Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес және Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі Комиссияның 2021 жылғы 16 наурыздағы ұсынымының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 дана" әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы 90 (тоқсан) күнтізбелік күн мерзімге 453 теңге мөлшерінде бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж.Тоқбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т.Орынбасаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |