Маңғыстау облысы әкімдігінің "2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2021 жылғы 26 ақпандағы № 48 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 289 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 желтоқсанда № 25742 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2021 жылғы 26 ақпандағы № 48 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4462 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулы мынадай мазмұндағы 1.1.-тармақпен толықтырылсын:

      "1.1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1– қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімдігі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімдігі
  2021 жылғы 9 желтоқсандағы
  № 289 қаулысына
  1 –қосымша


  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 26 ақпандағы
  № 48 қаулысына
  1-қосымша

2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидиялар көлемі

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Қой шаруашылығы

1

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/ шағылыстыру маусымы

4 000

2000

8 000,0

2

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: қойлардың тауарлық аналық басы

бас/ шағылыстыру маусымы

2500

2500

6250,0

3

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

бас

15 000

401

6015,0

4

Импортталған асыл тұқымды аналық қойларды сатып алу

бас

30 000

50

1500,0

5

Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды сатып алу

бас

150 000

2

286,6

Барлығы: 22 051,6

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

6

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

бас

15 000

100

1500,0

7

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

10 000

200

2000,0

8

Етті және етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

бас

150 000

1

150,0

Барлығы:




3 650,0

Жылқы шаруашылығы

9

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

бас

100 000

4

400,0

Барлығы: 400,0

Етті құс шаруашылығы

10

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

килограмм

50

232 288

11 614,4

Барлығы: 11 614,4

Жергілікті бюджеттен қаражат есебінен:

11

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

11.1

Ірі қара малдың аналық басы

бас

15 000

500

7 500,0

11.2.

Ұсақ қара малдың аналық басы

бас

2 500

20 800

52 000,0

11.3

Жылқылардың аналық басы

бас

10 000

2325

23 250,0

11.4

Түйелердің аналық басы

бас

10 000

2400

24 000,0

12

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

150 000

8250,0

Барлығы:

115 000,0

Жиынтығы:

152 716,0

  Маңғыстау облысының әкімдігі
  2021 жылғы 9 желтоқсандағы
  № 289 қаулысына
  2- қосымша


  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 26 ақпандағы
  № 48 қаулысына
  2 –қосымша

Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері,теңге

Өлшемшарттары

Өтінім беру мерзімі

1

Ірі қара малдың аналық басы

бас

15 000

1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан қашарлар мен сиырлардың) меншікті аналық басының 25 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда)

2

Ұсақ қара малдың аналық басы

бас

2 500

1) өтінімді берген сәтте меншікті қой дың/ешкінің аналық басының (12 айдан асқан) 150 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

3

Жылқылардың аналық басы

бас

 
10 000

1) өтінім берген сәтте меншікті аналық басының (36 айдан асқан) 25 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

4

Түйелердің аналық басы

бас

 
10 000

1) өтінім берген сәтте меншікті аналық басының (36 айдан асқан) 25 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады