Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/50 "Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 44/486 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 4436 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 05-10-1721 ұсынысының негізінде, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/50 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3193 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесінде:

      1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы";

      9 тармақта:

      екінші, үшінші бөліктер жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары орналастырылады.";

      3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі".

      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады