Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы 14 сессиясының № 14/148 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 4214 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 25/249 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 30.06.2022 № 25/249 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің 1, 2 қосымшасына сәйкес Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін. 

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Мұсағалиев
      Абай аудандық
мәслихат хатшысы
Б. Цай

  Абай аудандық мәслихатының
14 сессиясының
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 14/148 шешіміне
1 қосымша

Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Тариф, теңге 1 м3үшін (қосылған құнға салығымен)

Бір айға құны (теңге)

Жабдықталған тұрғын үй (1 тұрғынға)

1224,49

200,00

Жабдықталмаған тұрғын үй (1 тұрғынға)

1224,49

258,16

Заң тұлғалар

1224,49


  Абай аудандық маслихатының
2017 жылғы 16 наурыздағы
14 сессиясының
№ 14/148 шешіміне
2 қосымша

Абай ауданының Топар кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 18.03.2021 № 4/49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Атауы

1 м3 үшін тариф (қосылған құн салығынсыз), теңге

Жинау және әкетуге

Көму

Кәдеге жаратуға

Барлығы

Заңды тұлғалар

1443,87

377,01

0,00

1 820,88

Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға)

228,61

59,7

0,00

288,31

Жайлы емес тұрғын үй (1 тұрғынға)

264,71

69,12

0,00

333,83


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады