Мәслихаттың 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 25 тамыздағы № 87 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24151 болып тіркелді

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 23595 болып тiркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1-қосымша мынадай мазмұндағы 18 және 19-тармақтарымен толықтырылсын:

      "18. "Нусинерсен" препараты, интратекальды енгізуге арналған ерітінді, жұлын бұлшықет атрофиясымен ауыратын азаматтарға (балаларға).

      19. "Этеплирсен" препараты, инфузияға арналған ерітінді, Дюшен/Беккер үдемелі бұлшықет дистрофиясымен ауыратын азаматтарға.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады