Шектеу іс-шараларын тоқтату және Первомай ауылы әкімінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылы әкімінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қыркүйекте № 24575 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 17 тамыздағы № 01-23/433 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдардың сарып ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылында "Ауле Би 1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Первомай ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 17 маусымдағы № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23071 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Первомай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Первомай ауылының әкімі Н. Косанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады