Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 25/249 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шілдеде № 28717 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Абай аудандық мәслихатының келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2017 жылғы 16 наурыздағы № 14/148 "Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4214 болып тіркелген);

      2) 2021 жылғы 18 наурыздағы № 4/49 "Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы 14 сессиясының № 14/148 "Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6264 болып тіркелген).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Д. Сакенов

  Абай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 маусымдағы
25/249 шішіміне
қосымша

Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 01.12.2022 № 31/293 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

388,46

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

501,43

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

2378,33


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады