Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 9/56 "Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 шілдедегі № 5/37 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 тамызда № 4588-12 болып тіркелді

      Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №9/56 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №25893 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері бекітілсін.";

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      орыс тіліндегі қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      1- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1 - тарау. Жалпы ережелер";

      орыс тіліндегі 2 тармақ жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      2 - тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2 - тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады