Қарқаралы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 93 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 наурызда № 6222 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 346 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 22.11.2022 № 346 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар анықталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Э. Дюсетаев

  Қарқаралы ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 24
ақпандағы
№ 93
қосымша

Қарқаралы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

№ п/п

Елді мекеннің атауы

Орналасқан жері

1

Қарқаралы қаласы

Т. Әубәкіров қөшесі 27, "Қарқаралы" қонақ үйі ғимаратының алдындағы алаң

2

Қарқаралы қаласы

Т. Әубәкіров қөшесі 23, аудандық әкімшілік ғимаратының алдындағы алаң

3

Қарқаралы қаласы

Орталық саябақтың аумағы және Ермеков көшесінің бойындағы аллея

4

Егіндібұлақ ауылы

Мади қөшесі 9, Казпочта ғимаратының алдындағы алаң

5

Қарағайлы кенті

20 орам 4 үй, әкімшілік ғимаратының алдындағы алаң

6

Қарағайлы кенті

18 орам, "Салтанат" дүкені ғимаратының алдындағы алаң

7

Ынталы ауылы

Бейбітшілік көшесі 13, мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

8

Талды ауылы

Жамалиден көшесі 12, мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

9

Көктас ауылы

Абая көшесі 37, Салттық үй ғимаратының алдындағы алаң

10

Татан ауылы

Орталык көшесі 10, "Алтын дән" дүкені ғимаратының алдындағы алаң

11

Өсібай ауылы

Ж.Елебеков көшесі 6/2 Клуб ғимаратының алдындағы автотұрақ

12

Бастал ауылы

Кітапхана ғимаратының алдындағы алаң

13

Жарлы ауылы

Машани көшесі 33 дүкен ғимаратының алдындағы алаң

14

Ақшокы ауылы

Ақшоқы ауылының 9 үйдің алдындағы алаң

15

Жекежал ауылы

Жекежал ауылының 1 үйдің алдындағы алаң

16

Ақтасты ауылы

Казыбек Би көшесі 19, "Айнур" дүкені ғимаратының алдындағы алаң

17

Бүркүтті ауылы

Тын көшесі 7, автобекет ғимаратының алдындағы алаң

18

Аппаз ауылы

А. Азиева көшесі 9/1, "Аппаз" шаруа қожалығы орналасқан ғимаратының алдындағы алаң

19

Томар ауылы

Достык көшесі 9, отбасылық дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдындағы алаң


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады