Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылы әкімінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23071 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылы әкімінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылы әкімінің 23.09.2021 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инсекторының 2021 жылғы 2 мамырдағы № 01-23/275 ұсынысы негізінде Первомай ауылы әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдың құтырық ауруының пайда болуына байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылында "Ауле Би 1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Первомай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Первомай ауылының әкімі Н. Косанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады