 0,00 | 288,31 |
Жайлы емес тұрғын үй (1 тұрғынға) | 264,71 | 69,12 | 0,00 | 333,83 |