Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1.1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
Ескерту. Қаулы 1.1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 26 ақпандағы | |
№ 48 қаулысына | |
1-қосымша |
2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидиялар көлемі | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Қой шаруашылығы | |||||
1 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 4 000 | 2000 | 8 000,0 |
2 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: қойлардың тауарлық аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 2500 | 2500 | 6250,0 |
3 | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | бас | 15 000 | 401 | 6015,0 |
4 | Импортталған асыл тұқымды аналық қойларды сатып алу | бас | 30 000 | 50 | 1500,0 |
5 | Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды сатып алу | бас | 150 000 | 2 | 286,6 |
Барлығы: 22 051,6 | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
6 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас | 15 000 | 100 | 1500,0 |
7 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас | 10 000 | 200 | 2000,0 |
8 | Етті және етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | бас | 150 000 | 1 | 150,0 |
Барлығы: | 3 650,0 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
9 | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 4 | 400,0 |
Барлығы: 400,0 | |||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
10 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | килограмм | 50 | 232 288 | 11 614,4 |
Барлығы: 11 614,4 | |||||
Жергілікті бюджеттен қаражат есебінен: | |||||
11 | Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | ||||
11.1 | Ірі қара малдың аналық басы | бас | 15 000 | 500 | 7 500,0 |
11.2. | Ұсақ қара малдың аналық басы | бас | 2 500 | 20 800 | 52 000,0 |
11.3 | Жылқылардың аналық басы | бас | 10 000 | 2325 | 23 250,0 |
11.4 | Түйелердің аналық басы | бас | 10 000 | 2400 | 24 000,0 |
12 | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 150 000 | 8250,0 |
Барлығы: | 115 000,0 | ||||
Жиынтығы: | 152 716,0 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 26 ақпандағы | |
№ 48 қаулысына | |
2 –қосымша |
Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидиялар нормативтері,теңге | Өлшемшарттары | Өтінім беру мерзімі |
1 | Ірі қара малдың аналық басы | бас | 15 000 |
1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан қашарлар мен сиырлардың) меншікті аналық басының 25 бастан кем емес болуы; | ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) |
2 | Ұсақ қара малдың аналық басы | бас | 2 500 |
1) өтінімді берген сәтте меншікті қой дың/ешкінің аналық басының (12 айдан асқан) 150 бастан кем емес болуы; | |
3 | Жылқылардың аналық басы | бас |
|
1) өтінім берген сәтте меншікті аналық басының (36 айдан асқан) 25 бастан кем емес болуы; | |
4 | Түйелердің аналық басы | бас |
|
1) өтінім берген сәтте меншікті аналық басының (36 айдан асқан) 25 бастан кем емес болуы; |