Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/50 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қарашада № 3193 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Қоса беріліп отырған Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Далжанов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
2016 жылғы 21 қазандағы №5/50
шешімімен бекітілген

Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 44/486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

      Ескерту. 2- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 44/486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.

      Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтала алмайды:

      1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;

      2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;

      4) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған әкімшілік жазалары бар тұлғалар.

      Ескерту. 4 - тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

      Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің, бөлімдер басшыларының наградтау бетшесіне аудан әкімі қол қояды.

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының наградтау парағы мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмысының бөліміне жолданады. Одан кейін алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.

      Ескерту. 6- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 12.07.2023 № 4/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Егер ұсынылған кандидаттар немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда бұл ұсыныс аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.

      Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Маңғыстау аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Құрмет грамотасымен қайта наградтау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.

      Ескерту. 8 - тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      Ескерту. 2- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 44/486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Құрмет грамотасы бетінде Елтаңба белгісі салынған және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті балакрон папка түрінде болады. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

      Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында наградталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналастырылады.

      Ескерту. 9 - тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді- 12.07.2023 № 4/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

3-тарау. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі

      Ескерту. 3- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 44/486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен наградталушының еңбек кітапшасы мен жеке ісіне енгізіледі.

      Ескерту. 10 - тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Наградтау туралы мәліметтер Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының наградтау мәселесімен айналысатын маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.

      Ескерту. 11 - тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен, аудандық мәслихаттың төрағасымен наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.

      Ескерту. 12 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 12.07.2023 № 4/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады